Есеп № 3.
20 жастағы әйелде, әсіресе таңертеңгі уақытта («ауыз толтырып») көп мөлшерде іріңді қақырықпен жүретін жөтелге шағымданады. Дене қалпын өзгерткенде жөтелі күшейеді. Дене қызуы субфебрильді. Балалық шағынан ауырады, жыл сайын күз және көктем мезгілінде өршулер болады. Өкпеде ашық өкпелік перкуторлық дыбыс, аускультативті- көптеген құрғақ ызыңды және қосарланған әр түрлі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Қанда лейкоциттер 14 . 109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ.
11. Ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдардың кездесуінің себебін көрсет?
А. пневмония
В.+ бронхоэктаз ауруы
С.созылмалы бронхит
D. экссудативті плеврит
Е. өкпе абсцессі
12. Жөтел кезінде науқаста тыныс алу ағзаларында қандай бұзылыс дамиды?
A. плевра қуысында қысымның төмендеуі
B. +плевра сезімтал соңдарының тежелуі
C. өкпелік альвеолаларда қысымның жоғарлауы
D. тыныс бұлшық еттерінің парезі
E. кезбе нерв соңдарының тежелуі
13. Өкпеннің макроскопиясы кезінде сұр –жасыл жабысқақ экссудаттқа толы көптеген кеңейген бронх саңылаулары, айқын перибронхиальді склероз, өкпеннің ошақты эмфиземасы анықталған. Қандай ауру жайында айтылған?
А.өкпеннің көптеген абсцесстері
В. бронхоэктаздар
С. бронхоэктазды ауру
D. жеделірінді бронхит
Е. өкпе эмфиземасы
14. Бронхоэктазды дәл анықтауға мүмкіндік беретін визуалді диагностика әдісі қандай?
А. +рентгенография
В. полипозиционды рентгеноскопия
С. сызықты томография
D. бронхография
E. магнитті-резонансты томография
15. Бронхоэктаздарды емдеген кезде цефалоспориндерді қандай дәрілік топтармен біріктіруге болмайды?
кардиотоксикалық
нейротоксикалық
+нефротоксикалық
ототоксикалық
гепатотоксикалық
Есеп № 4.
58 жастағы ер кісі физикалық күштемеден кейінгі және қобалжудан кейін пайда болатын төс артындағы ауырсынуға,оның тыныштанғанда 5-7 минуттан кейін басылуына шағымданады. 3 жылдан бері ауырады. Тексергенде: пульсі 72/мин, АҚ 140/90 мм с. б., жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс.
16. Берілген клиникалық мәліметтер қандай синдромды ойлауға мүмкіндік береді?
А.+созылмалы коронарлы жеткіліксіздік
В. созылмалы солқарыншалық жеткіліксіздік
С. миокардиальды жеткіліксіздік
D. созылмалы оңқарыншалық жеткіліксіздік
Е. митральды жеткіліксіздік
17. Науқастағы коронарлық жеткіліксіздіктің мүмкін болатын даму себебі қандай?
А. гипокоагуляция
В. вазодиллятация
С. тромбоз
D.+ гипотензия
Е. гиперволемия
18. Атеросклероздың липоидты кезеңі кезіндегі тәждік артериялардың құрылымдық өзгерістерің көрсетіңіз?
дәнекер тінде капсуласымен қоршалған липидты инфильтрат
фибриноидты некроз және перифокальді лейкоцитарлы инфильтрация
атеросклероздық түймешенің беткейіндегі тромбоз және ойық жара
+интиманың мукоидты ісінуі, интимаға липидтердің шөгуі, ксантомды жасушалардың пайдаболуы
фибриноидты некроз және лимфоцитарлы жауап , склероз фокустары
19. Тәждік артерияларды контрастпен зерттеген кезде зондты қайда енгізеді?
A. сан көктамырына
B. иық көктамырына
C. +сан артериясына
D. құрсақ бағанына
E. бұғанаастылық көктамырға
20. Осы науқастағы ауруын емдеу тактикасы қандай?
нитроглицерин – аспирин
+изосорбид– аспирин
кальций антагонисті – аспирин
метопролол – аспирин
атенолол– метопролол
