9НҰСҚА
Есеп№ 1.
42 жастағы ер адамда дене қызуының 40оС жоғарлауы, қалтырау, шырышты қан аралас қақырықпен жүретін жөтел, дем алғандағы және жөтелгендегі кеуде клеткасының ауырсынуына,оң жақ беті ұшында қызару, еріндерінде ұшықтық бөртпелер байқалады. Беткейлік тыныс, оның жиілігі 28/мин. Оң жақ өкпенің төменгі бөігінде перкуторлы тұйықталған дыбыс, аускультативті бронхиальды тыныс естіледі.
1. Физикальды көрсеткіштер қандай синдромды негіздейді?
А. плевральды аймақта ауаның жиналуы
В. плевральды аймақта ауа және сұйықтықтың жиналуы
С. плевральды аймақта сұйықтықтың жиналуы
D. өкпеге ауа толу
Е. +өкпе тінінің тығыздалуы
2. Науқастағы ентігудің дамуында қандай патогентикалық фактор басты орын алады?
А. ұйқы қуысының барорецепторларының қозуы
В. қолқаның хеморецепторларының тежелуі
С. + джи-рецепторлардың қозуы
D. тыныстық бұлшық еттерінің рефлекстерінің күшеюі
Е. Геринг-Брейер рефлексінің тежелуі
3. Өкпе тіннің макроскопиясы кезінде төменгі бөлігі тығыз, ақшыл-сұр түсті, ауыр, плеврада фибрина шөгінді анықталған. Патологиялық үдерісті анықта:
катарлы-ірінді бронхопневмония
крупты пневмония, сұр бауырлану кезені
карнификацияланған пневмония
аралық пневмония
+крупты пневмония, қызыл бауырлану кезені
4. Қараю фонында ауаланған бронхтар көрінісі қандай патология үшін тән (Флейшнера – Прозорова сызықтары)?
А. ошақты пневмония
В. +крупозды пневмония үшін
С. экссудативті плеврит
D. ателектаз
E. гидропневмоторакс
5. Осы жағдайды емдеуде қандай антибактериальды препарат ең тиімді?
гентамицина сульфат
сульфадимезин
+имипенем
бензилпеницилин натрий тұзы
левомицетин
Есеп № 2.
54 жастағы әйел шырышты қақырақпен жүретін жөтелге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады.10 жыл көлемінде ауырады. Өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, өкпенің төменгі шекараларының қозғалғыштығының шектелуі анықталады. Кеуде клеткасын рентгенологиялық тексеруде қабырғаның артқы бөліктері көлденең орналасқан, қабырға аралық аймақтар кеңейген, диафрагма жалпайған, қозғалғыштығы шектелген, өкпе кеңістігінің мөлдірлігі жоғарлаған, өкпе суреті нашарланған.
6. Физикальды көрсеткіштер қандай синдромды негіздейді?
А. плевральды аймақта ауаның жиналуы
В. плевральды аймақта ауа және сұйықтықтың жиналуы
С. плевральды аймақта сұйықтықтың жиналуы
D. +өкпеге ауа толу
Е. өкпе тінінің тығыздалуы
7. Науқаста дамыған тыныс алу жеткіліксіздігінің механизмі қандай?
А. альвеолалық гипервентиляция
В. газдардың перфузиясының күшеюі
С. +газдардың диффузиясының төмендеуі
Д. газдардың диффузиясының күшеюі
Е. вентиляциялық–перфузиялық қатынастардың күшеюі
8. Өкпе тінінің микроскопиясыкезінде өкпе боз, қампайған, өзінің шетімен көкірек арасын жапқан, өкпенің жиектерінде ауаға толған ірі қуыстар анықталған. Патологиялық үдерісті анықта
өкпеннің милиарлы туберкулезі
өкпеннің қоңыр индурациясы
пневмоторакс
+өкпе эмфиземасы
өкпеннің сусінділенуі
9. Өкпе эмфиземасы кезінде көкет қозғалысы қалай өзгереді?
А. бірсәтте төмендейді
В. өзгермейді
С. жоғарылайды
D. бірсәтте жоғарылайды
E. сәл ғана өзгереді
10. Осы синдромды симптоматикалық емдеуге қандай топтағы препараттар негізгі болып табылады?
антибактериальды заттар
+бронхолитикалық заттар
антигистаминды заттар
қабынуға қарсы заттар
жергілікті жансыздандырғыш заттар
