Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

Есеп №1 5

18 жастағы М. деген науқас тамақ қабылдаған соң 2-3 сағат өткенде эпигастрия аймағының ауырсынатынына, қыжылдау сезімі мазалайтынына шағымданады. ФГДС кезінде асқазанның шырышты қабатының пилорустық бөлімінде эрозиялық қабыну және бактериологиялық зерттеу кезінде Helicobacterium анықталған.

71. Helicobacter pylori қандай әдіспен анықталады?

А. интрагастральды рH-метрияда

В. қанның жалпы талдауында

С. уропепсиногенді анықтауда

D. 13С-дем алу сынамасында

Е. асқазан сөлінің фракционды зерттеуінде

72. Науқастағы Helicobacter pylori-дің көрінісінің даму маңыздылығы қандай?

  1. Е2 простагландиндер синтезінің төмендеуімен

  2. +гастральдық Т лимфоциттердің белсенуімен

  3. пепсиноген-1 секрециясының артуымен

  4. асқазан сөлінің секрециясы мен қышқылдығының төмендеуімен

  5. бикарбонаттар секрециясының жоғарлауымен

73. Асқазанның шырышты қабықшасының эрозияларын макроскопиялық сипаттайтын нышандарды анықтаңыз:

  1. бірен-саран, дөңгелек, төмеше тәрізді, тығыз фиброзды капсуламен қапталған

  2. аздаған, бұрыс дөңгелек пішінді, жиегі жұмсақ, түбінен салбыраңқы

  3. бірен-саран, дөнгелек, ірі көлемді, жиегітығыз, дөнес тәрізді түбінен салбыраңқы

  4. бірен-саран, саңылаулы, ұзындығы 5-6 см дейін, жиегі жұмсақ, түбінен салбыраңқы

  5. +бірен-саран, дөңгелек, жиегі жайпақ; түбі тегіс әрі қара-қоңыр түсті

74. Асқазанды зерттеу үшін ереже бойынша қандай контрасты зат қолданылады?

A. гадовист

B. биллигност

C.+ барий қойыртпағы

D. пропилйодон

E. магневист

75. Қандай антибиотик, бактерияның 50 – S суббірлігін тежейді, транслокация үдерісін ингибирлейді және осы ауруда Helicobactor pylori эрадикациясына арналған біріктірілген терапия құрамына кіреді ?

  1. Гентамицин

  1. Амоксициллин

  1. Тетрациклин

  2. Полимиксин

  3. +Кларитромицин

Есеп № 16

35 жастағы еркек, бойы 180 см, салмағы 70 кг. Астың тамақтан өтуінің қиындауына, кеудесінің жанға жайсыз ашып ауырсынуына және ол ауырсыну сезімінің енкейген кезде, жатқан кезде, тамақ қабылдағаннан кейін күшейіп кететініне, мойынға, арқа берілетініне, сода қабылдаған соң ғана тынышталатынына, қабылдаған аспен кекіретініне шағымданады.

76. Өнеште тамақ қиын өткенде қалай аталады?

А. булемия

В. дисхолия

С. диспепсия

D. +дисфагия

Е. ахалазия

77. Науқастың төс астындағы жанға жайсыз ашып ауырсынудың басты механизмі қандай?

  1. гастродуоденалдық сфинктер жеткіліксіздігі

  2. асқазан сөлінің гипосекрециясы

  3. асқазан перистальтикасының күшеюі

  4. +өнеш сфинктерінің жеткіліксіздігі

  5. астың асқазаннан тез ішектерге эвакуациялануы

78. Біраз ұақыт дамыған өңешті-асқазанды рефлюкске тән типтік асқынуын көрсетіңіз:

  1. перфорация

  2. жалпақжасушалы рак

  3. +Барретт өңеші

  4. дивертикулит

  5. медиастинит

79. Рентгенологиялық тексеру кезінде қалыпта өңештің шырышты рельефінің қанша қатпарын көруге болады?

A. 1-2 қатпар

B.+ 3-4 қатпар

C. 5-6 қатпар

D. 8-9 қатпар

E. 12 қатпардан асады

80. Д2 рецепторларды селективті тежейтін қандай зат дуоденалді клиренсті жақсартады, асқазан құрамының эвакуациясын жеңілдетеді және осы жағдайда тағайындалуы мүмкін?

  1. Метоклопрамид

  1. Мозаприд

  1. +Домперидон

  2. Цизаприд

  3. Итаприд

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]