Есеп № 9.
Әйел адам 27 жаста басының қатты ауырсынуына, бас айналуына, көзінің көруінің төмендеуіне, жиі мұрыннан қан кетуге шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Пульсі 68/мин, ритмі дұрыс, күшті. 6 күн бақылау ішінде АҚ екі жағынан, оң қолы 280/140 мм.сн бағ., сол қол 230/100 мм сн.бғ шамалы ауытқу байқалған. Жүректің сол жақ шекарасы алдыңғы қолтық сызығына сай, қолқа үстінде ІІ үннің акценті анықталады. Кіндіктен жоғары сол жақтан қатаң систолалық шу естіледі.
41. Қандай белгі науқаста симптоматикалық мінезді гипертензия туралы куәләндіруі мүмкін?
А.+ екі қолдағы қан қысымының асимметриясы
В. диастолалық қысымның жоғары болуы
С. пульстік қысымның жоғарылауы
D. систолалық қысымның жоғары болуы
Е. қан қысымының тұрақты болуы
42. Бұл жағдайда гипертензияның басты патогенетикалық факторы қандай?
А. +ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі
В. симпатоадреналды жүйенің тежелуі
С. бүйректің депресорлық жүйесінің белсенділігі
D. бүйректе витамин D метаболизімінің бұзылысы
E. қан тұтқырлығының жоғарлауы
43. Ұзақ уақытты артериальды гипертензия дамыған кезінде бүйректе қандай патологиялық процесс қалыптасады?
нефролитиаз
+нефросклероз
созылмалы пиелонефрит
фибропластикалық гломерулонефрит
липоидты нефроз
44. Бүйрек ангиографиясы кезінде қандай контрасты зат қолданылады?
А. ультравист
В.+ гадолиний
С. эховист
D. BaSO4
Е. йодолипол
45. Ренин – ангиотензин жүйесіне әсер ететін қандай антигипертензивті препарат келесі жағдайда тағайындала алады?
амлодипин
исрадипин
+каптоприл
нифедипин
резерпин
Задача № 10.
Науқас М., 15 жаста, ауруханаға басының ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуға, құсуға, көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып түсті.Қатты суық тигеннен соң бетінің ісінуі және аяқтарының ісінуі, басының қатты ауру, дене температурасының 38оС. көтерілген. Тексерген кезде қозымдылығы жоғары. Қабақтарының және тері астының ісінулері байқалады.Өкпесінде сырылдар жоқ. Пульсі 60 соққы минутына, ритмі дұрыс. АҚ 180/110 мм.сн.бағ. Тондары анық дауысты. Зәр аз мөлшерде бөлінеді, 200 мл/тәулігіне.
46. Жедел гломерулонефриттің асқынысы тәуліктік зәрдің төмендеуімен немесе зәрдің мүлде жүрмеуіиен көрініс береді?
А. +жедел бүйрек жеткіліксіздігі
В. эклампсия
С. жүрек жеткіліксіздігі
D. азотемия
Е. бауырлық жеткіліксізді
47. Науқастағы ісінулердің дамуының басты патогендік факторы қандай?
қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы
тамыр мембранасының өткізгіштігінің төмендеуі
тіндердің гидрофильділігінің төмендеуі
лимфа ағымының күшеюі
+бүйрек шумақтарында ультрафильтрацияның төмендеуі
48. Бүйрек өзекшелерінің негізгі бөлімінін сыдырылуы және некрозы, интерстициінің сусінділенуі қандай патологиялық үдеріске тән?
нефросклероз
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
жедел гломерулонефрит
+жедел бүйрек жетіспеушілігі
нефробластомалар
49. Бүйрек паренхимасының патологиясын анықтауда төмендеберілген сәулелік диагностика әдістерінің ішінен қайсысы көбіне ақпаратты болып табылады және сәулелік жүктемесі болмайды?
А. магнитті-резонансты томография
В. экскреторлы урография
С. компьютерлі томография
D. ретроградты пиелография
Е. +сцинтиграфия
50. Дофаминді рецепторларды қоздыратын қандай кардиотоникалық зат бүйректік қанайналымды жақсартады және келесі жағдайда шумақтық сүзілуді жоғарылатады?
амринон
+допамин
добутамин
эпинефрин
орципреналин
