Есеп № 7.
52 жасар ер адам бірнеше ай бойы баспалдақпен 1-ші қабатқа көтерілген кезде, орташа қарқынмен жүрген кезде 100 м кейін дамитын төс астының қысып ауырсынуына шағымданады.
31. Науқастағы стенокардияны қандай функциональдық класқа жатқызуға болады?
А. ФК І
В. ФК ІІ
С.+ ФК ІІІ
Д. ФК ІV
Е. Функциональдық класты анықтау мүмкін емес
32. Науқаста төс астының ауырсынуын қандай биологиялық белсенді заттардың әсері туындатады?
гастриннің
мотиллиннің
вазопрессиннің
альдостеронның
+брадикининнің
33. Бұл науқаста қандай миокардтың құрылымдық өзгерістері анықталады?
+миокардтың дистрофиясы, ұсақошақты кардиосклероз
миокардтың инфарктысы, диапедездік қанқұйылу
қабырғалы тромбоз, эндокардтың ошақты фиброз
миокардтың атрофиясы, іріошақты кардиосклероз
ірінді миокардит, интерстициальді сусінділенуі
34. 1-ші қиғаш бағытта жүрек-тамыр көлеңкесінің алдыңғы контурынан қалыпты жағдайда қандай доғалары шығады?
A. оң жақ жүрекше, сол жақ жүрекше
B. оң жақ қарынша, сол жақ қарынша
C. оң жақ жүрекше, сол жақ қарынша
D.+қолқа, өкпелік артерия бағананы, сол жақ қарынша
E. сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша
35. 100% биожетістікке ие, стенокардияның ұстамасын алдын алу үшін пероральды қолданылады, нитраттардың белсенді метаболиті ол қандай препарат?
нитроглицерин
изосорбида динитрат
+изосорбида мононитрат
нитропруссид
амилметрит
Есеп № 8.
45 жастағы әйел кісі, кезеңді дене қызуының 38,5-39,10С дейін жоғарылауына қалтыраумен қоса, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсыну төмен тартып және шап аралығына беріледі және зәр бөлінуінің жиілеуіне шағымданады. 5 жылдан бері ауырады. Пастернацкии симптомы оң. Қанда гемоглобин – 110 г\л, мочевина -11,7 ммоль\л, креатинин – 0,311 ммоль\л.Зәрде белок 0,99 г/тәулігіне, эритроциттер 0,9*106/л,лейкоциттер 15,00* 106\л, бактериялар 250*106/л, тығыздығы 1,011-1,017.Рентгенологиялық зерттеуде бүйрек табақшаларының деформациясы анықталады.
36. СБЖ тән негізгі белгіні көрсетіңіз?
А. атериальді гипертензия
В. гиперкалиемия
С.+ креатинин деңгейінің жоғарылауы
D. олигоурия
Е. анемия
37. Науқастағы гиперазотемияның механизімі қандай?
А.+ бүйрек шумақтарындағы ультрафильтрацияның төмендеуі
В. бүйрек шумақтарындағы ультрафильтрацияның жоғарлауы
С. түтікшелік реабсорбцияның жоғарлауы
D. бүйрек қанағысының жоғарлауы
Е. бүйрек түтікшелеріндегі секрецияның күшеюі
38. Бүйректің макроскопиялық зерттеу кезінде көлемі кішірейгені, беткейі тегіс еместігі, терең тыртықты тартылуы және қоймалжын жасыл-сары массаларға толған көптеген ұсақ қалын қабырғалы қуыстар анықталған. Сипатталған өзгерістер қандай ауруға тән?
жеделдеу пролиферациялы гломерулонефрит
калькулезді гидронефроз
+созылмалы апостематозды пиелонефрит
нефробластомалар
бүйректің каверналы туберкулез
39. Сау адамның бүйрегі қай деңгейде орналасады?
А. 8-10-шы кеуде омыртқасында
В. 1-5- ші бел омыртқасында
С. 4-5-ші бел омыртқасында
D. + 12- ші кеуде және 2-ші бел омыртқаларында
Е. 2-4-ші бел омыртқаларында
40. Құрамында нитротобы бар қандай препарат бүйрек арқылы шығарылады, зәрді ашық сары түске бояйды және тек қана зәр шығару жүйесінің инфекцияларында қолданылады?
+фуродонин
фуроциллин
фуросемид
фурозолидон
фталазол
