Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

Есеп № 5.

60 жасар ер адам нитроглицеринмен басылмайтын, өлім қорқыныш сезімімен үйлескен, төс артының қатты ауырсынуынан оянып кетті. Тексергенде: тері жамылғысы бозарған, салқын термен жабылған. Өкпесінде тынысы везикулярлы, қосымша тыныс шулары естілмейді. Жүрек тондары әлсіреген, дұрыс ырғақты, ЖСЖ – минутына 100 рет., АҚ – 100/80 мм.с.б.б. ЭКГ – да ST сегментінің I, AVL, V1–V4 тіркемелерінде доға тәрізді көтерілуі байқалады.

21. Науқастағы жүрек зақымдалуының синдромын атаңыз?

  1. Созылмалы тәждік жетіспеушілігі

  2. +Жедел тәждік жетіспеушілігі

  3. Жедел тамырлық жетіспеушілігі

  4. Созылмалы тамыр жетіспеушілігі

  5. Миокардиальды жетіспеушілігі

22. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің дамуы негізінде қандай механизм жатыр?

А. зорығулық

В.+ метаболизмдік

С. коронарлық жеткіліксіздік

D. аутоиммундық

Е. қабынулық

23. Науқастың коронарлы артерияларында қандай микроскопиялық өзгерістер байқалады?

  1. тамыр қабырғасыынң бұлшықетті–эластикалық элементтерінің гипертрофияясы

  2. +обтурациялы тромб қалыптасуымен фиброзды түймешенің атероматозы

  3. тамыр қабырғасының гиалинозы және жыртылуы

  4. тамыр қабырғасының фибриноидты некроз және гофрирленген базальді мембранасы

  5. субэндотелиальді аймақтын ксантомды инфильтрациясы

24. Тәждік жеткіліксіздікте артерияның тарылу сатысы мен орнын анықтауға мүмкіндік беретін қандай сәулелік әдіс көбіне ақпараты диагностикалық тәсіл болып табылады?

A. рентгеноскопия

B. рентгенография

C. +коронарография

D. ангиопульмонография

E. позитронды-эмиссионды томография

25. Тіл астына енгізгенде нитроглицериннің әсер ету ұзақтығы қандай?

  1. 3 – 5 минут

  2. +10 – 30 минут

  3. 6 – 8 часов

  4. 1,5 – 2 часа

  5. 12 – 24 часа

Есеп № 6.

Миокард инфарктысы бар науқаста 2-ші апта соңына қарай дене қызуының 37,4 градусқа дейін көтерілуі байқалды, кеуде қуысының оң жағында ауырсынулар пайда болды. Тыныс алуы везикулярлы, плевра үйкеліс шуы естіледі. Жүрек тондары әлсіреген дыбысты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – минутына 84 рет, перикард үйкеліс шуылы. Қан анализынде – ЭТЖ 21 мм/сағатқа дейін көтеріген. СРА (СРБ) ++.

26. Миокард инфарктісінің асқынуын таңдаңыз?

  1. кардиогенді шок

  2. өкпе ісінуі

  3. +Дресслер синдромы

  4. өкпелік артерияның тромбоэмболиясы

  5. жүрек демікпесі

27. Науқаста дене температурасының жоғарлауының механизмі қандай?

  1. жылу реттеу орталығының тежелуі

  2. жылу бөлудің күшеюі

  3. жылу өндірудің тежелуі

  4. жиырылмайтын термогенездің тежелуі

  5. +эндогенді пироген өндірілуі

28. Микроскопиялық зерттеу кезінде жүрек тінінің сусіңділенуі, толыққандылық , лейкоцитарлы инфильтрация және эпикардтағы фибрин жіпшелері байқалған. Жоғарыда айтылған бейне қандай патологиялық үрдіске тән?

  1. іріңді миокардит

  2. миокард инфарктысы, некрозды кезеңі

  3. рестриктивті кардиомиопатия

  4. +фибринді перикардит

  5. постинфарктылық ардиосклероз

29. Қалыпты жағдайда көкірек қуысы мүшелерінің тікелей рентгенограммасында қолқа доғасынан бастап төс-бұғана қосылысына дейін арақашықтық қанша?

A. 2-3 см

B. 3-4 см

C. 4-5 см

D. +1,5-2 см

E. 3,5-5 см

30. Плазминогенді белсендіруші және генды инженерия арқылы адамның тіндерінен алынатын қандай препарат?

  1. +альтеплаза

  2. урокиназа

  3. стрептокиназа

  4. аминокапрновая кислота

  5. транексамовая кислота

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]