Есеп № 3.
3 жас 3 айдағы нәресте емханаға бронхопневмониямен түсті. Созылмалы отитпен ауырады, соның нәтижесінде пенициллинді бірнеше рет қабылдаған. Объективті: нәрестеде айқын экссудативті диатез. Өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталған тимпанит дыбысы өкпелік тыныспе ауысып отырады, қатаң везикулярлы тыныс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Қанда лейкоциттер 19,2 . 109/л, ЭТЖ- 31 мм/сағ. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – оң жақтан 0,5 тен 1,0 см көлеңке анықталады, олардың өкпелік сурет фонында кей жерлерде өзара бірігіп кетуі байқалады, түбірі инфильтрацияланған.
11. Бұл жағдай қандай синдромды негіздейді?
A.+ өкпе тінінің қабыну синдромы.
B. өкпеге ауа толу синдромы.
C. плевральды аймақта ауаның жиналуы
D. өкпенің төмен түсуі
E. плевральды аймақта сұйықтықтың жиналуы
12. Науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуына қандай патогендік фактор ықпал етеді?
А. альвеолалық гипервентиляция
В. газдардың диффузиясының бұзылуы
С. газдардың перфузиясының күшеюі
Д. газдардың перфузиясының төмендеуі
Е. +альвеолалық гиповентиляция
13. Ошақты пневмонияның микроскопиялық белгілерін көрсетіңіз:
ацинустар керілген, альвеолааралық жолдар кеңіген, қан арнасы азайған
+перибронхылық альвеоларға нейтрофилдер, эритроциттер, макрофагтар араласқан ұйымалы экссудат жиналады
бронхы қабырғасында склероз, саңылауы кеңіп, ішіне ірің жиналған
интерстицийде жасушалар шоғырланған диффузды пневмофиброз
қабынып сулы ісінген бөлікте фибрин мен нейтрофилдер көп
14. Берілген рентгенологиялық көрініс қандай ауруға сәйкес?
А. пневмогидротораксқа
В. +оңжақты ошақты пневмонияға
С. гидротораксқа
D. өкпенің полкистозына
Е. өкпенің дистелектазына
15. Осы патологияны емдеуге грамм «-» бактерияларға әсер ететін қандай бета-лактамды антибиотикті тағайындау қажет?
+цефуроксим
бензилпенициллин натрий тұзы
оксациллин
гентамицин
линкомицин
Есеп № 4.
Науқас М. 52 жаста, тыныштық жағдайдағы ентігуге, жүрек соғуына шағымданып ауруханаға жатқызылды. Тексергенде: жағдайы ауыр: ортопноэ, акроцианоз, балтырының ортаңғы 1/3 дейін ісіну; ТАЖ минутына 30 рет. Өкпесінде перкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті дауыссыз сырылдар естіледі, тұйық дыбыс аймағында тыныс естілмейді. Жыпылықты аритмия, ЖСЖ – минутына 108 рет, PS – минутына 96 рет. АҚҚ – 140/90 мм.с.б.б. Гепатомегалия. Асцит.
16. (NYHA) бойынша созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің функциональдық класын анықтаңыз?
А. ФК І
В. ФК ІІ
С. ФКІІІ
Д.+ ФК ІV
Е. Жүрек жеткіліксіздігі жоқ
17. Науқастың аяқтарының ісінуіне қандай патогендік фактор ықпал етеді?
А. қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы
В. тіндік қысымның жоғарлауы
С. тіннің гидрофильділігінің төмендеуі
D. лимфа ағымының күшеюі
Е.+ қанның гидростатикалық қысымының жоғарлауы
18. Жедел жалпы веналық толыққандылықтың негізінде қандай патологиялық үрдістер жатады?
плазморрагия, гиалиноз
+атрофия, склероз
гипертрофия, метаплазия
қанназдық, инфаркт
плазморрагия, сусінділенуі, дистрофия
19. Кіші қанайналым шеңберіндегі тоқыраулық көріністер мен жүрек өлшемдерінің үлкеюін бірмезгілде анықтауға қандай сәулелік диагностика әдісі мүмкіндік береді?
A. магнитті-резонансты томография
B. +рентгенография
C. ЭХО-КС
D. ангиопульмонография
E. позитронды-эмиссионды томография
20. Генле ілмегінің өрмелі жағында калиді, натриді-ко-транспортерды тежеуші, қандай препарат?
+фуросемид
дихлотиазид
манит
нитроглицекрин
каптоприл
