Нұсқа 5
Есеп № 1.
57 жасар ер адам бір жыл ішінде 15 кг салмақ жоғалтты. Жағдайының күрт нашарлауын соңғы 2 ай ішінде байқады. 25 жылдан астам уақыт темекі шегеді. Беті бозарған. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде патологиялық бронхиалды тыныс, құрғақ сырылдар. Қанда: лейкоциттер 8 . 109/л, гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,4 . 1012/л, ЭТЖ 50 мм/сағ. Кеуде қуысының 2 стандартты проекциядағы рентгенограммасында оң жақтын 8 сегмент проекциясында сәулелі контурмен және өкпе түбіріне жолы бар дөңгелек көлеңке анықталған.
1. Науқаста берілген симптомокомплекс қандай ауруды негіздейді?
А. гидроторакс
В.+ өкпе ісігі
С. пневмоторакс
D. созылмалы бронхит
Е. өкпе эмфиземасы
2. Науқаста өкпе ауруларының даму механизмі қандай?
А. пробиотиктердің белсенділігі
В. майлардың асқын тотығу үрдісінің тежелуі
С. суперокисдисмутаза секрециясының күшеюі
D.+ тасымалдаушы онкогеннің беленділігі
Е. Р53 апоптоз генінің белсенділігі
3. Микропрепараттағы атипиялы эпителий жасушалары жолақтарынан түзілген ісіктік тін өкпенің тінін жайлап, кератинді ұяшықтар қалыптастырған. Өкпе рагының клиника-морфологиялық нысанын анықтаңыз:
+өкпенің шеткі жайпақ жасушалы рагы
өкпенің шеткі безді рагы
өкпенің ұсақ жасушалы орталық рагы
өкпенің орталық шырышты рагы
өкпенің толыспаған аралас рагы
4. Берілген рентгенологиялық көрініс қандай патология үшін тән?
А.+ өкпе рагы
В. өкпенің паразиттік кистасы
С. қалталанған плеврит
D. дренирленген абсцесс
Е. туберкулома
5. Осы жағдайда терапияның қандай түрін қолдану қажет?
+химиотерапия
вирусқа қарсы терапия
антибактериальды терапия
саңырауқулақтарға қарсы терапия
дезинфекционды терапия
Есеп №2.
40 жасар еркек тыныс алудың қиындауымен ентігуге, кеуде қуысының оң жақ жартысында ауырлық сезіміне шағымданады. Тексергенде: тері жабындыларының аздаған бозаруы, ернінің көгеруі, ТАЖ 28-30 минутына рет, оң жақ кеуде қуысының дем алу актісінен қалып қалуы. Оң жақтан артқы – бүйір аймақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, везикулярлы тыныстың айқын әлсіреуі анықталды. Кеуде қуысының тура рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңының IV қабырғаның алдыңғы тармағының деңгейінде жоғарғы қиғаш контурлы гомогенді интенсивті қараю анықталады.
6. Физикальды симптомдар жиынтығы қандай синдромды негіздейді?
А. плевральды аймақта ауаның жиналуы
В. плевральды аймақта ауа және сұйықтықтың жиналуы
С.+ плевральды аймақта сұйықтықтың жиналуы
D. өкпеге ауа толу
Е. өкпе тінінің тығыздалуы
7. Клиникалық көріністері бойынша тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі деп тұжырымдауға болады?
созылмалы обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі
тыныс алу жолдарының обструкциясымен қосарланған жедел тыныс алу жеткіліксіздігі
созылмалы гипокапниялық тыныс алу жеткіліксіздігі
+жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрі
аралас тыныс алу жеткіліксіздігі
8. Кеуде қуыс мүшелерінің микроскопиясы кезінде плевра қуысының оң жағында мөлдір сұйықтың жинақталуы және оң жақ өкпенің түбіріне жабысқаны байқалған. Патологиялық үрдістің анықтамасын беріңіз:
+оң жақтық ұйымалы плеврит, оң жақ өкпенің коллапсі
сол жақтық гемоторакс, оң жақ өкпенің ателектазы
оң жақтық ұйымалы плеврит, оң жақтық тотал пневмония
оң жақтық гемоторакс, оң жақ өкпенің коллапсі
оң жақтық гидроторакс, оң жақ өкпенің эмфиземасы
9. Аралық мүшелердің сау жаққа қарай ығысуымен тоталді гомогенді қараю рентгенологиялық синдромы қандай патология үшін тән?
A. жіті ошақты пневмония
B. пневмоторакс
C.+ экссудативті плеврит
D. өкпе кистасы
E. өкпе эмфиземасы
10. Осы патологияны емдеуге цефалоспориндер тобындағы қандай антибиотикті тағайындау қажет?
цефазолин
цефалоридин
цефалексин
цефуроксим
+цефпиром
