Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

Есеп 7.

Ревматологқа 14 жастағы қыз бала субфебрильды температура, жүрек тұсындағы сыздап ауырсынуға, артралгияға шағымданады. Ангинадан кейін 2 апта ішінде жағдайы нашарлады. Бақылау барысында: терісі бозғылт, ылғалды. Пульс 96/мин, ырғақты. АҚ 90/60 мм с.б.б., жүрек ұшындағы І тон әлсіз, оның соңынан аксиллярлы аймаққа өтіп, кемитін систолалық шу естіледі. Қан сараптамасында: лейкоциттер 9,6 . 109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ, С реактивті белок ++, АСЛО 300 мг/л.

31. (119). Берілген аускультациялық мәліметтер жүректегі қандай ақау туралы ойлауға мүмкіндік береді?

А.қосарланған екі жармалы қақпақшаның ақауы

В. екі жармалы қақпақшаның тарылуы

С. қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

D.+ екі жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

Е. үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

32. Қыз балада жүрек жеткіліксіздігінің қандай түрі дамыды?

А. созылмалы

В. коронарогендік

С. оң қарыншалық

D.+ метаболизмдік

Е. нейрогендік

33. Қайталамалы – сүйелді қақпақшалы эндокардиттің морфологиялық сипаттамасын көрсетіңіз:

  1. қақпақша жарғақшаларының мукоидты ісінуі

  2. қақпақша жарғақшаларының склерозы және гиалинозы

  3. қақпақша жарғақшаларының массивті субэндокардиальді қан құйылулармен сипатталатын фибриноидты некрозы

  4. +қақпақша жарғақшаларының склерозы, тромбылық шөгінділердің түзілуімен сипатталатын фибриноидты некроз

  5. тыртықтанатын макрофагты гранулема және қақпа жарғақшасының склерозы

34. Сол жақ контуры бойынша 2,3,4 доғаның үлкеюі, белінің жойылуы, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғарыға ығысуы жүректің қандай патологиясы үшін тән?

A. +митралді ақауға

B. аорталді ақауға

C. кардиосклерозға

D. өкпелік жүрекке

E. перикардитке

35. Берілген ауруды емдеу үшін қолданылатын препараттардың қайсысы өмір сапасын жоғарылатпаайды?

  1. пропранолол

  2. +дихлотиазид

  3. дигоксин

  4. каптоприл

  5. лозартан

Есеп 8.

Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 32 жастағы әйел науқас жалпы әлсіздікке, бас ауруына, бетінің, аяқ-қолдарының ісінуіне, терісінің бозаруына, анда-санда ішінің көлемінің ұлғаюына, зәрінің тәулігіне 450 мл бөлінуіне шағымданады. 14 жылдан бері ауырады,қазіргі жағдайының нашарлауы 2 апта бұрын суық тиюмен байланыстырады. Пульсі 80 мин., ритмді. АҚ 180/105 мм с.б. Лабораториялық зерттеуде: айқын протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия анықталды.

36. Науқаста кездесетін симптомдар жинағы қандай синдромға тән?

А. ОПН

В. +нефротикалық

С. жіті бүйрек жеткіліксіздігі

D. портальдық гипертензиға

Е. созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне

37. Бұл синдром кезінде ісіну дамуының негізінде қандай механизм жатыр?

А. қан сарысуының онкотикалық қысымының жоғарлауы

В. тамыр өткізгіштігінің төмендеуі

С.+ РААЖ жүйесінің белсенділігі

D. тіннің гидрофильділігінің төмендеуі

Е. лимфа ағымының төмендеуі

38. Жеделдеу ағымды гломерулонефриттің морфологиялық түрін көрсетіңіз?

А. фибропластикалық

В. экстракапиллярлы фибринді

С.+ экстракапиллярлы продуктивті

D. интракапиллярлы ұйымалы

Е. интракапиллярлы продуктивті

39. Бүйректің бүрісуі мен гипоплазиясының салыстырмалы рентгенодиагностикасында қандай симптом көбіне маңызды болып табылады?

A. бүйректің контуры мен өлшемдерінің, тостақан-түбекше жүйесінің жағдайы

B. дифференциалау белгілері жоқ

C. бүйректің қантамырлы арнасының жағдайы

D. нефрографиялық фазаның болуы

E. +бүйрек пішіні

40. Осы ауруды патогенетикалық емдеу үшін қандай препарат қолданылады?

  1. +преднизолон

  2. индометацин

  3. диклофенак-натрия

  4. аспирин

  5. нимесулид

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]