Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_kaz_patologia_3_modulya_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

НҰСҚА 6

Есеп 1.

40 жастағы ер адамда шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтел, дене қызуының 37,6оС дейін жоғарлауы, тершеңдік, жалпы әлсіздік, дем шығарудың қиындауымен жүретін ентігу анықталады. 10 жыл көлемінде ауырады. 15жыл аралығында темекі шегеді. Өкпеде ашық перкуторлық өкпелік дыбыс, шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі. Қанда: гемоглобин 148 г/л, эритроциттер 4,6 . 1012/л, лейкоциттер 9,2 . 109/л, лимфоциттер 30%.

1. Науқаста аускультацияда қандай тынысты естуімізге болады?

А. бронхиальды

В. везикулярлы

С. +қатаң везикулярлы

D. әлсіз везикулярлы

Е. саккодирленген

2. Науқаста дем шығарудың қиындауымен жүретін ентігудің негізгі механизмі қандай?

А. өкпенің керілуінің шектелуі

В. өкпенің желденуінің жоғарылауы

С.+ бронхтардың обструкциясы

D. өкпенің гипервентиляциясы

Е. газдардың диффузиясының бұзылыстары

3. Микроскопиялық көріністе өкпе тінінде жуанталшықты дәнекер тіннің өсуі салдарынан альвеолааралық перденің қалыңдауы анықталған, осындай тін ацинустың бөлігін ығыстырған. Патологиялық үрдісті анықтаңыз.

  1. өкпенің безді рагы

  2. +диффузды пневмосклероз

  3. эпителийі метаплазиялы бронхоэктаздар

  4. іріңді бронхпневмония

  5. өкненің панацинарлы эмфиземасы

4. Көкірек қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу әдістерінің қайсысы бронхтарды көруге мүмкіндік береді?

A. рентгеноскопия

B. шолу рентгенографиясы

C. томография

D.+ бронхография

E. флюорография

5. Қандай селективті М-холиноблокатор ингаляция түрінде қолданылады?

  1. орципреналин

  2. +ипратропия бромид

  3. атропина сульфат

  4. сальбутамол

  5. аминофиллин

Есеп 2.

42 жастағы ер адам дене қызуының 40оС дейін жоғарлауына, қалтырауға, қан аралас тұтқыр шырышты қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелге, терең дем алғандағы және жөтелгендегі кеуде тұсының ауырсынуына, оң жақ бетінің ұшындағы қызаруға, ерініндегі ұшықтық бөртпелерге шағымданады. Беткейлік тыныс, тыныс алу жиілігі 28/мин. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алудан қалыңқы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде бронхиальды дыбыс естіледі. Қанда эрит­ро­ци­ттер 5,2 . 1012/л, лейкоциттер 16,0 . 109/л, фибриноген 8 г/л, С-реактивний белок ++.

6. Науқастағы клиникалық симптомдардың жиынтығы қандай синдромды негіздейді?

А. плевральды аймақта ауаның жиналуы

В. плевральды аймақта сұйықтықтың жиналуы

С. плевральды аймақта ауа және сұйықтықтың жиналуы

D. өкпедегі ауа өткізгіштігінің жоғарлауы

Е.+ өкпе тінінің тығыздалуы

7. Науқаста ентігудің механизмі қандай?

А. тыныс алу орталығының тежелуі

В. бронхиолдардың тарылуы

С. +альвеолоциттердің керілуінің төмендеуі

D. диафрагмалды нервтің зақымдалуы

Е. өкпенің қабысуы

8. Патоморфологиялық зерттеу кезінде өкпе тініндегі келесі құрылымдық өзгерістер анықталған: альвеолааралық перденің айқын қанға толуы, альвеолада лейкоциттер мен көп мөлшердегі фибрин талшықтары бар экссудаттың болуы. Бронхтардың шырышты қабаты интакті. Өкпеде дамыған үрдісті атаңыз.

  1. карнифицирленген пневмония

  2. катаралы-іріңді бронхпневмония

  3. ұйымалы-геморрагиялық бронхпневмония

  4. аралық пневмония

  5. +крупты пневмония

9. Берілген клиникалық жағдайда өкпені зерттеу кезінде бірінші таңдалатын әдісті анықтаңыз.

A. КТ

B. МРТ

C. көлденең томография

D.+ рентгенография

E. рентгеноскопия

10. Пенициллиндер тобындағы антибиотиктерге резизистентті, пневмококтарға әсер ететін қандай макролидтер жатады ?

  1. эритромицин

  2. олеандомицин

  3. +азитромицин

  4. кларитромицин

  5. рокситромицин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]