Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.92 Кб
Скачать

38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұра-ныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы.

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады

Жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:

1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық.

2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық.

3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі.

Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады.

Y* – Y / Y* = γ (u – u*),

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді:

а) демографиялық факторлар;

ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі;

б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.

39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды.

Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «inflatio» – қампаю, тұнғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген.

ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

  • экономикадағы диспропорциялар;

  • әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

  • тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы;

  • ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

  • халықтың инфляциялық күтулері.

Монетарлық себептер:

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

  • ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілет-тілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игілік-терге жалпы баға деңгейі өседі;

  • ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді.

2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды.

3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді.

5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызан-дырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды.

6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражат-тарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді.