Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.92 Кб
Скачать

37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері

Экономикалық өсу кез-келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады

Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономикасын-да белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің экономикалық әлеуетінің ұлғаюын көрсетеді.

Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – бұл халықтың әл-ауқатын материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қамтама-сыз ету, шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту, орта есеппен бір адамға шаққандағы табыстың өсуін шапшаңдату, сонымен қатар, ұлттық табыстың халықтың әр топтары арасында бөлінуін жақсарту.

кономикалық өсуді өлшеудің мынадай негізгі көрсеткіштері бар:

  1. Өсу коэффициенті – бұл қарастырылып отырған ағымдық кезеңдегі өсу көрсеткішінің базистік кезеңдегі өсу көрсеткішіне қатынасы:

Yt = Yt - Yt -1 / Yt -1, немесе, ΔYt = Yt - Yt -1

  1. Өсу қарқыны – 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;

  2. Өсім қарқыны – өсу қарқыны минус 100%.

Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді:

  1. Нақты экономикалық өсу – бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макро-экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі.

  2. Әлеуетті экономикалық өсу – бұл экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі.

Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар:

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сан жағынан өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

  • жұмыс күші санының өсуі;

  • капитал көлемінің өсуі.

  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар, техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ЖІӨ мен ұлттық табыстың сапа жағынан да, сан жағынан да өсуі.

Макроэкономикада экономикалық өсудің факторларын негізгі үш топқа бөліп қарастырады:

1. Ұсыныс факторлары – адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.

2. Сұраныс факторлары – бағалар деңгейі, тұтыну шығында-ры, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі.

3. Бөлу факторлары – экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуы.