Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.92 Кб
Скачать

34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар

Тұтыну – қолда бар табысқа байланысты ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын тауарлары мен қызметтерінің жиынтық құны.

Жинақтау – ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қана-ғаттандырып болғаннан кейінгі қалған қолда бар табыстың тұтыныл-майтын бөлігі.

Ұлттық экономика шеңберінде жасалатын жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияларды талдаудың маңызы аса зор. Инвестициялар – жеке, мемлекеттік және шетелдік секторлардың пайда табу мақсатында өндіріске, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына ұзақ уақытқа салатын күрделі қаржылық жұмсалымдары.

Инвестициялардың екі түрі бар:

1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар.

2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталандырушы инвестициялар.

Кейнс бойынша тұтыну функциясы былай қалыптасады:

C = a + b (Y – T),

Жинақтау функциясы:

S = - a + (1 - b) (Y – T),

35.Мультипликатор теориясы

Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент

Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады.

Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.

36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері

Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы.

Экономикалық циклдің фазалары:

а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндір-гіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капитал-дың құнсыздануы);

ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;

б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;

в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестиция-лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Экономикалық циклдің типтері. Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:

а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;

ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын сипаттайтын өзгерістер;

б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.