- •Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
- •5. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
- •7. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік
- •8.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
- •10. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
- •11.Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
- •12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
- •13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
- •14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
- •15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
- •16. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
- •17/ Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
- •18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
- •19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •23.Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі
- •25. Еңбек нарығы және жалақы
- •26.Капитал нарығы және пайыз
- •27.Жер нарығы және рента
- •28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
- •31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
- •Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
- •32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
- •34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
- •35.Мультипликатор теориясы
- •36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
- •37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
- •38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
- •39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •40. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
Бағалар индексі – бұл осы жылдағы
(ағымдық) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен қызметтердің сондай тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас.
Осы жылғы бағалар индексі =
Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
ЖІӨ-нің бағалар индексі. ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтер-дің бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемле-кеттің сатып алатын тауарларының бағаларынан және әлемдік нарықта сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан құралады.
ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:
1. Атаулы ЖІӨ - ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
2. Нақты ЖІӨ - бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен есептеледі:
ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
Жиынтық сұраныс – экономикалық субъектілердің бір жыл ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиынтық шығындары.
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады:
Y = C + I + G + NX
Мұндағы,
Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
G – мемлекеттік шығындар;
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.
Жиынтық ұсыныс – бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті.
жиынтық ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады (сурет 11.2):
1. Қысқа мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сипатта болады.
2. Аралық мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі де, жиынтық өнім көлемі де өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
3. Ұзақ мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгереді және жиынтық өнім көлемі өзгеріссіз қалады, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады.
33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне1 тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады.
Жалпы алғанда, кейнстік үлгі қысқа мерзімге сәйкес келеді.
