- •Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
- •5. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
- •7. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік
- •8.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
- •10. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
- •11.Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
- •12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
- •13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
- •14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
- •15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
- •16. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
- •17/ Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
- •18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
- •19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •23.Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі
- •25. Еңбек нарығы және жалақы
- •26.Капитал нарығы және пайыз
- •27.Жер нарығы және рента
- •28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
- •31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
- •Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
- •32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
- •34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
- •35.Мультипликатор теориясы
- •36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
- •37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
- •38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
- •39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •40. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
26.Капитал нарығы және пайыз
Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі физикалық капитал.
Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез-келген құндылық.
Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.
Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады
Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі.
27.Жер нарығы және рента
Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.
Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді.
Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды:
Жердің құнарлылығы
Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады.
Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:
Экономикалық өсу.
Толық жұмысбастылық.
Экономикалық тиімділік.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығы.
Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік.
Сауда балансы.
Қоршаған ортаны қорғау.
Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері орын алады:
Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі.
Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі.
Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты.
Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
29.Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы
Игіліктер нарығы арқылы фирмалардан үй шаруашылықтары-на әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктер келіп түседі. Сағат тілі бойымен жүретін ресурстар мен соңғы өнімдер ағынын нақты ағындар деп атайды. Нақты ағындар ақшалай ағындармен қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан сағат тіліне қарсы жүретін бағытты ақшалай ағындар деп атайды. Фирмалардан үй шаруашылық-тарына факторлық қызметтердің төлемдері келіп түседі. Үй шаруашы-лықтары үшін – бұл олардың табыстары болып табылады. Ал фирмалар үшін – бұл олардың шығындары ретінде көрінеді. Әріқарай сағат тіліне қарсы бағыт бойынша үй шаруашылықтарынан фирмаларға соңғы тауарлар мен қызметтерді сатып алғаны үшін төлемдер келіп түседі. Үй шаруашылықтары үшін бұл ақшалай төлемдер шығындары, ал фирма-лар үшін табыстары болып табылады.
