- •Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
- •2.Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
- •4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
- •5. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
- •7. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік
- •8.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
- •10. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
- •11.Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
- •12. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
- •13/ Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
- •14. Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері
- •15/ Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым
- •16. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік
- •17/ Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
- •18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
- •19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •23.Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын барынша арттыру мәселесі
- •25. Еңбек нарығы және жалақы
- •26.Капитал нарығы және пайыз
- •27.Жер нарығы және рента
- •28.Макроэкономика (ұлттық экономика): анықтамасы, мақсаттары, құралдары, талдау ерекшеліктері
- •31. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
- •Осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
- •32.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •33.Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
- •34/ Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
- •35.Мультипликатор теориясы
- •36. Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері
- •37.Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері
- •38.Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
- •39. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
- •40. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
18. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.
Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастыры-лады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады.
Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады.
Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы – бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық жағына көңіл бөлінуі қарастырылады – бұл фирманың келісімдік теориясы.
19/Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді.
Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
• экономикалық мүдделілігі;
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
• белсенді ізденуі;
• жаңалықтығы.
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыс-сыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
• Қаржылық кәсіпкерлік – бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерлік-тің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.
Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкерші-лікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.
Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.
Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығында\
Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі.
Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р. Коуз енгізген трансакциондық шығындар теориясы аса маңыз-ды сұрақтардың бірі болып табылады. Трансакциондық шығындарды көбінесе айналым шығындарымен байланыстырады. К. Эрроудың ойынша, экономикадағы трансакциондық шығындардың орын алу заңдылығы физикадағы үйкеліс заңымен ұқсас дейді,
Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша азайту мәселесі
Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады.
Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолданылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Баламалы шығындар, немесе таңдау шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар.
Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:
1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.
2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.
Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар.
АС (average costs) = ТС / Q.
Орташа шығындар үшке бөлінеді:
1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АFС = FС / Q.
2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АVС = VС / Q.
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC = AFC + ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
МС (marginal costs) = ∆TC / ∆Q, немесе МС = ∆VC / ∆Q.
Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі.
Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:
1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.
TR = P×Q.
2. Орташа табыс - өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
AR = TR / Q.
3. Шекті табыс - өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
MR = ∆ TR / ∆Q.
Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады.
