Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.92 Кб
Скачать
  1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері

Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары бірінші Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.

француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. «Саяси экономия» - бұл кең мағынасында, халық шаруашылығын мемлекет тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға тартты.

Меркантилизм. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп – меркантилизм болып табылады. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинау беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату.

Физиократтар. Бұл мектептің негізін салушылар болып француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндірісте. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер табиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. физиократизм – бұл пайда табудың жолы ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында қалыптасатынын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.

Классикалық саяси экономия. Классиктер физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатынындығын қадап айтты. Бұл бағытты әріқарай жалғастыру-шы мектептер пайда болды. Сонымен, классикалық саяси экономия – бұл еңбекті барлық тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының табыс көздерін анықтауды қарастыра-тын экономикалық теорияның ең басты бағыттарының бірі.

Марксизм. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықты шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. Ал капиталистердің пайдасы жұмысшылар табының төленбеген еңбегін білдереді. К. Маркс экономикалық теорияға мынадай жаңалықтарды алып келді: қоғамдық-экономикалық формация, ұдайы өндіріс, экономиканың циклдік дамуы, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, рента теориясы, социализм, тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығы, т.б. Кейіннен, марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.

Неоклассикалық теория. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады.

МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әріқарай дами түсті. Маржиналистер экономикалық талдаудың негізіне экономикалық субъектілердің шаруашылық қатынастарын зерттеуде субъективтік бағалаулардың теориясын енгізді.

Кейнсиандық теория. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты.

МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін қалаушы, американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыты ретінде ақша-несие саясатын жүргізудің негізі қарастырылады. Мемлекеттің бұл жердегі міндеті болып инфляциямен және басқа да мәселелермен күресу үшін банктік несие пайызын және ақша массасын бақылап отыруы табылады. Фридменнің монетаризм саласындағы жеткен жетістіктері Кейнстік талдауды сынға алумен байланысты, оның ойынша, шаруашылық өмірдегі күрделі өзгерістер ең алдымен, ақша массасымен және ақша импульстерімен тығыз байланысты болып табылады.

Оңтайлы күтімдер теориясы. Жаңа классиктер оңтайлы күтімдер гипотезасын алға тартты. Осы гипотезаға сәйкес, болашақ баға күтулері барлық экономикалық субъектілер үшін мінез-құлық танытудың ең маңызды себептері болып табылады. Осыған байланысты, үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға байланысты және қолдағы бар нақты ақпараттарға сүйене отырып олар алдағы болашақ уақытқа қарап шешімдер қабылдап отырулары тиіс.

Ұсыныс экономикасы теориясы. Лаффердің және оның жақтастарының көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестициялық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл бөлінеді.

ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. институционализм – бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.