Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4Kurs_KAZ_TOBY_Student_shy_1171_aratyn.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342.53 Кб
Скачать

87. 10 Айлық ер балада субфебрильды қызба фонында қосымша бұлшықеттер

қатысуымен экспираторлы ентікпе пайда болды. Аускультацияда – қатқыл тыныс

фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Ауыз-мұрын үшбұрышының аздаған

цианозы. Ең ықтимал диагноз?

+бронхит

88. 5 жастағы балада көктемде серуендеу кезінде құрғақ жөтелмен қосарланған тұншығу ұстамасы пайда болды. Ұстама дәрі қабылдауынсыз тез басылды. Мұндай қысқа мерзімді ұстамалар өткен жылы да байқалды, бірақ ата-анасы дәрігерге қаратқан жоқ. Анамнезінде тағамдық аллергия. Тыныс демікпесіне күдік пайда болды. Қандай ауру ағымы орын алады?

+ интермиттерлеуші

Жеңіл персистирлеуші

Орташа ауырлықта персистерлеуші

Ауыр персистирлеуші

созылмалы

89. 1,5 жастағы ер бала, ауруханаға мазасыздыққа, екі реттік құсуға, сұйық нәжіске (күніне 3 рет), жөтелге шағынданып түсті. Дене температурасы 38,50С. Тері жамылғысы бозғылт-сұр, тері серпімділігі сақталған. Ентікпе, ТЖ минутына 68 ретке дейін, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Пульс 136 рет минутына. Рентгенограммада – оң жақтық төменгі бөліктік пневмония. Қан анализінде лейкоцитоз 19х109/л. Бұл жағдайда қандай синдром басты болып табылады?

гипертермиялық

қанайналым жетіспеушілігі

+тыныс жетіспеушілігі

Нейротоксикоз

дегидратация

90. 10 айлық бала 2 күн бойы мұрынның бітілуі анықталған, содан сон ылғалды жөтел,

субфебрильды қызба қосылған. Қарағанда: өкпесінде қатқыл тыныс, шашыраңқы тұрақты

емес әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, перкуторлы корап дыбыс анықталған. Ең

ықтимал диагноз?

Пневмония

+жедел жай бронхит

ЖРВИ-дің қайталауы

Обструктивті бронхит

Стеноздалған ларинготрахеит

91. 3 айлық қыз бала. Температурасы қалыпты. Ауруханаға ұстама тәрізді құрғақ жөтелге, мазасыздыққа, дем шығаруының ұзаруымен ентікпеге және кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің тартылуына шағымданып түсті. Өкпесінде екі жағынан шашыраңқы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Ең ықтимал диагноз?

Көкжөтел

+Обструктивті бронхит

Жедел Стеноздалған ларинготрахеит

жедел бронхиолит

пневмония

92. 3 айлық балада үйінде 4 күн бойына жоғары температура, тәбетінің жоғалуы, жөтел байқалады. Өкпесінде оң жағында әлсіреген тыныс. Пневмония диагнозы қойылды. Осы жағдайда инфекциялану шарты бойынша қандай пневмония орын алады?

+Ауруханадан тыс пневмония

93. 8 айлық қыз балада дене температурасы субфебрильді. Ауруханаға қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, мазасыздыққа шағымданып келді. ТЖ 40 рет 1 минутта. Өкпесінде екі жағынан шашыраңқы құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Осы ауруда кеуде клеткасының рентгенограммасында не күтесіз?

+Өкпе суреті күшеюі

94. 10 айлық бала ошақты пневмония бойынша стационарда ем қабылдап жатыр. Жөтел, t 38, , қосымша бұлшықеттің қатысуынсыз, тыныш жағдайда болмайтын өзгермелі ентігу мазалайды. Цианозы периоральды, тұрақты емес. ЖСЖ:ТЖ= 3,5-2,5:1. Қандай синдром орын алады?

+I дәрежелі тыныс жетіспеушілік

II дәрежелі тыныс жетіспеушілік

III дәрежелі тыныс жетіспеушілік

гипертермиялық синдром

обструктивті синдром

95. Мектеп жасындағы балада 2 жыл бойына қайталамалы (жылына 5 ретке дейін) обструкция белгілерінсіз жөтел эпизодтары байқалды. Тексергенде өкпесінен шашыраңқы құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Ауру эпизодтарының ұзақтығы 3 аптаға созылады. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай ауру болуы мүмкін?

96. 3 күндік нәрестеге төменгі ішек өтпеушілігіне байланысты операция жасалған. Операцияда: илеоцекальді аймақта үлкен көлемді, тұтқыр тоңғақ. Болжам диагнозыңыз:

Экссудативті энтеропатия

Өт жолдарының атрезиясы

Лактазды жетіспеушілік

Целиакия

+муковисцидоз