Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
variant_01.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.57 Кб
Скачать
  1. Коллаген

  2. фибронектин

  3. ламинин

  4. нидоген

  5. тромбоспондин

  1. Қанмен аз жабдықталған, гликогені көп, анаэробтық гликолиз ферменттерінің активтілігі жоғары бұлшықет түрі аталады:

  1. қызыл «баяу» бұлшықет

  2. қызыл «баяу» оксидативті

  3. қызыл «баяу» гликолиттік бұлшықет

  4. ақ «жылдам» гликолиттік бұлшықет

  5. ақ «баяу» оксидативті

  1. Бұл витаминнің жетіспеушілігі адам қанында пирожүзім қышқылының жиналып қалуына және оның мидағы концентрациясының жоғарлауына әкеледі. Бұл зат алмасуының биохимиялық бұзылысының салдары Вернике энцефалопатиясы (бұл орташа мидың жедеол қабыну) немесе полиневрит (жүйке ұлпасының зақымдалуы) болып табылады. Мұндай ауру негізінен басым түрде қабықшасынан терең тазартылған күріш және басқа дәнді дақылдарды қабылдаушы адамдарда пайда болады. Себебі неде:

  1. витамин В2-нің авитаминозы

  2. витамин В3-тің авитаминозы

  3. витамин В1-дің авитаминозы

  4. витамин В5-тің авитаминозы

  5. витамин В9-дың авитаминозы

  1. Ұқсас биологиялық активтілік көрсететін заттар тобы: - катехиндер, халкондар, дигидрохалкондар, флавиндер, флавонондар, изофлавонондар, флавонолдардың шығу көздері жалпы ортақ болады. Олардың құрылымдарының негізіне дифенилпропандық көмірсутектік тұлға «хромон» немесе флавон жатқызылады. Бұл топтағы заттар бір витамин атауымен аталған. Бұл қай витамин:

  1. Витамин в2

  2. Витамин в3

  3. витамин Р

  4. витамин В5

  5. Витамин в6

  1. Адам калий цианидін қабылдаған соң бірнеше секундта тұншығудан өледі. Тыныс алу тізбегі қай ферментінің ингибирленуі себеп болады:

  1. амилаза

  2. НАДФН-дегидрогеназа

  3. АТФ-синтетаза

  4. лактатдегидрогеназа

  5. цитохромоксидаза

  1. Науқасқа инсулиннің артық мөлшерін енгізген соң ауыр гипогликемиялық кома (естен танумен бірге) дамыды. Бұл құбылыс немен байланысты?

  1. гликогенді интенсивті деполауға

  2. май қышқылдары ыдырауын активтендіруге

  3. кетондық дене синтезін активтендіруге

  4. гликогеннің интенсивті ыдырауына

  5. глюконеогенезактивтенуіне

  1. α-Талассемия кезінде ұрықтың жатырішілік өлімінің жоғары пайызы байқалады. Бұл құбылыстың себебі неде?

  1. ауыр гипоксия дамиды

  2. фоль қышқылының жетіспеушілігі

  3. эритроциттердің күшті гемолизі жүреді

  4. гемоглобин F синтезі күшті жүреді

  5. эритроциттер мембранасы эластикалығын қамтамассыз ететін протеиннің ақауы

  1. Науқаста байқалады: ұлпаларының айқын ісінуі, брадикардия, енжарлық, маужыраушылық, негізгі алмасулар мен оттек қабылдауы жылдамдығының төмендеуі, дене температурасының төмендеуі, гиперхолестеринемия, аздаған гипогликемия. Бұл симптомдардың себебі не?

  1. антидиуреттік гормонныңгипосекрециясы

  2. тиреоидтық гормондардыңгипосекрециясы

  3. өсу гормоныныңгипосекрециясы

  4. вазопрессинніңгипосекрециясы

  5. инсулинніңгипосекрециясы

  1. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. майлы гепатоз

  1. Науқастың терісі, склерасы, шырышты қабықшалары ашық сары түсті, несеп қоңыр сыра түсті, нәжіс түсі әлсіз. Қанындағы конъюгирленген билирубиннің мөлшері жоғарылаған, несептен билирубин анықталады. Бұл науқаста сарыаурудың қай типі?

A. Жильбер синдромы

B. обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

  1. Көшедегі адам естен танып құлаған. Аурухананың қабылдау бөлімінде әлсіз тырысуларды анықтаған, ацетон иісі жоқ, қанындағы глюкоза – 1,66 ммоль/л, кетондық денелер мен глюкоза несеп құрамында жоқ. Естен тануының себебі не болуы мүмкін?

A. гипогликемия нәтижесіндегі қан қысымының төмендеуі

B. гипогликемияны компенсациялау үшін қан қысымының жоғарлауы

C. кетондық дене болмағандық энергия жетіспеушілігі

D. гипогликемия нәтижесіндегі энергия жетіспеушіліг

E. стресс реакциясы

  1. Күшті тотықтырғыш дәрілік препараттарды (аспирин, сульфаниламидтер) қабылдау эритроциттер гемолизі мен гемолиттік анемияның дамуына әкеледі. Қай ферменттің генетикалық ақауы кезінде осындай құбылыстар байқалады?

A. глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның

B. глюкозо-6-фосфатазаның

C. пируваткиназаның

D. гексокиназаның

E. глюкокиназаның

  1. Науқастың қанынан пневмококктың С-полисахаридімен преципитация реакциясына түсетін протеин анықталған, денісау адамда бұл протеин болмайды. Бұл протеин қалай аталады?

A. α-фетопротеин

B. церулоплазмин

C. С-реактивті протеин

D. Бенс-Джонс протеині

E.

  1. Пациентте байқалады: ми қызметінің бұзылысы, енжарлық, тұрақты гипогликемия (ашқарында ерекше байқалатын), тәбеттің жоғарлауы, оң азоттық баланс. Бұл қай эндокриндік бұзылыстың симптоматикасы?

A. бүйрекүстілер милы қабатының гипоқызметі

B. бүйрекүстілер милы қабатының гиперқызметі

C. гиперинсулинизм

D. гипоинсулинизм

E. гипокортицизм

  1. Зерттелушіде байқалады: негізгі алмасу және оттек қабылдау жылдамдығының жоғарлауы, дене қызуы жоғарлауы, тахикардия, тершеңдік, күйгелектік. Бұл симптомдардың себебі неде?

A. кортизолдың гиперсекрециясы

B. тироксиннің гиперсекрециясы

C. инсулиннің гиперсекрециясы

D. адреналиннің гиперсекрециясы

E. кортикотропинніңа гиперсекрециясы

  1. Тұрмыс қаражаты жеткілікті жанұядағы бала жақсы, толыққанды қоректенсе де және күн шуағында ұзақ мерзімді болса да рахит ауруымен ауырады. Сіздің ойыңызша баладағы рахит дамуының себебі:

A. асқазанда витамин Д синтезінің бұзылысы, 1-α-гидроксилазаның ақауы, нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

B. ащы ішектегі витамин Д сіңірілуінің бұзылысы, 1-α-гидроксилаза ақауы, нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

C. нысана-жасушадағы кальцитриол ақауының рецепторы

D. терідегі кальцитриол синтезінің бұзылысы

E. бүйректердегі холекальциферол синтезінің бұзылысы

  1. Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Преднизолонды қабылдауды тоқтатқан соң науқастың жағдайы неге нашарлаған? Себебін көрсетіңіз:

A. гиперкортицизм дамыған (тікелей байланыс механизмі бойынша активтену)

B. гиперкортицизм дамыған (кері байланысмеханизмі бойынша активтену)

C. гипокортицизм дамыған (ұзын тура байланыс бойынша тежелу)

D. гипокортицизм дамыған (ұзын кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

E. гиперкортицизм дамыған (қысқа кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]