Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akerke-1.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
989.17 Кб
Скачать

02_01_04_Гастроэнтерология_каз

$$$017

7 жастағы қыз бала мектепке барғанда басының ауруына, әлсіздікке, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрий аймағында ішінің ауырсынуына шағымданды. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай уақытындай баланы мазасыздандырады. Бұл балаға біріншіден қандай диагностикалық зерттеу жүргізу қажет:

A) Асқазан рентгенографиясын

B) Дуоденальді зондтау

C) Фиброгастродуоденоскопияны

D) Асқазанның рН-метриясын

E) Электрогастрографияны

{Дұрыс жауап}=C

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$018

Секреторлы түрі (секрецияның базальді кезеңінде асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарлаған) бойынша асқазанның функциональді бұзылыстары бар 9 жасар бала іш қатуға бейім. Секреторлы бұзылыстарын қалыпқа келтіру үшін қандай дәріні беру қажет:

A) Смекта

B) Гастрофарм

C) Алмагель

D) Квамател

E) Викаир

{Дұрыс жауап}=E

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$019

10 жастағы ұл бала ас қабылдағаннан кейін ішінің батып ауруы,кекіру,кейде құсу,іш өтуге бейімділігі мен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті қарағанда –тілі ақ жабындымен жабылған? Іш пальпациясында эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Баланың маңызда клиникалық синдромы қандай:

A) Астеновегетативті

B) Ауырсыну

C) Интоксикациялық

D) Диспепсиялық

E) Полигиповитаминоз

{Дұрыс жауап}=D

{Қүрделілігі}=2

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$020

5 жастағы балада нәжістің ағаруымен саргаю пайда болды, тура билирубин 68 мкмоль/л. Өткізілген зерттеу холестаз себебін анықтамады. Гепатитті өт шығару жолдарының атрезиясынан ажыратуға төменгі аталғандардың кайсысы көмектеседі:

A) Сарысулық аминотрансферазалар деңгейін зерттеу

B) Жалпы белокты анықтау

C) Альфафетопротеинді анықтау

D) Тура емес билирубинді анықтау

E) Өтпен радионуклидтердің экскрециясы

{Дұрыс жауап}=E

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

$$$021

Балада пайда болатын сарғаю байқалады, оың шыңында зәрдің қою түске боялуы және нәжістің түссізденуі байқалады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Биохимиялық қан талдауында жалпы билирубин 27 мкмоль/л, тура емес фракциясы 8,0 мкмоль/л, тура- 19 мкмоль/л. Құрсақ қуысының УДЗ-да патологиялық өзгеріс жоқ. Оральды холецистографияда өт қабы контрастирленеді, бауырда аздаған көлемде пигмент бар. НСV және HBV-теріс. Баланың әкесінде және атасында тура осындай клиникалық әйгіленім байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жильбер синдромы

B) Конъюгациялық сарғаю

C) Ротор синдромы

D) Дабин-Джонсон синдромы

E) Криглер-Найяр синдромы

{Дұрыс жауап}=С

{Қүрделілігі}=3

{Оқулық}= (Детские болезни, Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13

02_01_05_Эндокринология_каз

$$$022

3 жастағы қыз балада полиурия, саламақ дефициті 10%, терісі және тілі құрғақ, бетінде гиперемия, шығарған демінде ацетон иісі, бауыры +3,0 см. Аш қарынға гликемия – 12,8 ммоль/л. 2,5 литрлік тәуліктегі зәрде қант мөлшері 6%. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Бүйректік глюкозурия

B) Инсулин тәуелді қант диабеті

C) Қанттық емес диабет

D) Көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы

E) Тубулопатия

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$023

Қыз бала 12 жаста бойының қысқалығы мен артық салмаққа шағымданады. Объективті: физикалық дамуы орташадан төмен, 9 жасқа сай келеді, тамақтануы жоғары. Теріасты май қаабатының таралуы біркелкі емес: беті ай тәрізді, денесінде көп тараған, аяқ-қолдарында аз. Іштің және кеуде терісінде жалпақ қызыл-күлгін стриялар бар. Гиперпигментация, гирсутизм. Артериальды қпн қысымы–150/90мм с.б.б. Екіншілік жыныс белгілері жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

A) Феохромоцитома

B) Иценко-Кушинг синдромы

C) Диэнцефальды семіру

D) Созылмалы бүйрекүсті жетіспеушілік

E) Гипогонадизм

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$024

Клиникаға сыртқы жыныс ағзалары құрылысының ақауы: уретра гипоспадиясының шапаралық түрі, жырық ұма бар 2 жастағы баланың ата-анасы келді. Объективті: физикалық дамуы – орташа, үйлесімді. Терісі – таза, шамалы ылғалды. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Сыртқы жыныс ағзалары гермафродитті құрылымды. Аталық бездерінің көлемі 1 мл ұмаға кіреберісте пальпацияланады. Бұл аурудың ажырату диагностикасын қай аурулармен жүргізу қажет:

A) Бүйрекүсті безінің қыртысты затының туа біткен дисфункциясы және 5α-редуктаза ақауы

B) Аталық без дисгенезиясы және каналшалардың біріншілік жетіспеушілігі

C) 21-гидроксилаза дефициті және макропролактинома

D) Тестикулярлы феминизация синдромы және Тернер синдромы

E) Гипергонадотропты гипогонадизм және Нунан синдромы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$025

Света К., 1 жас 8 айда. Туғандағы салмағы 3800 г., бойы 52 см. Анасында қалқанша безінің эутиреоидты ұллғаюы II дәрежелі, жүктілік кезінде тиреоидты гормондармен ем алмаған. Нәрестелік кезеңде ұзақ сарғаю байқалған. 12 күні ауруханадан шыққан. Өмірінің алғашқы жылында іш қатуға бейімділік, салмағын аз қосу және қозғалыс белсенділігінің төменділігі байқалған. Басын 6 айынан бастап, 10 айында отырған, әлі жүрмейді. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт, бұлшықет гипотониясы. Шашы құрғақ, тырнақтары сынғыш. Үлкен еңбегі ашық. Іші ұлғайған, іштің тік бұлшықеттері ажыраған. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нb - 91 г/л, Эр – 3,8х1012/л, Лейк. -9,0xl09/л; ЭТЖ - 7 мм/сағ. БХҚА: жалпы белок - 60,2 г/л, холестерин - 8,4 ммоль/л, билирубин жалпы - 7,5 мкмоль/л. Осы аурудың патогенезінде не жатыр:

A) Органикалық емес йодтың органикалық йодқа ауысуының салыстырмалы

жетіспеушілігі және оның тіндерге таралуының тапшылығы тіндер мен клеткалардың өсуі және жіктелуі бұзылысымен көрінеді

B) Тироидты пероксидазадағы аутоантиденелер титрі жоғарлауы тіндер мен

клеткалардың өсуі және жіктелуі бұзылысымен көрінеді

C) Тиреоидты гормонның ағзадағы аз мөлшері олардың биологиялық

әсерлерінің әлсіреуіне әкеліп, тіндер мен клеткалардың өсуі және жіктелуі бұзылысымен көрінеді

D) Цитокиндердің көп өндірілуі, фиброгенез-тромбоцитарлы фактор 4 әсер

етеді, ал ол болса фибробласттардың өсу факторына

E) Қалқанша бездің баяу типті жоғары сезімталды шамалы интенсивтілікпен

иммунопатологиялық зақымдалуы тіндер мен клеткалардың өсуі және жіктелуі бұзылысымен көрінеді

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Детские болезни. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14