Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akerke-1.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
989.17 Кб
Скачать

02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз

$$$001

Қабылдауға 3,5 айлық баламен анасы келді. Шағымдары: жедел ауырған, ағасымен қатынас болған, мұрынынан су ағып, құрғақ жөтел, түшкіру, дене қызуының 38,8 0С дейін жоғарлауы пайда болған. Өкпесінде пуэрилді тыныс, өткінші сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз, әрекетіңіз, бала салмағының 5,2 кг ескере отырып, балалар парацетамолының мөлшері:

А) ЖРВИ, жеңіл дәрежелі, парацетамол-0,025 г

В) ЖРВИ, жеңіл дәрежелі, парацетамол-0,05 г

С) ЖРВИ, орташа дәрежелі, парацетамол-0,05 г

D) ЖРВИ, орташа дәрежелі, парацетамол-0,1 г

Е) ЖРВИ, орташа дәрежелі, парацетамол-0,2 г

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов. Детские болезни. С-П.,2000г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$002

Эпилепсиямен ауыратын 6 жастағы балада екпеге жауап ретінде эпилепсиялық ұстама дамыған. ЖТД көктамыр ішіне 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек. Егер баланың салмағы 20 кг болса, препарат мөлшерін есептеңіз:

А) 0,5 мл

В) 2,0 мл

С) 5,0 мл

D) 8,0 мл

Е) 10,0 мл

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов. Детские болезни. С-П.,2000г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$003

8 жастағы бала ЛОР бөліміне мына диагнозбен шығып, қабылдауға келді: созылмалы тонзилиттің өршуі. Анамнезінде: жел шешек, жемшау. Шағымдары: щаршағыштық, ұшпалы сипаттағы артралгия, жүрек тұсындағы сыздап ауырсыну. Обьективті: жүрек тондары тұйықталған, тыныс аритмиясы, жүрек жиырылу саны минутына 130 рет, жүректің сол жақ шекарасы сол жақ бұғана сызығынан солға қарай 1,0 см, жоғарғысы-жоғарғы жағы 2-ші қабырға деңгейінде, оң жағы кеуденің оң жағынан -1,0 см, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Бірінші кезекте ЖТД мына ауру туралы ойлайды:

А) Ревматоидты артрит

В) Вислер-Фанкони субсепсис

С) Жедел инфекциялық-аллергиялық миокардит

D) Жедел ревматикалық қызба

Е) Стилл ауруы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Шабалов. Детские болезни. С-П.,2000 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

$$$004

1,3 айлық балаға үйге шақыру жасады. Жедел ауырған, жиі үрлеген жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ минутына 60 рет, дене қызуы 38,9 0С. Бұл жағдайда қандай ауру жайлы ойлау керек:

А) Ларинготрахеит, көмей стенозы I дәрежелі

В) Ларинготрахеит, көмей стенозы II дәрежелі

С) Ларинготрахеит, көмей стенозы III дәрежелі

D) Ларинготрахеобронхит, көмей стенозы дәрежелі

Е) Ларинготрахеобронхит, көмей стенозы II дәрежелі

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Шабалов. Детские болезни. С-П.,2000 г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

02_01_02_Неонатология_каз

$$$005

Оң қысыммен кеуде қуысының компрессиясымен желдету координациясы кезінде әр бір қимыл минутына қанша рет қайталанады:

A) 40 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

B) 30 тыныс алу қозғалыстары, 90 компрессия

C) 60 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

D) 20 тыныс алу қозғалыстары, 80 компрессия

E) 30 тыныс алу қозғалыстары, 120 компрессия

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$006

Туғаннан соң 4 сағаттан кейін нәрестеде мұрын мен ауыздан сілекейдің көптеп бөлінуі байқалған.Сорғызудан кейін де, қайтадан көп мөлшерде бөлініп, жиналып қалған. Ары қарай бақылау барысында балада айқын тыныс алудың бұзылу белгілері пайда бола бастады: ентігу, акроцианоз, мазасыздану.

Осы жағдайда аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:

A) Лобарлы эмфизема

B) Диафрагмальді жарық

C) Өңеш атрезиясы

D) Туа пайда болған диафрагмальді жарық

E) Гастроэзофагальді рефлюкс

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$007 Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды. Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалдыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Апта сынамасы теріс. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Ішек инвагинациясы

B) Нәрестелердің геморрагиялық ауруы

C) «Жұтылған қан» синдромы

D) Гемофилия А

E) ДВС-синдром

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$008

Баланың туғанына 1 күн болған. Қарау кезінде тері жабындыларының сарғыштығы анықталды. Анамнезінен бала 3-ші жүктіліктен, 2- жедел босанудан екені анықталды. Анасының қан тобы А (II), резус-теріс. Осы жүктілік кезінде анти-Rh-антиденелерінің титрі 1/64 болған. Қосымша зерттеу барысында анықталды: қан анализінде – Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет . – 26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э – 2 %, т.я. – 1 %, С – 62 %, Л – 27 %, М – 8 %. Нормобласттар 2 нің 100 қатынасы. Қан анализін билирубинге тексеру: кіндік қанындағы тура емес билирубин деңгейі 80 мкмоль / л, Туғаннан кейін 6 сағаттан соң жалпы билирубин деңгейі – 160 мкмоль / л, тура емес – 158,4 мкмоль /л. Баланың қан тобы - B(III), резус – оң. Кумбс сынамасы тура оң. Диагноз қойыңыз:

A) Минковский-Шоффар микросфероцитарлы гемолитикалық анемиясы

B) Нәрестелер гемолитикалық ауруы, АВО-жүйесі бойынша, аралас формасы,

ауыр дәрежелі

C) Нәрестелер гемолитикалық ауруы, АВО-жүйесі бойынша, сарғаю түрі, ауыр дәрежелі

D) Нәрестелер гемолитикалық ауруы, резус сәйкессіздік, сарғаю түрі, ауыр дәрежелі

E) Криглер-Наджар синдромы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$009

Жүктіліктің 32-ші аптасында, 1700 г. салмақпен туған 3 күндік балада, тыныс тоқтаудың 20-25 секундқа созылған 3 ұстамасы дамыды. Ұстама тамақтанудан кейін болды. Ұстама кезінде пульс жиілігі 140 уд/мин. 100 уд/мин. дейін төмендеді және бала қозғалуын тоқтатты. Эпизодтар арасындағы кезеңде баланың жағдайы қалыпты болды. Қандағы қант құрамы 5,0 ммоль/л-ге тең. Қан сары суындағы кальций қалыпты. Тыныс тоқтаудың эпизодтары болып табылады:

A) Тыныс алу орталығының жетілмеуі салдарынан

B) Кезеңді тыныстың әртүрлілігі

C) Тырысу эквиваленті

D) Өкпенің жасанды зақымдану салдарынан

E) Гипогликемия кезінде екіншілік болып табылады

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$010

Жаңа туған нәрестеде реанимациялық шараларды өткізген соң, 5 минуттан кейін бірқалыпты емес тыныс, 80рет минутына ЖСЖ, бет әлпетінде гримаса пайда болды. Жалпы бозғылттану, афлексия қалпы сақталған. Баланы Апгар межесі бойынша бағалаңыз:

A) 1 балл

B) 3 балл

C) 5 балл

D) 7 балл

E) 9 балл

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14