Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akerke-1.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
989.17 Кб
Скачать

02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз

$$$083

Атропин немен улану кезінде антидот ретінде қолданылады:

A) Инсулинмен

B) Амитриптилимен

C) Фосфороорганикалық қосылыстар

D) Этиленгликольмен, метил спиртімен

E) Ауыр металдармен

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}= (Детская анестезиология и реанимация, Михельсон В.А., Гребенников В.А., 2001г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$084

Бала І жүктіліктен,І-ші 40 гестациялық аптасында жедел босанудан. Сусыз кезең-9сағат,қағанақ суы-мекониальді.Туған кездегі салмағы-3100г,бойы-50см. Апгар шкаласы бойынша бағалау өмірінің 1-ші минутында-3балл. Нәрестенің жағдайы –ауыр, айғайлайды, қағанақ суымен лоқсиды. Терісі бозғылт акроцианоз. Ентігу-80рет/мин.ЖСЖ-168рет/мин. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс алу актісінен қалып отырады. Перкуторлы оң жақ жауырын астында қысқарған перкуторлы дыбыс естіледі. Аускультацияда оң жақта орташа және ұсақ көпіршікті сырылдар,сол жақтан тыныс естіледі. Біріншілік реанимация барысында неонатологтың тәсілі қандай:

A) Жүрекке тура емес массаж жасау

B) Адреналинді көктамыр ішіне енгізу

C) Трахея интубациясы

D) ӨЖЖ қаппен немесе бетпердемен

E) Ауыздағы және мұрындағы құрылымдарды электроотсоспен сору

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Неонатология, Шабалов Н.П., 2006 г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$085

Қыз бала 8 жаста гипертермия 400С дейін, қайталамалы құсу, бас ауруы, тырысулар. Эпидемиологиялық анамнез – анасында катаральды белгілер. Объективті: дене температурасы 400С, жүрек тондары тұйықталған. Араңында – гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктелуі. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлдеңен саусаққа, тізе және жамбас сан буындрда бүгілген аяқты пассивті жазу мүмкін емес. ЖҚА: лeйкоциттар-25х109/л, т-15%, сег-70%, м-5%, л-10%, ЭТЖ -35 мм/сағ, Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Энтеровирусты инфекция, изолирленген форма: менингит, орташа

дәрежелі

B) Энтеровирусты инфекция, комбинирленген форма: менингит,

герпангина, орташа дәрежелі

C) Менингококкты инфекция, генерализднген форма: менингит, ауыр

дәрежелі

D) Менингококкты инфекция, комбинирленген форма: менингоэнцефалит,

назофарингит, ауыр дәрежелі

E) Тұмау, токсикалық форма. Асқынуы: Нейротоксикоз

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Инфекционные болезни у детей, Учайкин В. Ф., 2006г., 2011г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$086

Бала қызамықпен ауырып жүр, ауруының 5-ші күні дене температурасының 390С жоғарлауы, қайталамалы тонико-клоникалық тырысулар мен есінен тану. Диагноз қойыңыз:

A) Қызамық, типті форма,ауыр дәрежелі

B) Қызамық, типті форма,энцефалитпен асқынған

C) Қызамық, типті форма,нейротоксикозбен асқынған

D) Қызамық, типті форма + гипертензионды синдром

E) Қызамық, типті форма, менингитпен асқынған

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Инфекционные болезни у детей, Учайкин В. Ф., 2006г., 2011г.)

{Курс}=7

{Семестр}=13-14

$$$087

Ұл бала 3 жаста, құрғақ жөтел, дене температурасының жоғарлауы, тыныс алу жиілігі минутына 45 рет. Терісі боз, цианоз. Тыныс алу кезінде кеуде қуысының бұлшық еттерінің, бұғана асты ойықтарының кірігуі, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Өкпесінде қатқыл тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар. Пульс жиілігі минутына 120 рет. Қандағы көмір қышқыл газының парциальды қысымы 57 мм.рт.ст.емінде келесі әсер ету механизмі бар препараттарды тағайындау керек:

A) Бронхтардың тегіс бұлшық еттірінің бета-адренорецепторларын тежейтін

B) Бета-адренорецепторларды белсендіретін және жүрек лақтырысын төмендететін

C) Қан тамырларының жалпы перифериялық қарсыласуын төмендету

D) цАМФ – тің клетка ішілік синтезін белсендіру

E) Актиннің миозинмен байланысу реакциясын белсендіреді

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Неотложная педиатрия: алгоритмы диагностики и лечения, Цыбулькин Э. К.; ред. Е. М. Шилов, 2012г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

$$$088

Науқасқа 5 ай. Туғаннан бастап туа пайда болған жүрек ақауы бойынша «Д» есепте тіркелуде. Кенет айқай кезінде мазасыз болып, ыңырсый бастады. Цианоз, ентігу және тахикардия айқын білінеді. Жүректің сол жақ шекарасы 2 см кеңейген, жүректің барлық беткейінен систолалық шу естіледі; бауыр қабырға доғасы шетінен 3см шығыңқы. Балаға шұғыл көмек іс-шаралары ретінде көктамырішілік енгізу қарсы көрсетілген:

A) 4-5 мл/кг дозасындағы 4% натрий бикарбонат ерітіндісі

B) 0,1 мл/жасына дозасындағы 0,05% строфантин ерітіндісі

C) 0,1 мл/жасына дозасындағы 1% морфин немесе промедол ерітіндісі

D) 0,1-0,2 мл/кг дозасындағы 0,1% обзидан ерітіндісі

E) 0,25-0,5 мл/кг дозасындағы 20% натрий оксибутират ерітіндісі

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Неотложная педиатрия: алгоритмы диагностики и лечения, Цыбулькин Э. К.; ред. Е. М. Шилов, 2012г.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12