Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akerke-1.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
989.17 Кб
Скачать

02_03_Балалар жұқпалы аурулары__ каз

$$$053

Дельта-вирустың ерекшелігі:

A) HBs Ag болмаса, HDV реплицирленбейді

B) Вирусты гепатит «В»-да HDV суперинфекция процестің хронизациясына әкелмейді

C) HDV қанда HCV болса реплицирленеді

D) HDV қанда HЕV болса реплицирленеді

E) HDV HBV репликациясын төмендетпейді

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$054

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Қызылша

В) Риновирусты инфекция

С) Аденовирусты инфекция

D) Респираторно-синцитиальды инфекция

Е) Тұмау

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$055

Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, дене температурасы 37,50С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз:

А) Ауыр пневмония және өте ауыр ауру

В) Пневмония

С) Пневмония жоқ, жөтел не суық тию

D) Пневмония жоқ, астмоидты тыныс

Е) Мүмкін бактериальды инфекция

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$056

Қыз бала 8 жаста гипертермия 400С дейін, қайталамалы құсу, бас ауруы, тырысу. Эпидемиологиялық анамнез – баланың анасында катаральды белгілер. Объективті: температура 400С, жүрек тондары тұйықталған. Араңында – гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктелуі . шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлдеңен саусаққа; тізе және жамбас-сан буынында бүгілген аяқты пассивті жазу мүмкін емес. ЖҚА: лeйкоцит-25х109/л, п-15%, сег-70%, м-5%, л-10%, СОЭ-35 мм/сағ. Болжам диагноз қойыңыз:

A) Энтеровирусты инфекция, оқшауланған түрі: менингит, орташа дәрежелі

ауырлықта

B) Энтеровирусты инфекция, комбинирленген түрі: менингит, герпангина,

орташа дәрежелі ауырлықта

C) Менингококкты инфекция, генерализденген түрі: менингит, ауыр дәрежелі

D) Менингококкты инфекция, комбинирленген түрі: менингоэнцефалит,

назофарингит, ауыр дәрежелі

E) Тұмау, токсикалық түрі. Асқынуы: Нейротоксикоз

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$057

Науқас О., 12 жаста, жедел ауырған, ауруы дене температурасының 39-40оС жоғарлаған, қалтырау, басының қатты ауруы, қайталамалы құсу. Эпид. анамнез: 2 апта бұрын Зырьяновскке апайына барған, орманда болған, мойнынан кенені алған. Объективті: мойнының, кеудесінің терісі гиперемияланған, склералары инъекцияланған, жарықтан қорқады, көз алмаларында ауырсыну, 2 рет сұйық нәжіс, ішінде, бұлшықеттерінде ауырсыну. Бүгін жұтыну бұзылыстары, дауысының өзгеруі, афония, қылилық байқалған. Үйде бір реттік тырысулар болған. Болжам диагноз қойыңыз:

  1. Жапондық энцефалит

  2. Кенелік энцефалит

  3. Герпетикалық энфцефалит

  4. Энтеровирусты энцефалит

  5. Экономо Энцефалит

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$058

4 жастағы балада 4 апта бойы балада жабысқақ, құрғақ жөтел, соңғы 5 күнде жөтелі ұстама тәрізді сипатта. Өзін-өзі сезінуі ұстамадан тыс кезеңде қанағаттанарлық. Дене температурасы қалыпты. Қарау кезінде араңында: бөбешікте жара және склерасына қан құйылу. ЖҚА: лейкоциттер -17,0* 109/л, т/я-3%, с/я-14%, л – 83%, ЭТЖ – 5 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

А) Көкжөтел

В) Бронхопневмония

С) ЖРВИ, ларинготрахеобронхит

D) Тыныс алу жолдарында бөгде зат

Е) Туберкулезды бронхоаденит

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

Семестр}=14

$$$059

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды. Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз:

A) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 4-сағат ішінде

B) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

C) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

D) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

E) Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$060

Науқас Н, 15 жаста, мойнындағы фурункулға шағымданып келді. Физикальды мәліметтері: мойнының бүйір бетінде – карбункул диаметрі шамамен 1,5 см, қабыну валигімен қоршалған, ортасында – қара струп бар. Мойын мен бұғана асты аймақ ісіңген. Дене температурасы– 38,80С. Эпиданамнез: ауру алдында 1 апта бұрын туыстарына ауылға барған, кенеттен ауырып қалған сиырдың терісін шешкен (қолғаппен жұмыс істеген). Клиникалық диагноз қойыңыз:

A) Сібір жарасы, терілік форма, эдематозды вариант, орташа дәрежелі

ауырлықта, асқынбаған

B) Сібір жарасы, терілік форма, эризипелиоидты вариант, орташа дәрежелі

ауырлықта, асқынбаған ағым

C) Сібір жарасы, терілік форма, буллезді вариант, орташа дәрежелі ауырлықта,

асқынбаған

D) Сібір жарасы, терілік форма, карбункулезді вариант, орташа дәрежелі

ауырлықта, асқынбаған

E) Сібір жарасы, терілік форма, буллезді вариант, ауыр дәрежелі ауырлықта,

асқынбаған

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$061

Науқас Л., 10 жаста, 3 күн бұрын Вьетнамнан оралған. Басының ауыруына, жүрген кезде сол жақ шап аймағындағы ауырсынудың күшеюіне, сирек қақырықсыз жөтелге, ентігуге шағымданып келді ауырғанына 2 күн болды: кенеттен қызба пайда болды, қалтырау. Қарағанда: тежелген, кезеңді түрде бүкіл денесінде тырысулар. Сол жақ лимфа түйіндері 2 см дейін ұлғайған, жұмсақ, үстіндегі терісі қызарған, ыстық. Өкпесінде шашыраңқы құрғақ сырылдар. ЖСЖ 120/мин. Диагноз қойыңыз:

A) Мүмкін болатын терілік, біріншілік-өкпелік оба формасы

B) Дәлелденген бубонды, екіншілік-өкпелік оба түрі

C) Күмәнді бубонды, екіншілік-өкпелік оба түрі

D) Мүмкін болатын біріншілік-генерализденген оба түрі

E) Мүмкін болатын бубонды, екіншілік-өкпелік оба түрі

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$062

Науқас С., 10 жаста. Әлсіздікке, құсуға, сұйық нәжіске, боли іштегі жайылмалы құсуға шағымданып келді. Жедел ауырған, күніне 10 ретке дейінгі сұйық нәжістен басталған, динамикада жүрек айнусыз көп реттік құсу. Балтырында ауырсыну. Эпиданамнез: екі күн бұрын балық аулуаға барған, өзеннен су ішкен. Объективті: беті үшкірленген. Ернінде, тырнақтары көгерген. ТАЖ 36 рет 1 минутта. АҚ- 90/65 мм с.б.б. Диагноз қойыңыз:

A) Тырысқақ, типті форма, орташа дәрежелі ауырлықта, тегіс ағымды

B) Тырысқақ, типті форма, ауыр дәрежелі ауырлықта, тегіс ағымды

C) Тырысқақ, типті форма, орташа дәрежелі ауырлықта, тегіс емес ағымды

D) Тырысқақ, найзағай тәрізді форма, ауыр дәрежелі ауырлықта, тегіс емес ағымды

E) Тырысқақ, «құрғақ» форма, орташа дәрежелі ауырлықта, тегіс ағымды

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$063

Науқас М., 7 жаста жедел ауырған, дене температурасы 390С жоғарлаған, қайталамалы құсу болған, сұйық нәжіс. Ауруының 3 күні нәжісі ағарған және зәрі қошқылданған. Түскен кезде: склерасы мен терісі сарғыш түсті. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, эластикалы консистенциялы, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: жалпы билирубин 130 мкмоль/л, тура билирубин 90 мкмоль/л, тура емес билирубин 40 мкмоль/л, АЛаТ-2,0 мккат/л, HAV-IgM-оң. Ем тағайындап, оны негіздеңіз:

A) Вирусқа қарсы препараттар, вирус репликациясын басуға

B) Гормондар қабынуға қарсы әсерімен

C) Гепатопротекторлар гепатоциттердің мембрана өткізгіштігін төмендету

мақсатымен

D) Өт айдайтын препараттар өттің шығуын жақсарту үшін

E) Базисті терапия жеткілікті: дезинтоксикация мен диета

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$064

Ұл бала 2 жаста, гипертермияға 38,50С, жұтынғанда тамағында ауырсыну. Қарау кезінде: бетінде, денесінде, аяқ-қолында – табиғи қатпаралрда көбірек гиперемирленген фонда ұсақ нүктелі бөртпе. Араңында- айқын гиперемия. Алдыңғы мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Тілі ақ жабынмен жабылған. ЖҚАви: Hb – 100 г\л, эритроцит – 3,1 х 10 12\л,лейкоцит– 11,0 х 109\л, т\я -7%, с\я – 60%,э – 6%, л – 22%, м – 2%, ЭТЖ – 32 мм\сағ. Осы ауруда экзантема даму себебін көрсетіңіз:

A) Терінің мальпигиев қабатының вируспен зақымдалуы

B) Дермада антиген-антидене комплексінің дамуынан

C) Терінің емізікшелі қабатының вируспен зақымдалуы

D) Терінің емізікшелі қабатының жергілікті кеңеюінен

E) Қоздырғыш экзотоксиніне инфекционды аллергияның дамуы

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001 г., 824 с.)

{Курс}=7

{Семестр}=14