- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •02_03_Балалардың жұқпалы аурулары ( қаз)
- •02_08_Детская неврология_каз
- •02_01_01_ Амбулаторно - поликлиническая педиатрия _каз
- •02_01_02_ Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология_каз
- •02_02_Фтизиатрия_каз
- •02_03_ Балалар жұқпалы аурулары_каз
- •02_04_ Клиникалық фармакология_каз
- •02_05_ Балалар хирургиясы_каз
- •02_06_ Реанимация және қарқынды терапия_каз
- •02_01_01_Амбулаторлық-емханалық педиатрия_қаз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__ каз
- •02_04_Клиникалық фармакология__каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_ каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__каз
- •02_04_Клиникалық фармакология___каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •16 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
$$$001
Балада АКДС екпесінен кейін алғашқы екі тәуліктен соң аллергиялық бөртпе, дене қызуының 38 градустан жоғарлауы, «милық айғай» пайда болған. Иммунизация жалғасуы мүмкін:
А) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС-М анатоксинімен
В) Күнтізбе бойынша дайындықпен АДС анатоксинімен
С) Кеш дайындықпен АКДС-екпесімен
D) Кеш дайындықсыз АКДС-екпесімен
Е) Күнтізбе бойынша дайындықсыз АКДС-екпесімен
{Дұрыс жауап}= Е
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(приказ № 636 Перечень временных и постоянных медицинских противопоказаний к проведению профилактических прививок)
{Курс}=6
{Семестр}=11
$$$002
3 айлық бала, салмағы 5,0 кг, ЖРА басынан өткерді, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С дейін жоғарылаған. Дене қызуын төмендету үшін, нені тағайындау қажет:
А) Сулы тәртіп, парацетамол - 0,01г
В) Физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,025г
С) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, парацетамол - 0,05г
D) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 0,9% физ.ерітінді, парацетамол - 0,1г
Е) Сулық тәртіп, физикалық суыту әдістері, к/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)
{Курс}=6
{Семестр}=11
$$$003
8 айлық бала. Салмағы 9 кг. Діріл синдромына байланысты қаралуға келді. Қарау кезінде: дене қызуы 36,7 С, тері жабындылары боз, тістері жоқ. Басы «төртбұрышты» пішінді, шүйде шаштары қырқылған, қабырға шеттері айқындалған. Балғашамен асық жіліктің басын ұрғылау кезінде табанның еріксіз бүгілуі оң болды, ол бір сәтте аяқтың сыртқа бүгілуіне әкелді және балғашамен ұру кезінде жауап ретінде бет нервісінің жиырылуы да байқалды.Осы кездегі шұғыл шаралар:
А) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 1,8 мл к/і
В) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 2,5 мл к/і
С) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,2 мл к/і
D) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 3,8 мл к/і
Е) 10% кальций глюконатыерітіндісі мөлшері 0,5 мл peros
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)
{Курс}=6
{Семестр}=11
$$$004
2 жастағы бала, салмағы 12 кг. Пирантелдің тәуліктік мөлшерін есептеңіз:
А) 80 мг
В) 100 мг
С) 120 мг
D) 140 мг
Е) 160 мг
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=( Шабалов Н.П. Детские болезни. С-П., 2000 г.)
{Курс}=6
{Семестр}=11
02_01_02_Неонатология_каз
$$$005
Нәрестелердің жетілу дәрежесі қай межемен бағаланады:
A) Апгар
B) Сильверман
C) Довнес
D) Крамер
E) Баллард
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$006 Баланың туғанына 1 күн болған. Қарау кезінде тері жабындыларының сарғыштығы анықталды. Анамнезінен бала 3-ші жүктіліктен, 2- жедел босанудан екені анықталды.1-я жүктілік – медициналық аборт, 2-ші жүктілік – босану, 3-ші жүктілік – қазіргі. Анасының қан тобы А (II), резус-теріс. Осы жүктілік кезінде анти-Rh-антиденелерінің титрі 1/64 болған. Қосымша зерттеу барысында анықталды: қан анализінде – Нв 140 г/л. Эр . 4,5*1012л. Рет . – 26 %. Лейкоциттер 10*109л. Э – 2 %, т.я. – 1 %, С – 62 %, Л – 27 %, М – 8 %. Нормобласттар 2 нің 100 қатынасы. Қан анализін билирубинге тексеру: кіндік қанындағы тура емес билирубин деңгейі 80 мкмоль / л, Туғаннан кейін 6 сағаттан соң жалпы билирубин деңгейі – 160 мкмоль / л, тура емес – 158,4 мкмоль /л, тура – 1,6 мкмоль / л.Баланың қан тобы - B(III), резус – оң. Кумбс сынамасы тура оң. Баланы жүргізудегі тактикаңыз:
A) Фототерапия, инфузионды терапия
B) Қанды ауыстырып құю
C) Фенобарбитал, адсорбенттер
D) Инфузионды терапия, фенобарбитал
E) Өт айдаушы препараттар, фенобарбитал
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$007 Нәрестенің сол жақ қолы денесіне жабысқан, шыңтағы жазылған, ішке бұрылып, иық буынында ротацияланған, білекте пронацияланған, қол басы алақандық бүгілуде артқа және сыртқа бұралған қалпында жатыр. Басы бүйіріне бұрылған, мойны қысқа сияқты, көп көлдеңен қатпарлармен, айқын суланумен. Қандай патология орын алған:
A) Дежерин—Клюмпке салдануы
B) Кофферат синдромы
C) Бернар—Горнер синдромы
D) Дюшенн—Эрб салдануы
E) Жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$008 Нәресте кесарь тілігі операциясы арқылы жедел босанудан туған. Анасы 10 жыл бойы ревматизм ауруымен ауырады, кезеңмен аспиринді ішке қабылдап отырады. Ұл бала 3100гр. дене салмағымен асфиксиясыз туылды.Өмірінің бірінші күнінің соңында жаялықта шие тәрізді жағындылар қалтыратын күңгірт түсті нәжіс пайда болды. Клиникалық зерттеу барысында ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде аздап эритроциттер мен гемоглобиннің төмендеуі байқалады, қабыну белгілері жоқ. Бұл ауруды қандай жағдаймен ажырату керек:
A) Тромбоцитопениялармен
B) ДВС-синдроммен
C) Жұтылған қан синдромымен
D) А,В гемофилиясымен
E) Ішек инвагинациясымен
{Дұрыс жауап}=С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$009 Ұл бала 32 аптасында дене массасы 1600 г. салмақпен туды.Тыныс алудың қиындау бірден басталып, біртіндеп өсе бастады.Нәрестенің анасы (3-ші жүктілік, 2-ші босану, анамнезінде қолдан түсік жасау болған жоқ) алдындағы баладан гиалинді мембраналар ауруына байланысты айырылып қалды. 6 сағат өткен соң баланың тыныс алу жиілігі минутына 60 рет болды. Қарау кезінде: сырылды тыныс алу, қабырғааралықтың ішке кірігуі, мұрын қанаттарының керілуі және айқын цианоз байқалады. Бұндай ауытқулар көрсетілген мәліметтермен қатар кездеседі:
A) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, сол жақ- оң жақ шунт
B) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің азаюы, оң жақ-сол жақ шунт
C) өкпе серпімділігінің төмендеуі, өкпе көлемінің көбеюі, сол жақ- оң жақ шунт
D) өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің азаюын, сол жақ- оң жақ шунт
E) өкпенің серпімділігі қалыпты, өкпе көлемінің көбеюі, оң жақ-сол жақ шунт
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
$$$010 Нәрестеде туғаннан кейін 1 минуттан соң ретсіз тыныс, ЖСЖ 100 рет минутына, қалпы жартылай флексия, акроцианоз байқалды. Табанында тітіркенуге жауап береді. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
A) 1 балл
B) 3 балл
C) 5 балл
D) 7 балл
E) 9 балл
{Дұрыс жауап}=С
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= (Неонатология. Шабалов Н.П., 2004 г.)
{Курс}=7
{Семестр}=13-14
