Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akerke-1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
989.17 Кб
Скачать

02_05_ Балалар хирургиясы_каз

$$$001

Iшек инвагинациясымен қай жастағы балалар жиi ауырады

A) екi айға дейiн

В) 3 айдан бiр жасқа дейiн

С) 1 жастан 3 жасқа дейiн

D) 3 жастан 7 жасқа дейiн

Е) 7 жастан жоғары

{Дұрыс жауап} = B

$$$002

Шап жарығының операцияға негізгі көрсеткіші болып табылады:

A) Жарық қапшығын алып тастау

B) Жарық қапшығын алып тастау, шап өзегінің пластикасы

C) Жарық қапшығын ашу, іштің сыртқы қиғаш бұлшық етін тілу

D) Беткей шап өзегін тілмей, алдынғы шап өзегінің қабырғасын тілу

E) Жарық қапшығын ашу және оның құрамына ревизия жасау

{Дұрыс жауап}= B

  1. $$$003

Қабылдау бөліміне 5 күндік нәресте ауыр жағдайда түсті, дене қызуы 39-40С, нәресте қозғалыссыз, тілі құрғақ, қанында лейкоцитоз 18 мыңға дейін. Жиі құсады. Терісі құрғақ. Бел-сегізкөз аймағында шектелген гиперемия, диаметрі 2,5 см. Сіздің диагнозыңыз

A) гипертермиялық синдром

В) эксикоз

С) токсикоз

D) нәресте флегмонасы

Е) сепсис

{Дұрыс жауап} = D

$$$004

2 айлық қаз балада шап жарығының қысылғанына 1,5 сағат өтті. Қандай шара қолданасыз

A) промедол және атропин ерітінділерін енгізу

В) шұғыл операция

С) құрсақ қуысының рентгенографиясы

D) дезинтоксикациялық терапия

Е) жамбас-аяқ жағын көтеріңкі жағдайда жатқызу

{Дұрыс жауап}= B

$$$005

8 айлық бала 6 сағат бойы мазасыз, 2 рет құсу болды, нәжісі «таңқурай қоймалжыны» тәріздес. Қарау барысында бала өте мазасыз. Диагнозы?

A) жедел ішек инфекциясы

В) ішек инвагинациясы

С) тік ішек полипі

D) Меккель дивертикулы

Е) ойық жаралы – некротикалық колит

{Дұрыс жауап} = B

$$$006

Аталық безінің ұмаға түсуінің бұзылысымен қатар жүреді:

A) Шап жарығының қысылуы

B) Аталық безінің температуралық режимінің бұзылысы

C) Ұма ісігі

D) Лимфа түйіндерінің қабынуы

E) Аталық безінің жедел ауруы

{Дұрыс жауап}= B

$$$007

Балаларда шап жарығының қай түрі жиі кездеседі:

A) Қиғаш

B) Тік

C) Қысылған

D) Сырғымалы

E) Енгізілмейтін

{Дұрыс жауап}= A

$$$008

Зәр шығару жүйесінің қандай жарақаты ануриямен көрінеді:

A) Уретраның жыртылуы

B) Несепағардың жыртылуы

C) Бүйректің жыртылуы

D) Бүйректің соққысы

E) Қуықтың соққысы

{Дұрыс жауап}= A

$$$009

Крипторхизмде орнына түспеген аталық бездерінде дегенерациялық процестер қай кезде анық көрінеді:

A) Туа салысымен

B) 2 жастан

C) 12 жастан

D) 6 жастан

E) 6 жастан

{Дұрыс жауап}= D

$$$010

Аталық без шеменінің ең айқын белгісі

A) Ұма аймағында ауырсыну

B) Шап аймағында ауырсыну

C) Диафоносокпия кезінде жарық өткізу

D) Ұмада жұмсақ эластикалық түзілісттің болуы

E) Ұма терісінің гиперемиясы

{Дұрыс жауап}= С

$$$011

Жарақат алған науқаста экскреторлық урограммасында контрасты заттың бүйрек аймағында тұрып қалуы.Диагноз:

A) Бүйрек соққысы

B) Бүрек жарылуымен тостағаншаның зақымдалуымен

C) Бүрек жарылуы

D) Қуықтың соққысы

E) Қуықтың жарылуы

{Дұрыс жауап}= В

$$$012

Балада қысылған шап жарағы, ауысынатын ісік, үстінде перкуторлы тимпанит . Қандай мүшенің қысылуы туралы ойлауға болады?

A) Қуық

B) Ішек ілмектері

C) Үлкен шарбы

D) Ішек шажырқайы

E) Қосалқы

{Дұрыс жауап}= B