- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •02_03_Балалардың жұқпалы аурулары ( қаз)
- •02_08_Детская неврология_каз
- •02_01_01_ Амбулаторно - поликлиническая педиатрия _каз
- •02_01_02_ Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология_каз
- •02_02_Фтизиатрия_каз
- •02_03_ Балалар жұқпалы аурулары_каз
- •02_04_ Клиникалық фармакология_каз
- •02_05_ Балалар хирургиясы_каз
- •02_06_ Реанимация және қарқынды терапия_каз
- •02_01_01_Амбулаторлық-емханалық педиатрия_қаз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__ каз
- •02_04_Клиникалық фармакология__каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •02_01_01_Амбулаторлы-емханалық педиатрия_каз
- •02_01_02_Неонатология_каз
- •02_01_03_Пульмонология_каз
- •02_01_04_Гастроэнтерология_каз
- •02_01_05_Эндокринология_каз
- •02_01_06_Кардиология_каз
- •02_01_07_Нефрология_каз
- •02_01_08_Гематология_ каз
- •02_01_09_Ревматология__каз
- •02_02_Фтизиатрия__ каз
- •02_03_Балалар жұқпалы аурулары__каз
- •02_04_Клиникалық фармакология___каз
- •02_05_Балалар хирургиясы__каз
- •02_06_Реанимация және интенстивті терапия__каз
- •02_07_Визуалды диагностика__каз
- •02_08_Балалар неврологиясы__каз
- •16 Жасар, н. Науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:
02_04_ Клиникалық фармакология_каз
$$$001
Төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысының диуретикалық әсері неғұрлым жоғары болады?
А) ацетазоламид
В) фуросемид
С) индапамид
D) спиронолактон
Е) амилорид
{Дұрыс жауап}= В
$$$002
Қандай диуретик ағзадан натрий, калий, хлор және фосфор иондарының көптеп шығарады?
А) индапамид
В) спиронолактон
С) амилорид
D) триамтерен
Е) фуросемид
{Дұрыс жауап}= Е
$$$003
S дәрілік заты - антацидті, адсорбирлеуші, жабын түзуші, гастропротективті, жараға қарсы дәрмек. Асқазанның қышқыл ортасында ( pH 4 –тен аз ) алюминий және сахароза сульфатқа ыдырайды; бірінші шырыш белогын денатурацияға ұшыратады, соңында олармен қосылады, жаралық зақымдалған жерінде қорғаныш қабықша түзеді, бұл өз кезегінде пепсин әсеріне, тұз қышқылына және бөлінетін өтке қорғаныш болып табылады. Өт қышқылдарын адсорбирлейді, АІТ олардың микрофлорасын жақсартады, сондай-ақ олардың жергілікті қабыну процестерін төмендетеді. S препараты қалай аталады?
А) лансопразол
В) кларитромицин
С) алмагель
D) фамотидин
Е) сукральфат
{Дұрыс жауап}= С
$$$004
Ювенильді ревматоидты артриты бар пациентке буын ішіне глюкокортикостероидтар тобынан препарат енгізу көрсетілген. Емдеу курсын жүргізу барысында бір ғана буынға бірнеше буынішілік инъекция қайта-қайта жасалса қандай жағымсыз әсер дамуы мүмкін?
А) остеонекроз
В) остеопороз
С) подагра ұстамасы
D) полимиозит
Е) тофустардың пайда болуы
{Дұрыс жауап}= А
$$$005
Препарат dd - ревматикалық ауруларда dd препаратының қабынуға қарсы, анальгетикалық әсері ауырсынудың әжептәуір азаюына (тыныштық және қимыл жағдайында), тәңертеңгі қозғалыстың бөгеліп қалуын, буындардың ісінуін төмендетеді соның арқасында пациенттің функциональды жағдайын жақсартады. Қандай дәрілік зат туралы айтылған?
А) парацетамол
В) метамизол натрий
С) ацетилсалицил қышқылы
D) цитрамон
Е) диклофенак натрий
{Дұрыс жауап}= Е
$$$006
Науқас бала 4 жаста, ауруханадан тыс пневмония жеңіл дәрежелі ауырлықта диагностикаланған. Қосымша патология айқындалмаған. Эмпирикалық бактерияларға қарсы терапияны өткiзу үшiн науқасқа қандай дәрiлік затты қолданған өте орынды?
А) ампициллин
В) гентамицин
С) цефтазидим
D) цефепим
Е) эритромицин
{Дұрыс жауап}= А
$$$007
Науқас балада 13 жаста, байқалған госпитальді пневмониясының қоздырушысы Candida spp болып табылғаны анықталған. Аталған дәрілік заттардың қайсысын тағайындау өте орынды болады?
А) терфалин
В) нистатин
С) флуконазол
D) миконазол
Е) гризеофульфин
{Дұрыс жауап}= С
$$$008
Берілген дәрілік препараттың әсер ету механизмі қақырық ақуыз молекулалардың арасындағы дисульфид байланыстарының үзiлуiмен байқалады. Ферментті емес муколитик болып табылады. Қандай дәрілік зат туралы айтылады?
А) Монтелукаст
В) Сальбутамол
С) Ацетилцистеин
D) Трипсин
Е) Теофиллин
{Дұрыс жауап}= С
$$$009
Осы бактерияға қарсы препараттар тобы анаэробтардан басқа көптеген грамм теріс, грамм оң бактерияларына қарсы өте белсенді. Осы топтардың кейбір дәрі дәрмектері туберкулезге және «атипиялық» микобактерияларға, көк іріңді таяқшаға, бір қатар қарапайымдарға қарсы әсер етеді. Олардың ото- және нефротоксикалық қасиеттері бар, әрі нейро бұлшықеттік блокаданы, әртүрлі неврологиялық реакциялар шақыруға қабілетті. Қандай топтағы дәрі дәрмектер туралы айтылады?
А) пенициллиндер
В) нитроимидазолдар
С) макролидтер
D) цефалоспориндер
Е) аминогликозидтер
{Дұрыс жауап}= Е
$$$010
Науқас Д., 15 жаста, госпитальға жатар алдындағы кезеңде бүйрек ұстамасы дамыды. Осы клиникалық жағдайда жедел жәрдем көрсеткен кезде анальгетикалық мақсатпен қандай дәрі дәрмек қолдану ұтымды болады?
А) ацетаминофен
В) ацетилсалицил қышқылы
С) диклофенак
D) фентанил
Е) омнопон
{Дұрыс жауап}= С
$$$011
Бұл диуретиктің әсер ету механизмі қан плазмасындағы осмотикалық қысымның көтерілуімен байланысты, бұл қан айналымының көлемінің көбеюіне, бүйрек шумақшаларында сүзілудің көбеюіне, Генле шумағындағы ісінуге қарсы айналым жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Соңы натрий мен хлордың пассивті реабсорбциясының азаюына әкеледі. Қай диуретик туралы айтылған?
А) спиронолактон
В) фуросемид
С) маннит
D) ацетазоламид
Е) гидрохлортиазид
{Дұрыс жауап}= С
$$$012
Бұл препарат К дәруменінің синтетикалық аналогы, гемостатикалық дәрі болып табылады. К дәруменінің тапшылығымен, жаңа туған нәрестелердің геморрагиялық ауруымен, тікелей әсерлі емес антикоагулянттардың шамадан тыс қолдануымен шарттанған геморрагиялық синдромның алдын-алу мақсатында қолданылады. Қандай препарат туралы айтылған?
А) менадиона натрия бисульфат
В) протамина сульфат
С) апротинин
D) этамзилат
Е) транексам қышқылы
{Дұрыс жауап}= А
$$$013
Бұл препарат гемостатикалық препарат болып табылады, тамырлық текті капиллярлық және паренхиматоздық қан кетулердің айқындылығын төмендетеді, тромбоциттердің қызметіне және қанның ұюына әсер етпейді, тромбоцитопенияны компенсацияланбайды. Қандай препарат туралы айтылған?
А) аминокапрон қышқылы
В) протамин сульфат
С) этамзилат
D) десмопрессин
Е) апротинин
{Дұрыс жауап}= С
$$$014
L дәрілік заты – ойық жараға қарсы дәрмек болып табылады. Протонды сорғының спецификалық ингибиторы болып табылады (H+-K+-АТФ-азы); активті сульфонамидті туындыларда метаболизирленеді және асқазанның париетальды жасушаларында, сульфгидрильды топтың H+-K+-АТФ-азаны инактивирлейді. L дәрілік заты қалай аталады?
А) лансопразол
В) кларитромицин
С) алмагель
D) фамотидин
Е) смекта
{Дұрыс жауап}= А
$$$015
Ювенильді ревматоидты артриты бар пациентке буын ішіне глюкокортикостероидтар тобынан препарат енгізу көрсетілген. Бұл клиникалық жағдайда қандай препаратты тағайындау мақсатқа сай болады?
А) преднизолон
В) бетаметазон
С) дексаметазон
D) беклометазон
Е) флутиказон
{Дұрыс жауап}= В
$$$016
Пациент А., 12 жаста жедел ревматикалық қалтырау диагностикаланған. Анамнезінде бета-лактамды антибиотиктер жақпайтыны анықталған. Этиотропты ем мақсатында бұл клиникалық жағдайда қандай препарат тағайындаған мақсатқа сай болады?
А) ампициллин
В) азитромицин
С) левофлоксацин
Д) цефтриаксон
Е) меропенем
{Дұрыс жауап}= В
$$$017
12 жастағы науқас П. нефрология бөлімшесіне жатқызылды, диагнозы созылмалы екіншілік пиелонефрит, латенттік ағым, II белсенділік, өршу кезеңінде. Екі жакты нефроптоз. СБЖ 0. Бұл клиникалық жағдайда эмпирикалық терапияда қандай антибактериалдық препаратты тағайындау ұтымды болады?
А) азитромицин
В) гентамицин
С) цефуроксим
D) ванкомицин
Е) ципрофлоксацин
$$$018
16 жастағы ұл балада Виллебранд факторының тапшылығымен шарттанған тамырішілік геморрагиялар анықталған. Бұл клиникалық жағдайда қандай дәрілік затты тағайындаған жөн?
А) аминокапрон қышқылы
В) менадион натрий сульфаты (викасол)
С) қанның IX ұю факторы
D) этамзилат
Е) қанның VIII ұю факторы
{Дұрыс жауап}= Е
$$$019
15 жастағы балада ортша ауырлық дәрежесіндегі пневмония анықталған; амбулаторлық жағдайда амоксициллин/клавуланат ішке 625 мг-нан 2 р\тәул тағайындалған. Науқас балада 2-нші тәулікте денесінің қышынуы, есекжем дамыған. Бұл клиникалық жағдайда жоғарыда байқалған кері әсерді ескере отырып пневмонияны емдеуге арналған альтернативті препаратты атаңыз?
А) цефуроксим ішке
В) бензилпенициллин б\і
С) азитромицин ішке
D) моксифлоксацин ішке
Е) ампициллин б\і
{Дұрыс жауап}= С
$$$020
Науқас бала 15 жаста амбулаторлық дәрiгер педиатрмен бақыланады диагнозы: Жедел оң жақты ошақтық пневмония. Эмпирикалық терапия ретiнде дәрiгер науқасқа 160 мг/тәу гентамицинды тағайындады. Бұл клиникалық жағдайда гентамицинді тағайындау қисынды болып табылады ма?
А) иә, өйткені аминогликозидтер кең спектрлі әсерге ие болады
В) жоқ, өйткені кеңес берілетін тәуліктік доза азайтылған
С) жоқ, өйткені қабылдауда препарат жағымсыз жанама әсерін беруі мүмкін
D) иә, өйткені аминогликозидтерді ауруханадан тыс пневмонияны емдеу үшін қолданады
Е) жоқ, өйткені гентамицин ауруханадан тыс пневмонияның емі үшін қолданылмайды
{Дұрыс жауап}= Е
$$$021
Науқас Б. 12 жаста бір айдың ішінде күндізгі уақытта ≤2 ретке дейін, бір рет түнгі уақытта демікпе асқынуының симптомдары байқалады ТШЖШ (ПСВ) 90% тиістісінен, ТШЖШ(ПСВ) 20% тәуліктік тербелісінен қысқа, ФТШК (ОФВ1)- 86%. Осы клиникалық жағдайда бронходилатирлеуші препараттарды қандай схема бойынша тағайындаған өте қолайлы?
А) талап бойынша β2-агонисттің қысқа тез әсерлісін
В) талап бойынша β2- агонисттің ұзақ әсерлісін
С) орташа мөлшерде ингаляционды глюкокортикостероидтар
D) баяу босатылатын теофиллин
Е) аз мөлшерде пероральды глюкокортикостероидтар
{Дұрыс жауап}= А
$$$022
Науқас бала В. 12 жаста диагнозы: бронх демiкпесi, аралас түрі, персистирлеуші ағымы, орташа дәрежелік ауырлықта, ремиссия фазасы, ТЖ(ДН) II қойылған. Осы науқасқа бронх демiкпенiң сатылы терапиясын есепке ала отырып комбинирленген терапия көрсетiлген. Осы клиникалық жағдайда қандай дәрілік заттарды комбинациялаған өте орынды?
А) сальметерол + формотерол
В) формотерол + сальбутамол
С) будесонид + кетотифен
D) формотерол + будесонид
Е) фенотерол + сальбутамол
{Дұрыс жауап}= D
$$$023
Науқас бала 5 жаста, нозокомиалды екi жақты төменгi бөліктік пневмония, ауырлығы орташа дәрежеде диагностикаланған. Эмпирикалық терапияны 2 тәулік өткiзгенде ауру ағымында клиникалық-лабораториялық көрсеткiштердiң жақсаруы байқалмайды. Микробиологиялық зерттеудiң нәтижелерi 3 тәулікте алынған. Кое=104 алтын түстес стафилококк себiлдi. Антибиотикке төзiмдiлiктер талдауында метициллинге тұрақты осы штамм айқындалған. Осы клиникалық жағдайдағы этиопатогенездiк емдеу үшiн қандай дәрілік затты тағайындау өте орынды?
А) амоксициллин/клавуланат
В) ванкомицин
С) меропенем
D) цефтазидим
Е) гентамицин
{Дұрыс жауап}= В
$$$024
Науқас Т., 16 жаста, оның зәр шығару жолына катетер қойғаннан кейін белінің ауруына шағымданады, әсіресе оң жағына. Қарау кезінде – шамалы гипертермия, шамалы тахикардия, соққылау симптомы екі жақтан да оң. Катетер арқылы зәр көлемі 300мл тұнық емес, лайлы сары түсті. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ(СОЭ) нің жылдамдығы 25 мм/сағ дейін, шамалы лейкоцитоз сол жаққа ығысумен. Жалпы зәр анализінде – анық лейкоцитурия, эритроцитурия. Осы клиникалық жағдайда қандай препараттарды тағайындалуы неғұрлым ұтымды болады?
А) цефтриаксон
В) азитромицин
С) бензилпенициллин
D) метронидазол
Е) цефазолин
{Дұрыс жауап}= А
