- •«Қоғамдық денсаулық сақтау» 051102 мамандығы бойынша
- •5 Курсқа эпидемиология пәнінен оқпе бағдарламасы
- •«Эпидемиология» пәнінен Мемлекеттік біліктілік емтиханға арналған эпидемиологиялық тәжірибелік дағдылар тапсырмаларының тізімі
- •1 Кезең Студентке арналған тапсырма
- •1 Кезең
- •2 Кезең Студентке арналған тапсырма
- •3 Кезең Студентке тапсырма
1 Кезең Студентке арналған тапсырма
Сізге эпидемиологиялық жағдай және «Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасында» көрсетілген жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру нәтижелері ұсынылады. Алғашқы құжаттардың және жиналған эпидемиологиялық анамнездің мәліметтеріне сүйене отырып алдын ала эпидемиологиялық диагнозды қойыңыз.
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут
1 Кезең
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: аталған критерийлерге сәйкес студенттің жүқпалы аурулар ошақтарын эпидемиологиялық тексеруінің және жүргізген эпидемияға қарсы шараларының толықтығы мен сапасын бағалауын сұраймыз.
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері |
Балмен бағалау |
|||
1. |
Жағдайлық есеппен танысқаннан кейін эпидемиялық процестің сипаты туралы алдын ала қорытынды жасады. Өзінің болжамдарын дұрыс дәлелдеді. |
2 |
1,75 |
1,5 |
0 |
2. |
«Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасымен» танысқаннан кейін диагноз қою уақытын дұрыс бағалады (дер кезінде, кеш). |
2 |
1,75 |
1,5 |
0 |
3. |
Жұқпалы аурудың эпидемиологиялық картасы бойынша, жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексерудің толық және сапалы жүргізілгенін дұрыс бағалады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
4 |
(Ошақта, жұмыс немесе оқу орны бойынша) қарым-қатынастағыларды анықтаудың толықтығын және қарым-қатынастағыларды бақылаудың сапасын дұрыс бағалады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
5 |
Ошақтағы инфекцияның мүмкін берілу жолдарын дұрыс анықтады, инфекция ошағын сауықтыру жоспарын дәлелді құрастырды. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 10
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин.
2 Кезең Студентке арналған тапсырма
Егу бөлмесінің жабдықтарын атап өтіңіз: қондырғылардың, дәрі-дәрмектердің (шокқа қарсы құрамның), «салқындату тізбегінің» дұрыс сақталуы және медициналық құжаттардың болуын бағалаңыз.
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут
Этап 2
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: келтірілген критерийлерге сәйкес, студенттің егу кабинетінің жарамдылығын дұрыс таңдауын, егу препараттарының тоңазытқышта, салқындатқыш элементтердің мұздатқышта дұрыс сақталынуын және медициналық құжаттардың болуын.
№ |
Сатыларды бағалау критерийлері |
Балмен бағалау |
|||
1. |
Егу кабинетінің құралдармен, вакциналармен жабдықталынуының (шокқа қарсы препараттардың болуы) дұрыстығын анықтады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
2. |
Тірі және инактивацияланған вакциналардың тоңазытқыш сөрелерінде орналысу ретін дұрыс анықтады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
3. |
Салқындатқыш элементтердің мұздатқышта мұздатылу принципін, термоконтейнерлер және термосөмкелердегі олардың дұрыс қолданылуын дұрыс анықтады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
4. |
Келтірілген тоңазытқыш температурасын тіркейтін кесте, тоңазытқыш температуралық режимін тіркеутін журнал бойынша тіркелуін дұрыс анықтады. |
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
|
Егу жұмыстары тіркелетін барлық медициналық құжаттардың болуын дұрыс анықтады (баланың денсаулық құжаты, егу құжаты, егілетіндерді қарау және егу жұмыстарын тіркеу журналдары, вакцинаның жарамдылық сертификаты, вакциналардың кері әсерін туралы жедел хабарлама және пациенттің амбулаторлық картасы).
|
2 |
1,5 |
1,0 |
0 |
Кезең бойынша максимальды балл – 10
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин.
