Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Куаныш_теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері

Ұяшықтың мазмұны. Excel 2003 программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгілі және формула болуы мүмкін.

Мәліметтерді енгізу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырамыз да, тиісті мәліметтерді жазған соң [Enter] немесе бағыттауыш жылжыту пернелерінің бірін басамыз. Ехсеl-2003 программасы енгізілген мәліметтің бірінші символына байланысты оның типін анықтайды. Егер мәліметтің бірінші символы әріп немесе '(апостроф) болса, электрондық кесте осы ұяшыққа енгізілетін мәліметті мәтін ретінде қабылдайды. Егер мәліметтің бірінші символы сан немесе = тендік белгісі болса, оны сан немесе формула ретінде қабылдайды. Енгізіліп отырған мәліметтер сол ұяшықта және бағаналардың үстіңгі жағында орналасқан формулалар қатарында көрініп тұрады да, [ Enter] пернесі басылғаннан кейін ғана ұяшыққа енгізіледі.

Мәтін енгізу.Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде '(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшыққа симай калса, оның оң жағындағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа басқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет.

А1 ұяшығына Астана — Қазақстан Республикасының астанасы деген мәтін енгізіңіз. Бұл мәтін енгізілгеннен кейін үнсіз келісім бойынша ұяшықтың сол жақ бұрышына қарай орналасады.

Қате кеткен жағдайда соңғы орындалған іс-әрекетті болдырмау батырмасын шерту немесе Түзету, Болдырмау (Правка, Отменить) командасын орындау арқылы алып тастауға болады.

Сандарды енгізу.Сандарды ұяшыққа "=", "+" таңбаларынан бастап немесе санның өзін цифрдан бастап енгізуге болады. Егер енгізілген сан ұяшыққа сыймай қалатын болса, Excel 2003 программасы оны экспоненциалды түрге келтіреді немесе сандардың орнына # ### символдары шығарылады. Әйтсе де сан тұтасымен сол ұяшықта сақталып тұрады. Санды тұтас көру үшін бағананың енін үлкейту керек. Ұяшыққа енгізілген сан үлкен болса да, кіші болса да экспоненциалды түр қолданылады. Мысалы 903000000 саны 9,03*108 болғандықтан, 9,03Е+08 түріне келтіріледі, ал 0,000000006 саны 6*109 болғандықтан 6Е—9 түріне келтіріледі.

Электрондық кестеде үнсіз келісім бойынша санның бүтін бөлігі бөлшектен үтір арқылы ажыратылып жазылады. Excel 2003 программасы санның алдында немесе ортасында кез келген басқа символ жазылса, ол санды мәтін ретінде қабылдайды. Мысалы, егер 4.35 деп терсек, бұл сан мәтін ретінде қабылданады да, мәтін сияқты ұяшықтың сол жақ бұрышына қарай орналасып, есептеу амалдары орындалғанда ескерілмейді. Ал, дәл осы санды үтір арқылы яғни 4,35 деп жазсақ ол сан ретідде қабылданып, ұяшықтың оң жақ шетіне қарай орналасады. Сандарды бөлшекке келтіріп жазуға немесе үтір орнына нүктемен жазылатындай етіп параметрлер тағайындау арқылы өзгертуге де болады [7].

Excel электрондық кестесінде сан ретінде қабылданған мәлімет ұяшықтың оң жағына ығысып орналасады.

Уақытты және күн-ай мерзімін енгізу. Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Ex­cel 2003 программасы оларды арнайы сандар ретінде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң жағына қарай ығыстырылады. Уақыт мерзімдері сан ретінде қабылданатындықтан оларға сандық мәндерге қолданылатын барлық амалдарды орындау мүмкіндігі бар. Күн мен ай және жыл мезгілдері шамалары бір бірінен нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 3.12.94, 12 Map.94. Кестеге енгізілген күн-ай мерзімдері төменде келтірілген форматтардың бірінде қабылдануы мүмкін. Күн-ай мерзімдерінің форматтары.Ол 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Күн-ай мерзімдері

3/12/94

16.4.2003

апр98

12-Мар-94

16.04.2003

Апрель 99

12-Мар

16 алр

16 Апрель, 1998

Мар-12

бапр2003

М-98

16.4

0балр2003


Бұл форматтарды Формат-Ұяшыктар (Формат-Ячейки) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын тандау арқылы көріп, өзгертуге болады.

Формулалар енгізу. Excel электрондық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді формулалар ретінде қабылдайды.

Формулаларды міндетті түрде "=" теңдік немесе "+" қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2 • 3 теңдігін есептеу үшін =2 • 3 немесе +2 • 3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және F5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =С1+Ғ5 немесе + C1+F5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесі формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әртүрлі амалдарды орындау шартты белгілеулер түріңде өте қысқа болып жазылады.

Excel электрондық кестесінде мұндай операторлардың бірнеше түрлері бар. = (тең), > (үлкен), < (кіші), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең) және # (тең емес) салыстыру операторларының нәтижелері Ақиқат немесе Жалған деген логикалық мәндер болуы тиіс. Ол 2-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Арифметикалық операторлар

Перне

Өрнек

Нөтюю

+

2+6 (қосу)

8

-

9-7 (азайту)

2

*

4*8 (көбейту)

32

/

6/2 (бөлу)

3

-

4*2 (дәрежелеу)

16

%

0,6 (процент)

60 %


.

А4 ұяшығына 45 санын енгізіңіз де, В4 ұяшығына = А4>=50 формуласын енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз. 45 саны 50-ден артық емес болғандықтан В4 ұяшығындағы формуланың нәтижесі Жалған (Ложь) болады (7-сурет).

Сурет 7. Логикалық амалдың орындалу нәтижесі

Кестедегі мәліметтерді өндеу тәсілдері.Бағаналардың ені мен қатарлардың биіктігін өзгерту әрекетін тышқанның көмегімен және меню командалары арқылы орындауға болады.

Тышқан курсорын бағаналар әріптерінің немесе қатар нөмірлерінің араларына орналастырып, пайда болған екі жақты қара бағыттауышты тышқан батырмасын басулы күйде ұстап жылжытамыз. Бағананың ені немесе қатардың биіктігі қажетті шамаға жеткеннен кейін тышқан батырмасын босатамыз немесе оны екі рет шертеміз.

Қатардың биіктігі мен бағана енін меню командаларының көмегімен өзгерту үшін қажетті бағаналарды немесе қатарды белгілеп алған соң, сәйкес Формат, Қатар (Строка), Биіктік (Высота) немесе Формат, Бағана (Столбец), Ені (Ширина) комаңдаларын орындаймыз да ашылған терезедегі өрісте тиісті шаманы теріп жазамыз немесе тышқан батырмасын шертіп отырып көрсетеміз.

Ұяшықтардағы мәліметтерді өндеу.Ұяшықтағы мәліметтерді енгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де өңдеуге болады.

Егер ұяшыққа мәліметгерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды солға [Backspace] немесе оңға [Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін қолданамыз [8].

Ұяшықтағы бұрын енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса, өндеу режимін іске қосу үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырған соң, [F2] пернесін басамыз. Тиісті түзетулерді жасаған соң, [Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.

Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу.Ұяшықтағы мәліметтерді көшіруге, өшіруге, жылжытуға, блоктарды мәліметтерден тазартуға болады. Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті бөлікті белгілеп алған соң:

  • Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып алу, Көшіру, Кірістіру);

  • Түзету (Правка) менюінің Қиып алу (Вырезать), Көшіру (Копировать), Кірістіру (Вставить), Өшіру (Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру (Заполнить) командаларының көмегімен;

  • тышқанның көмегімен;

  • контексті жанама менюдің командаларының көмегімен орындауға болады.

Жылжыту немесе Орын ауыстыру үшін нені, қайда жылжыту керек екенін көрсету керек. Тышқанның көмегімен белгіленген бөлікті (ұяшық немесе блок) жылжыту үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қажетті орынға жеткіземіз.

Көшіру кезінде мәлімет бұрынғы орнында да қалады, оның көшірмесі жаңа орынға қойылады. Тышқанның көмегімен көшіру үшін белгіленген аймақты жылжыту кезінде [Ctrl] пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Торларды мәліметтермен толтыру.Торларды мәліметтермен толтыру кезіңде ұяшықтағы немесе блоктағы мәліметтер бір іс-әрекет нәтижесінде бірнеше рет қайталанып көшіріледі. Толтыру әрекеті тек оңға және темен карай ғана орындалады [9].

Тышқанның көмегімен толтыру белгіленген аймақтың оң жақ төменгі шетіне тышқан курсорын орналастырғанда пайда болған қара түсті қосу таңбасын жылжыту арқылы жүзеге асады. Егер бұл толтыру таңбасы жоқ болса, мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет: Меmо қатарындағы Сервис, Параметрлер, Түзету командаларын орындап ашылған ішкі бетте Ұяшықтарды тасымалдау (Перетаскивание ячеек) 4 қанат белгісін көрсетіп қою керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]