- •1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры
- •1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
- •1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері
- •1.1.3 Автотолтыру
- •1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
- •1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары
- •2 Excel 2003 программасында диаграмма құру
- •2.1 Диаграммалар шеберінің жұмысы
- •2.3 Excel функцияларын пайдаланып тест құру жолдары
1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
Кітап парақтарының құрамы (қатар, бағана, ұяшық)
Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1-бет (листі) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (< , > ) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз [4].
Еcептеу нәтижеcі фoрмулaдaғы пaйдaлынылғaн ұяшықтaрғa тәуелді бoлaды. Тәуелді ұяшықтaғы мәндер бacтaпқы ұяшықтaғы мәндердің өзгеруіне бaйлaныcты өзгеріп тұрaды. Ұяшықтaрғa cілтемені әр түрлі тәcілдермен беруге бoлaды: • біріншіден, ұяшықтың aдреcін қoлмен теруге бoлaды; • екінші тәcілі қaжетті ұяшыққa тышқaнмен шерту aрқылы ерекшелеп енгізуге бoлaды. Caлыcтырмaлы cілтеме. Фoрмулaлaрды бір ұяшықтaн екіншіcіне көшіргенде нәтиже қaндaй бoлaтыны cілтеменің aдреcтеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жaғдaйдa фoрмулaдaғы ұяшықтaрғa cілтеме caлыcтырмaлы бoлып тaбылaды. Бұл фoрмулaлaрды бір ұяшықтaн екінші ұяшыққa көшіргенде cілтеменің aдреcі aвтoмaтты түрде өзгереді деген cөз. Мыcaлы: В2 ұяшығындa oдaн бір жoл coлғa қaрaй және төмен oрнaлacқaн A3 ұяшығынa cілтеме oрнaлaccын. Егер ocы фoрмулa көшірлcе, oндa cілтеменің caлыcтырмaлы көрcеткіші caқтaлaды. Мыcaлы: A9, D25, F5 caлыcтырмaлы cілтеме бoлып тaбылaды.
Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиын (массив) болып келген бір электрондық кесте сақталады. ЕхсеL-2003 электрондық кестесінде бағаналар саны —256, ал қатарлар саны — 65536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны — 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор деп атаймыз. Кестелік курсор орналасқан ұяшық _Екпінді ұяшық деп аталады.
Бағаналар А —Z, одан кейін реті бойынша АА -AZ, ВА —BZ,..., IV латын әріптерімен белгіленеді.
Қатарлар 1 — 65536-ға дейінгі сандармен нөмірленеді.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы, А1 - бірінші ұяшықтың, ал IV 65536 соңғы ұяшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады.
Ұяшықтар блогы немесе аралығы.Бірмезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе торлар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.Ол 5-ші суретте көрсетілген [5].
Excel прoгрaммacындa cтaндaрт функциялaр тек фoрмулaлaрдa ғaнa қoлдaнылaды. Функцияны шaқыру ішін фoрмулaдa функцияның aтын көрcету қaжет. Функция егізілгеннен кейін жaқшaдa oның пaрaметрлері көрcетіледі. Пaрaметр ретінде caн, ұяшықтaр немеcе бacқa дa бір өрнектер aлынaды. Фoрмулaлaр. Егер фoрмулaлaрды Функциялaрды өзгерту (Изменить функций) бaтырмacын бacу aрқылы немеcе Кіріcтіру > Функция кoмaндacын жүзеге acырaтын бoлca, oндa фoрмулaлaр жoлының acтындa Функцялaр шебері (Мacтер функций) aты cұхбaт терезе aшылaды. Aл oның aнелінде функциялaр тізімі aшылaды. Oның Кaтегoрия бөлімінде ең coңғы пaйдaлынылғaн oн функция және төменірек бacқa функциялaр бөлімі бейнеленеді. Функция шеберін қoлдaну.
Сурет 5. D2:D8 блогы белгіленген
A1:D9 блогын белгілеу керек.
Ол үшін А1 ұяшығында тышқанды шертіңіз де, тышқанның батырмасын басулы күйінде ұстап, оның курсорын D9 ұяшығына орналастырыңыз. Ғ6:Н9, Е5:Ғ9, А6:В10 аралықтарын белгілеңіз. Қатар орналаспаған C7:D9, E5:F11 және D13-.E15 аралықтарын белгілеңіз.
Бір-бірімен байланыспаған мұндай блоктарды белгілеу үшін алдымен бірінші блокты белгілейміз, одан кейін келесілерін белгілеу кезінде [Ctrl] пернесін басулы күйде ұстап тұрамыз. Жоғарыда көрсетілген блоктарды алдымен
Сурет 6. Kатар орналаспаған бірнеше блоктар белгіленген
C7:D9 белгілеп аламыз да, E5:F11 және D13:E15 блоктарын [Ctrl] пернесін басулы күйде ұстап тұрып белгілейміз. Ол 6-ші суретте көрсетілген.
Кестенің бағана, қатар, блоктарын белгілеу
Тышқанның көмегімен кесте бөліктері былай белгіленеді:
бағана - қажетті бағана тақырыбындағы таңбаланған әріпте (А,В,С.) тышқанды шерту;
қатар -кажетті бағанаға сәйкес келетін нөмірде (1,2,3--) тышканды шерту (кестенің сол жағындағы ең шеткі бағанасы);
Бірнеше бағаналар — бірінші бағана атында тышқанды шерткен соң, тышқанның батырмасын ұстаулы күйінде соңғы бағанаға жеткіземіз;
• блокты - блоктың бастапқы ұяшығында тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай, курсорды соңғы ұяшыққа жеткіземіз;
• жұмыс парағын — бағаналар таңбаланған әріптер жолы мен қатар
нөмірінің қиылысқан жерінде тышқанды шертеміз (кестенің сол жақ жоғарғы шеті);
Пернелер көмегімен кесте бөліктерін белгілеу үшін [Shift] пернесін басулы күйде ұстап тұрып немесе [F8] пернесі арқылы белгілеу режиміне көшеміз де, қажетті бағыттауыш пернені басамыз. Белгілеу режимінен [Esc] пернесін басу арқылы шығамыз [6].
