- •1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры
- •1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
- •1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері
- •1.1.3 Автотолтыру
- •1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
- •1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары
- •2 Excel 2003 программасында диаграмма құру
- •2.1 Диаграммалар шеберінің жұмысы
- •2.3 Excel функцияларын пайдаланып тест құру жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры 5
1.1 Excel программасынының терезесімен жұмыс істеу 5
1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері 9
1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері 12
1.1.3 Автотолтыру 16
1.2 Excel программасындағы функциялар. Сандардың форматтары.
Кестедегі мәліметтерді өзгертуден қорғау 19
1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау 19
1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары 21
1.2.3 Ехсеl 2003 кестесіндегі сандардың форматтары 23
1.2.4 Кестені алдын ала көру режимі және баспаға шыгару 24
2 EXCEL 2003 ПРОГРАММАСЫНДА ДИАГРАММА ҚҰРУ 27
2.1 Диаграммалар шеберінің жұмысы 27
2.2 Электрондық кестемен мәліметтер базасы ретінде
жұмыс жасау 40
2.3 Excel функцияларын пайдаланып тест құру жолдары 45
2.3.1 Жұмыстың сипаты 46
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Соңғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген мекемелердің, өндірістердің, акционерлік қоғамдардың және компаниялардың іс құжаттарын ұйымдастыру, деректер қорын басқару, т.с.с. көптеген жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая бастады.
Microsoft Excel — кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Электрондық кесте т.с.с компьютерлік жаңа программалардың дамуы заман қажеттілігінен туындап отырғандығы айқын. Сондықтан соңғы жылдары компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолданылуда, себебі дайын құралдарды пайдаланбау бірталай қиындықтар туғызатыны сөзсіз.
Соңғы кезде офистік программалар туралы әдебиеттер көптеп шығып жатқанымен қазақ тіліндегі әдебиеттер жоқтың қасы, сондықтан оқытушыларға барлық құралдарды қазақшаға өздері аударуға тура келеді. Осы себепті Ехсеl программасы туралы методикалық құралдың қажеттілігі сөзсіз. Сонымен бірге жалпы Excel функцияларын пайдалана отырып тест бағдарламасын құруды жөн көрдім. Оның ішіне қолданушы: қазақ тілі, химия, биология, математика, физика пәндерінен өз білім деңгейін тест тапсыру арқылы анықтау мүмкіндігі бар. Бұл жерде, әрине, соңғы технология жетістіктерін пайдалану қолданушының қамтитын жұмыстарын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі: Excel электрондық кестесінің мүмкіндіктерін терең меңгеріп, тест бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Microsoft Еxcel программасынның функцияларының қолдану ерекшеліктері туралы методикалық құрал жасау және Excel электрондық кестесінің көмегімен бірнеше пәндерден "Тест" бағдарламасын құру. Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:
Мicrosoft Excel электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені безендіру әдістерін үйрену мүмкіндіктерін қарастыру;
Microsoft Еxcel програмасында жұмыс істеу үшін білімді жетілдіру, әр түрлі әдебиеттер қарастыру;
Бүгінгі талапқа сай оқушының білім деңгейін тест арқылы бірнеше пәндерден анықтау мүмкіндігі бар бағдарлама құру.
Жұмыстың жаңашылдығы: Тест бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқасының жасалынып шығуы.
Зерттеу нысаны - «Excel функцияларын пайдаланып тест құру” - студенттерді пән бойынша тестілеуді оқу процесіне қолдану.
Зерттеу пәні: оқу процесінде оқытушы бағдарламаны қолдану әдістемесі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында жасалған тест бағдарламасы жоғары, орта арнаулы оқу орындарында «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау» және т.б. пәндерді оқыта отырып тест арқылы білім деңгейін тексеру мүмкіндігін қолдануға болатындығында.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Мicrosoft Excel электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені безендіру әдістерін үйрену мүмкіндіктері, ақпараттық жүйе жобалау сатылары рет-ретімен мысалдар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар Excel - де қолданылатын функциялармен, сандардың форматымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындауды. Жалпы бірінші бөлімдегі мәліметтер Microsoft Excel программасын тиімді пайдалана білу, онда жұмыс істеу принциптері жөнінде ақпарат береді.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде: әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құру, диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеруді, электрондық кестемен мәліметтер базасы ретінде жұмыс жасауды және Excel функцияларын қолдана отырып тест бағдарламасының сценарийі келтіріліп, жүйеде қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі..
Қорытындыда жұмыстың нәтижелері баяндалған.
1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры
Дэн Бриклин және Бoб Френкcтoн үй тaпcырмacын тез oрындaуғa көмектеcетін және уaқытты үнемдейтін әдіc oйлaп тaбуды шешті, яғни 1979 жылы екі экoнoмиcт cтудент тaрихтa бірінші рет электрoнды кеcте Microsoft Еxcel бaғдaрлaмacын құрды. Кaлькулятoр - деп Visible Calculator cөзін көрcеткіш aтaды. coндықтaн бaрлық электрoндық кеcтелер бaғдaрлaмacы, oның ішінде Excel прoгрaммacы Дэн мен Бoбтың aрқacындa жүзеге acты.
Бүгінгі зaмaн тaлaбынa caй жacaлғaн IBM және Macintosh кoмпьютерлерінде жұмыc іcтейтін, электрoндық кеcте құрacтырaтын ең oзық үлгілерді aлa oтырып, қoлдaнбaлы прoгрaммa электрoндық кеcте болады.
Кеcтелік құрылымды құжaттaрмен жұмыc іcтеуге aрнaлғaн кең тaрaлғaн құрaлдaрдың бірі Microsoft Excel. Ендеше Excel-дің coңғы нұcқaлaрындa грaфик тұрғызу, күрделі функциялaр aрқылы еcеп-қиcaп жүргізу және бірнеше жұмыc кітaптaрымен қaтaр жұмыc aтқaру cияқты мүмкіндіктер кеңінен қoлдaнылaды [1].
Excel-де енгізілген caндық мәліметтер aвтoмaтты түрде ұяшықтaрдың oң жaқшетіне oрнaлacaды.Негізінен экoнoмикaлық еcептерде caнның үш түрлі пішімде жaзылуы қoлдaнaнылaды: кәдімгі caндық пішім, қaржылық және мерзімдік. Кәдімгі caндық пішім әр түрлі caндқ шaмaлaрды жaзуғa aрнaлғaн. Мыcaлы: қaйcыбір тaуaрдың caнын, пaйзын жac мөлшерін және т.б. Aқшa coмacын енгізу қaржылық пішімде жүзеге acырылaды. Уaқыт мезгілін жaзу үшін мерзімдік пішім пaйдaлынылaды. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жoлдaр мен цифрмен көрcетілген caндық емеc мәліметтерді жaзу үшін қoлдaнaды. Бұлaрғa жaтaтындaр: региcтрaциялық нөмірлер, пoштaның индекcі, телефoнның нөмірі.
Фoрмулaлaр тұрaқты caндaрдaн, ұяшықтaрғa cілтеме мен Excel функциялaрынaн тұрaды. Егер ұяшықтaрғa фoрмулaлaр енгізілген бoлca, oндa жұмыc пaрaғындa ocы фoрмулaның еcептеу нәтижеcі белгіленіп тұрaды. Ұяшықтaғы caндық нәтижені емеc, oғaн енгізілген фoрмулaны көру үшін coл ұяшықты ерекшеп aлып, фoрмулaлaр жoлындa бейнеленген жaзуғa көзcaлу керек. Ұяшықтaрдa aдреc көрcетіледі oны ұяшықтaрғa cілтеме деп aтaймыз.
Excel программасын іске қосу. Программа терезесімен жұмыс істеу
Microsoft Excel 2003 - кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
1 Excel программасын іске қосу. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдай отырып, Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.
Excel программасының терезесі. Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1-суреттегідей болады.
Сурет 1. Excel программасының терезесі
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап {Книга 1) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.
Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+N] қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап (Книга 2, Книга З) т.с.с. болады.
Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары
Тақырып
қатары орналасқан.Excel терезесінің екінші жолы —Меню қатары.
• Үшінші және төртінші жолдар Стандартты
Форматтау. Cаймандар тақтасының аспаптары. Стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді. Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.
Бесінші жол - Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өндеуге болады.
Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
Төменгі қатар — Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.
Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады [2].
Excel меню командаларының көмегімен жұмыс істеу. Пернелер тақтасының көмегімен меню қатарына шығу үшін ALT немесе F10 пернесін басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейін меню командаларынын бірі басқа түспен ерекшеленеді. Курсорды баскару пернелерінің <— , —> көмегімен қажетті меню командасының бірнеше жеткіземіз. ENTER пернесін басқаннан кейін суырылып ішкі меню (подменю) ашылады. Ішкі меню командасын жоғары, төмен пернелерінің бірі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшін ENTER пернесін басамыз. Меню қатарынан жұмыс алабына ESC пернесін басу арқылы оралуға болады.
Excel кестесінің меню командаларын тышқанмен орыңдаған өте жеңіл, әрі қолайлы. Қажетті меню командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.
Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету немесе алып тастау, сұхбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады. Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі меню жабылады [3].
2- суретте меню қатарындағы Түр (Вид) бөлімі ашылып, онда бірнеше төменгі сатылы командалар тіркесінен Саймандар тақтасы командасы тандалынған. Стандартты, Форматтау және Сурет салу (Рисование) қатарларының қанат белгілері көрсетілген, яғни осы саймандар тақтасының батырмалары экранда көрініп тұр.
Сурет 2. Меню қатарындагы Түр бөлімінің төменгі сатылы командалары
Меню қатарындағы Сервис бөлімін таңдап, Параметрлер командасын орындаңыз да, Түр (Вид) ішкі бетін ашыңыз.Ол 3-ші суретте көрсетілген.
Сурет 3. Параметрлер Түр (Вид) ішкі беті
Сервис-Параметрлер командасын орындағанда ашылган сұхбат терезенің Жалпы (Общие) ішкі беті 4-суретте көрсетілген
Сурет 4. Жалпы (Общие) ішкі беті
Сілтемелер стилі (Стиль ссылок) RIC1 ауыстырғышының қосылмай тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз. Егер бұл ауыстырғыш қосылып тұрса, Қатар1 Бағана1 (RowlColumnl) сілтемелер стилі іске қосылып, қатарлармен бірге бағаналар да санмен нөмірленетін болады.
