- •Қатерге толы жағдайларда өзіне ие болу психодиагностикасы
- •9.1. Өзіне ие болудың ортақ мінездемесі және оның диагностикасы.
- •9.2. Диагностика стратегий импунитивного поведения
- •9.3. Копинг-поведение в стрессовых ситуациях
- •9.4. Диагностика типологий психологической защиты
- •9.5. Диагностика стратегий поведенческой активности
IX бөлім
Қатерге толы жағдайларда өзіне ие болу психодиагностикасы
9.1. Өзіне ие болудың ортақ мінездемесі және оның диагностикасы.
Өзіне ие болу (копинг) отандық психологияда күйзеліс жағдайын саналы түрде жою ретінде қаралады. Ол ең кемі екі факторға – жеке тұлағаға және шынайы жағдайға байланысты болып, жеке тұлғаның мінез құлық, эмоциялық және таным түсінік деңгейінен көрінеді. Өзін өзі ұстау функциясы дегеніміз-адамның сыртқы және ішкі жағдайын қамтамасыз ете алуы. Ол үшін жағдайды түсіну және осы жағдайда өзіне ие болудың тиімді жолын білу, сонымен қатар оны уақытында өз әрекетінде қолдана білу болып табылады.
Копинг психологилық қатерді жоюға бағытталады , яғни ортаның талабы мен осы жағдайда қанағаттандыратын ресуртар арасындағы тепе теңдікті сақтауға бағытталған.
Жағымсыз әрекеттерге жауап ретінде физиологиялық, психологиялық және мінез құлық деңгейінде пайда болған адамның күйі – күйзеліс копингтің негізі .
Яғни, өзіне ие болу адам өміріндегі туындаған жағдайдың маңыздылығы мен психологиялық мүмкіндігіне қарай логикалық ойымен астарласа келіп әрекеттесетін дара қабілеті. . Копинг үш факторға; жеке тұлға, туындағын жағдайға және әлеуметтік қолдауға байланысты ауыспалы күй.
Копингтің психологиялық маңыздылығы адамды нақты жағдайдан туындайтын талаптарға бейімделуі, яғни оны бағындыру, талаптарды жеңілдету немесе әлсіздендіру, олардың алдын алуға тырысу немесе оларға көндіге отырып жағдайдың күйзелісті әрекетін жою. Копинг-өзіне ие болу екі функциялы: проблемаға басты назар аудару, жеке тұлғаның ортасына байланысты көңіл күйіне баса назар аудару, көңіл күй күйзелісін басқару бағытында болады.
Осылайша, копингтің негізгі міндеті — адамның жайлы физиологиялық және психологиялық денсаулығы мен әлеуметтік қарым қатынасқа қанағаттануын қамдау мен қолдау болып табылады.
Өзін өзі ұстау стратегияларын анықтауға арналған бірнеше әдіс бар. И.М. Никольская мен Р.М. Грановская өзін өзі ұстау стратегияларын үш топқа: тәртіпті, эмоционалды, ізденімпаздар деп бөлуді ұсынады.
Бірінші топ әр түрлі сыртқы және ішкі факторлармен шарттасқан шиеленісу ошақтарын жоюға бағытталған мінез құлық бағыттарын меңзейді. Екінші топқа шиеленісу ошақтарын жоюға немесе әлеуметтік қолдау алу мақсатында эмоционалы бәсеңдетулер жатады. Үшіншісіне күйзелісті субьектілі бағалауды өзгерту арқылы мүлде жою және соған сәйкес бақылау деңгейін өзгертуге бағытталған стратегиялар кіреді.
Л.И. Анциферова сапалы сындарлылыққа негіздеп келесі стратегияларды даралап көрсетеді.
Өзіне ие болудың түрленген стратегиялары.
Жағдайды оңтайлы шешу мүмкіндігін көздеген, субьект оны мәселе ретінде қарастыра бастайды: ол соңғы және аралық мақсаттарды анықтайды, шешудің жоспарын құрады, мақсатқа жету жолдарын белгілейді, кейде сырттай дайындық жасайды. Өмірдің сындарлы түрленген стратегиясы міндетті түрде практикалық әрекеттерді меңземейді, олардың орнын ресурстар мен әрекет қоры таусылғанда жауап берудің вербальды формалары баса алады. Ресурстар мен әрекет қоры таусылғанда сананың мән мағыналы және қуатты динамикалық ортасында қайта өзгеру басталады. Адам жаңа психикалық өзін өзі реттеуді қалыптастыруға тырысады. Түрленген стратегиялардың ішінен мыналарды бөліп қарастырамыз: «құлдилауға әкелетін салыстыру», яғни адам өзін жағдайлары мәз емес адамдармен салыстырғанда, «өрлеуге бастайтын салыстыру», бұл адам өзінің басқа жағынан жеткен жетістіктерін есіне алғанда және «қайғыны жеңу» , адамдарға алда тұрған мүмкін болатын сынаққа психологиялық дайындалуға көмек бере алатын стратегиялар ..
Бейімделу әдістері:
Бұл түрге жақсылыққа жору кіреді, яғни адам жағымсыз ауыр уайымнан адамдар жақсы жақтарын табуға тырысады. Бейімделу әдісіне адам өзі бір рөлді қабылдап, сол рөлге лайық өзін өзі ұстай білген жағдайда рөлдік қылық та кіреді, . Адам өзін сол рөлге сәйкестендіргені сонша, барлық жіберілген қателерді ол өзі емес сол кейіпкер деп қабылдайды. Берілген тәсіл адамның жеке қасиеттері негіз болған жағдайда ауыр уайымдарды сындарлы жеңе алуға көмектеседі. Бейімделудің ең таралған формасы жеке адамның сәттілікке қол жеткізген басқа адамдармен, ұйымдармен сәйкестендіру болып табылады..
Қиын және бақытсыз оқиғалар кезіндегі өзін өзі аман сақтаудың көмекші тәсілдері.
Мұндай тәсілдерге кері әсер ететін жағдайларда туындайтын бақыланушы көзқарасы бойынша түзетуге келмейтін жағдайда онымен күресу техникалары жатады. Мысалы, қиын жағдайдан практика жүзінде ғана емес, психологиялық тұрғыдан кету немесе қашу кетіп қалуға дайын тұратындар-бұлар көп нәрседен көңілі қалып, сәтсіздіктерге көбірек ұшыраған тұлғалар. Өте қабілетті бола тұра бұлар қызметтік өсу мен қызықтыратын ұсыныстардан бас тартады. Барлық екұшты жағдайлардан қашу олардың дара қасиеті болып табылады. Кейбір жағдайларда теріс айналу дұрыс және бірден бір өмірге сындарлы стратегиясы болуы мүмкін екенін айта кету керек. Бірақ та кей жағдайларда адам мәселені басқа қырынан қарай алмай және қауіп пен уайым ошағынан алыстай алмай қалатын сәттері болады. Мұндай жағдайларда тұлға эмоцияға сүйене отырып өзінің жағымсыз эмоциялары мен ауырсыну әсерлеріне қарсы психологиялық күресу үшін стратегияларға жүгінеді Бұл тәсілдер мәселені шешпегендіктен сыдарлы деп есептелмейді., алайда психологиялық жағдайды жеңілдетуге жарайды.. санадан мәселені шығарып тастау, импульстік мінез құлық, түңілу, жалпы түсіндіруге келмейтін ашуға толы әрекеттер сияқты психологиялық қорғану амалдары да сынсыз мінез құлық амалдарына жатады.
Өзін өзі аман сақтаудың ең кең таралған техникасына болған естен танырлық, ауыр соққы болатын жағдайды қабылдаудан бас тарту жатады. Қабылдаудан бас тарту болған жағдайды аз аздаған мөлшерде бірте бірте санада қайта сүзіп, түсінуге көмектеседі.
Копингтің нәтижелілігін ол аяқталғанда, яғни егер күйзелістік жағдай тұлға үшін маңыздылығы азайып, ашулануға тұрмайтындай болғанда және жаңа міндеттерді шешуге қуат бөліне бастағанда бағалау керек. Көп жағдайда психологиялық өзіне ие болу критериі адамның психологиялық жайлылығымен байланысты болады да, ол алаңдаушылықтың төмендеуінен, ашууланшақтықтың азаюынан, психосоматикалық сомптоматикадан, күйзелістік көрсеткіштерден көрініс табады.
Копингтің нәтижелілілігін күйзелістік жағдайға түсуге бейімділігі азаюын есептеуге болады. Яғни, адамның жағдайы бірқалыпты болса, мәселеге көзқарасы өзгерсе, өзін жайсыз сезінуді доғарса, нәтижелі копинг деп айтуға болады.
Бұл жұмыста өзіне ие болу стратегиялары үш мүмкін болатын жағдай турасынан қаралды
Арнайы емес күйзелістік жағдайларда;в условиях неспецифического стресса;
Щиеленіскен жағдайларда в конфликтных ситуациях;
психологиялық қорғаныс іске қосылатын, өмірден түңілетін жағдайларда..
