Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипработа Салтан черновик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.89 Mб
Скачать

Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе

1 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің теориялық негіздері

    1. Оқу үдерісінде қолданылатын инновациялық технологияларға сипаттама

    2. Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулудың мәні мен мазмұны

1.3Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері

2 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің әдістемелік негіздері

2.1 Технология бағдарламасының қол өнер бағытына шолу

2.2 Жоғары сынып оқушыларын қол өнер сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар

2.3 Ұлттық түрік костюмін жобалау

2.4 Ұлттық киімнің экономикалық құнын есептеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында ең басты  мақсат ретінде «ұлттық және жалпы  адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен  практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді. Бұл бүгінгі  мектептегі білім беру мазмұнына  қатысты іс-шараларды жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялық оқыту  технологияларын пайдалануды, әрі  оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны жаңаша түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей - тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, білім беру мазмұнына оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда қолдану мәселелерін А.П. Сейтешов, В.В. Егоров, инновациялық технологиялар мазмұнын - Г.Т. Хайруллин, Б.К. Момынбаев, инженерлік-педагогикалық білім беру мазмұнын - Ю.К. Васильев, М.Н. Скаткин, С.Я. Батышев, О. Сыздық, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Б.С. Гершунский, Н.Г. Юсуфбекова, О.Г. Хомерики, Ш.Т. Таубаева, И.В. Баранова қарастырған.

Қоғам талаптарына  сай білім беру мазмұнын өзгерту  мәселелері В.П. Есипов, Н.К. Гончаров, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников, В.С. Леднев, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Безрукова, И.П., И.П. Подласый,  В.А. Сластенин,  И.Ф. Харламов, Қоянбаев Ж.Б., С.С. Тілеуова  және т.б. еңбектерде орындалған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру,  педагогикалық  қызметтің инновациялық бағыттылығы. Жаңа енгізілген немесе инновация  адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде  зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Педагогикалық процестің  инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа - жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайыңдығы талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Сондықтан осы жоғарыдағы әдебиеттерге шолу жасаай отыра диплом жұмысымыздың тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері» - деп таңдап алдық.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы:

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулудың мәні мен мазмұнын ашылды;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерін айқындалды;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің әдістемелік негіздерін қарастырылды;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнер сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеу мақсаты: жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері»

Зерттеу міндеттері:

  • Оқу үдерісінде қолданылатын инновациялық технологияларға сипаттама беру;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулудың мәні мен мазмұнын ашу;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерін айқындау;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің әдістемелік негіздерін қарастыру;

  • Жоғары сынып оқушыларын қол өнер сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысанасы: жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулу үдерісі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі болып, инновация теориялары, «білім беру мазмұны», «инновациялық технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін және олардың білім беру мазмұнын дамытуға ықпалының педагогикалық-психологиялық тұжырымдары мен ұстанымдары саналады.

Зерттеудің практикалық базасы: № 77 мектеп.