- •Сурет 1 – Стансаның сұлбасы
- •1.2 Стансаның пайдалану сипаттамасы
- •1.3 Парктер мен жолдардың мамандандырылуы
- •1.4 Пойызар мен локомотивтердің жүру маршруттары
- •1.5 Пайдалану жұмысын басқару және станса жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.6 Шұғыл жоспарлардың мазмұны
- •1.7 Пойыздардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •2.2 Кестенің тәуліктік жоспарын құру үшін уақыттың технологиялық нормаларын есептеу
- •2.1 Кестесінде а және b жартылай рейсінің орын ауыстыру уақыт мөлшері көрсетілген.
- •Vвых – пойыздың стансадан шығу жылдамдығы, км/сағ.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету, тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Вагондарды қосу және ағыту бойынша, тежегіш құрылғыларды қосуға немесе ағытуды жұмыстарды тек қана қолғаппен атқару қажет.
Теміржол бұл – қажет болған жылдамдықпен поездарды өткізу үшін арналған ғимараттардың кешені. Ол теміржолдың негізін құрайды. Оның жағдайынан поездардың қозғалысының қауіпсіздігі, үздіксіздігі сонымен қатар теміржолдың барлық техникалық құралдарын тиімді пайдалануына байланысты.
Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.
Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының рөлі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Қарамұрын стансасының техникалық жабдықталуы және пайдалану сипаттамасы
Қарамұрын стансасы барлық парктері өзара параллель орналасқан, учаскелік станса болып табылады. Стансаға жақын орналасқан аралықтар пойызар қозғалысын реттейтін келесі құралдармен жабдықталған: К-Ж аралығы жартылай автоматты блоктаумен; Ж-Д аралығы автоматты блоктаумен.
Қабылдау-жөнелту парктерінің жұп және тақ бағыттарында қайта өңдеусіз сәйкесінше жұп және тақ транзитті пойызарды (өз қалыптасуындағы) қабылдау және жөнелту үшін екі жол бар.
Қайта өңдеу паркінде - 2 жол, ол сәйкесінше екі бағыттан да вагондарды таратуға, пойызарды қабылдауға және өз құрастыруындағы пойызарды сәйкес бағыттарға жөнелтуге арналған.
Сұрыптау паркі алты жолдан тұрады. Сұрыптау паркінің жолдары Ml, M2 екі тартымдық жолдармен қосылған. Стансаның парктері стрелкалары, сигналдарды электрлік орталықтандырумен жабдықталған.
Стрелкалар мен сигналдарды басқару үшін стансада ЭО бекеті орналасқан.
Пойызарды қалыптастыру кезінде сұрыптау паркінің артқы басының стрелкалары жергілікті басқаруға беріледі.
Стансалық технологиялық орталық (СТО), ол сұрыптау паркінің басында орналасқан, қабылдау-жөнелту парктерімен үлкен диаметрдегі пневмопочтамен байланысады.
Станса жұмысшыларының жұмыс орындары сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етумен ЭЕМ базасында автоматтандырылған жұмыс орындарымен (АЖО) жабдықталған.
Стансада локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан.
Жолаушыларға қызмет көрсету үшін стансаның жолаушылар ғимараты және бас жолдарда жаяу жүргіншілерге арналған жолаушылардың екі жоғары платформасы бар. Жолаушылар ғимараты қаланың тұрғын массив жағында орналасқан. Стансада локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан. Техникалық құрылысы мен қызметтік-техникалық ғимараттар орналасқан станса сұлбасы 1-суретте келтірілген.
Сурет 1 – Стансаның сұлбасы
1.2 Стансаның пайдалану сипаттамасы
Стансаға жұп және тақ бағыттар бойынша жеке-жеке өңделетін 10 транзитті пойызар келеді, А және Г бағытынан сәйкес бағыттарға жөнеледі.
Стансаға таратылу үшін екі бағыт бойынша 10 пойыз келеді, оның 6 құрама пойыз, 4 учаскелік пойыз. Сонымен қатар 6 жолаушы және 4 жеделдетілген жолаушы пойызы келеді.
Пойызарды құру жоспарына сәйкес стансада өтпелі, құрама және телімдік пойызар құрастырылады. Стансаның жүк тиеу жұмысы құрайды: жүк түсіру - 48 вагон, тиеу - 67 вагон, 21 бос вагон заводқа тиеу үшін келеді.
Жүк ауласында 15 вагон түсіріліп қайтадан жүк тиеледі. Пойыз құрамында келген 21 бос вагон заводқа жүк тиеуге жіберіледі. Отын қоймасына жүктелген күйде келген барлық вагондар босатылып, сәйкесінше белгіленген бағыттарға жөнелтіледі.
1.3 Парктер мен жолдардың мамандандырылуы
Мамандандырылу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және пойызарды қабылдау мен жөнелту операцияларын және маневрлік жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Стансада қабылдап-жөнелту парктері және сұрыптау паркі бар және олар өзара параллель орналасқан. Жолаушы пойыздары жолаушы платформалары орналасқан жолдарда тоқтап жолаушыларды түсіріп-мінгізу қызметтерін атқарады.
Бас жолдар қозғалыс бағыттары бойынша мамандандырылады. Басты жолдарда негізінен жолаушы пойыздары мен жеделдетілген жолаушы пойыздары, транзитті өтпелі пойыздар қабылданып жөнелтіледі.
Парктер мен жолдардың мамандандырылуы 1.1-кестеде ұсынылған.
Кесте1.1 - Парктер мен жолдардың мамандандырылуы
Парктер мен жолдардың атауы |
Жолдың нөмері |
Мамандандырылуы |
Басты жолаушылар паркі |
І
II
3 |
Тақ бағытта жолаушылар пойызарын қабылдау және жөнелту үшін. Жұп бағытта жолаушылар пойызарын қабылдау және жөнелту үшін. Қос бағытта жолаушылар пойызарын қабылдау және жөнелту үшін. |
Тақ парк |
6
|
Қайта өңдеусіз тақ транзитті пойызарды қабылдау және жөнелту үшін. |
Жұп парк |
4,5 |
Қайта өңдеусіз жұп транзитті пойызарды қабылдау және жөнелту үшін. |
Жүретін жол
|
7 |
Пойыз локомотивтерін депоға және кері өткізу үшін. |
Қайта өңдеу паркі
|
7,8 |
Өз құрылуындағы пойызарды жөнелту пойызарды таратуға қабылдау үшін. |
Сұрыптау паркі |
1
2
3 4 5
6
7 |
А стансасына баратын вагондарды жинақтап өткізу үшін. К стансасына және басқаларға жинақтап жөнелту үшін. К - Ж учаскесінде вагондарды жинақтау үшін. Ж-Д учаскесінде вагондарды жинақтау үшін. Д стансасына және басқаларға жинақтап жөнелту үшін Г стансасына баратын вагондарды жинақтап өткізу үшін. Жергілікті вагондар үшін |
Тартым жолдар |
M l, М 2 |
Құрамаларды таратуға және құру үшін және вагондарды жүк нысандарына жіберу, алу үшін. |
