Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЖ 1 вар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.3 Кб
Скачать

5.3. Цехтық шығындар.

Цехтық шығындар құрылымы:

Шығындар статьясы

Сомасы, теңге

Материалдар шығыны

Электр энергия шығыны

Су шығындары

Құрал-жабдықтарды ағымды жөндеу шығындары

Құрал-жабдықтар амортизациясы

Ғимаратты ағымды жөндеу шығындары

Ғимарат амортизациясы

Инвентарларды ұстау, жаңарту және жөндеу шығындары

Рационализация мен ойлап табуға шығындар

Еңбек қорғау,техника қауіпсіздігі және жұмыс киімі шығындары

Басқа шығындар

Цехтық шығындардың барлығы (∑Сi)

Төменде шығындар сметасының стаьяларын есептеу әдістері келтіріліген.

Электрэнергия шығындары. (Сэл.э.)

Сэл.э = Скүш.эл. + Сжар

Күштік электрэнергия шығындары. (Скүш.эл.)

Күштік электрэнергия шығындары жарықтандыру және күштік жүктеу есептері негізінде анықталады. Күштік жүктеуді есептеудің алғашқы мәліметі ретінде орнатылған токқабылдағыштардың күші және электр энергия тұтынушылардың жұмыс режимі алынады. Егер күштік электрэнегия шығыны технологиялық бөлімде есептелсе, сол мән алынады.

Wкүш. = Nус.* Кз * Фр.об. * Ксп.

Мұндағы:

Nус. – жылдық электрэнергия шығыны, кВт-ч.

Кз – құрал-жабдықтарды жүктеу коэффициенті;

Ксп. - сұраныс коэффиценті;

Фр.об. – құрал-жабдықтардың жылдық жұмыс қоры, сағат.

Жарықтандыру үшін электрэнергия шығыны, Сосв. , теңге

Wосв = 15 * 1,2 * Fпол * ( Дрг * Тсм + 0,3 * Дрг * Тсм)/1000

Мұндағы:

15 – жарықтандыру үшін электрэнергия шығынының нормасы, 1 м², Вт

Тсм – жұмыс уақытының ұзақтығы.

0,3 – Бірінші ауысым кезіндегі бөлімше жарығының жеткіліксіздігін ескеретін коэффициент.

1,2 – үшінші аусымдағы кезекші жарықтандыруды есепке алатын коэффициент.

Fпол – еденнің ауданы.

Есепке алынбаған электрэнегия шығыны, Wн.учт

Wн.учт = Wсил. * 0,05%

Автосервистік учаскенің өндірістік жұмыстарға қажетті электрэнергия шығыны. Wпр.

Wпр. = Wсил. + Wосв + Wн.учт

Сс.эл. = Wпр. * Цэл.

Мұндағы:

Цэл – 1 кВт-ч. құны.

Су шығыны, Св, теңге.

Св = (Wтех. + Wбыт) * Цв.

Мұндағы:

Цв – 1 м³ судың құны, теңге

Технологиялық мақсат үшін суға қажеттілік, Wтех., технологиялық бөлімде есептелсе, сол мән алынады. теңге.

Wтех. = Vв * Фоб * Кз

Мұндағы:

Vв – судың сағаттық шығыны, м³/сағ.

Фоб – құрал-жабдықтың жылдық жұмыс істеу қоры;

Кз – құрал-жабдықтарды жүктеу коэффициенті;

Тұрмыстық суға қажеттілік, Wбыт.

Wбыт. = (40 *(Nр + 2,0 * F) Др /1000, м³

Мұндағы:

Wбыт - тұрмыстық мақсат үшін қажетті су, м³

Nр – жұмыскерлер саны, адам.

F - бөлімше еденінің ауданы, м²

Др.- бөлімшенің жұмыс істейтін күндер саны.

Жылу шығындары. Степ., теңге.

Степ = Нт* Qзд * Нч * Цт /1000*q

Мұндағы:

Нт – 1 м³ ғимарат үшін жылудың үлестік шығыны, кКал –ч (жасанды желдетілетін бөлмелер үщін – 15, табиғи желдетілетін бөлмелер үшін – 25).

Qзд – учаскенің көлемі, м³

Нч – маусымдағы жылытылатын сағатттардың максималды саны, (180*24 = 4320 сағат)

Цт – жылудың бағасы, теңге

q – жылудың булану үлесі, (540 ккал)

Құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындары , СТОиР, теңге.

Құрал-жабдықтардың баланстық құнының 9-11% мөлшерінде алынады.

СТОиР = (0,09 ...,011)*Сқұр.жабд.

Құрал - жабдықтар амортизациясы. Амортизация мөлшері құрал- жабдықтар құнының 25% мөлшерінде алынады.

А құр.жабд. = 0,25* Сқұр.жабд.

Ғимаратты ағымды жөндеу шығындары. Ғимарат құнының 15 % мөлшерінде алынады.

Сзд. = Сғим. *0,15

Ғимарат амортизациясы. Ғимарат құнының 10 % есебімен алынады.

Азд = Сғим. * 0,10

Арзан бағалы және тез тозғыш құрал-жабдықтар мен айлабұйымдарды ұстау, жөндеу , жаңарту шығындары, Смц, теңге. 1 жұмыскер үшін 2500 теңге көлемінде есептеледі.

Смц, = 2500* Nр

Рационализация мен ойлап табуға шығындар, Сир, теңге. әрбір жұмыскер үшін есептеледі.

Сир = Nр*Нир

Еңбек қорғау,техника қауіпсіздігі және жұмыс киімі шығындары, Сохр., теңге. Әрбір жұмыскерге қысқы және жазғы жұмыс киімі үшін қарастырылған норма көлемінде есептеледі.

Сохр = Нохр * Nр

Басқа шығындар С пр. цехтық шығындар сомасының 1%-н құрайды.

Спр. = 0,1 * Сцех