Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Til_tarikhy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Басыңа сен, шпорға емес...)))

1-билет.

1. Қазақ әдеби тілі туралы пікір-тұжырымдар. Әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық, айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ. Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпыхалықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады.Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. «Әдеби тіл дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі». «Әдеби тілдің тарихы - жазба ескерткіштердің тарихы». «Әдетте, жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес». «Жазу - әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі». «Тіл білімі тарапынан алғанда «әдеби тіл»деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқасы, жазба тілді атаймыз». Зерттеушілердің көпшілігі «эдеби тіл» үғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Демек, ол жөніндегі бір ғана таным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің даму барысындағы күллі дэуіріне бірдей сай келуі шарт емес. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дэстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бІр кездерде жазуы болып, кейін эр түрлі себептерден дамымай қалған дэуірлерінде де эдеби тілІ болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр. Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес М.Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ.Мұсабаев та айтады: «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес» - дейді. Абай мен Ыбырай сияқты қаламгерлердің шығармашылығы мен қызметін сөз еткен тұстарда баса айтылып келеді. Тіпті қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де жоқ емес. Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»-дейді.

2. Хандық дәуірдегі жазбаша іс-қағаздары, олардың тіліндегі ерекшеліктер. Қазақ ру-тайпалары дербес хандық құрып, өмір сүре бастаған ХV-XVI ғ. жазба дүниелерді қажет ету фактісі болған. Ол қажеттік ең алдымен қазақтың хан-сұлтандарының өзгелермен қарым-қатынас жасау саласында бой көрсетті. XVI ғ. II жартысынан бастап қазақтың Кіші жүзі мен Орта жүзіндегі хандар мен Ресей империясының сыртқы істер коллегиясы арасында әр алуан дипломатиялық, саясаттық және шаруашылық жайларына қатысты жазба қарым-қатынас күшті жүре бастады. «Ел арасында орта ғасыр шамасынан бергі жерде шежірелер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, рубасы үйлерінде сақталған». Тарихшы М.Қойгелдиев қазақ хандары мен сұлтандары сарайларында шежірелер жазылып, оқылып отыратындығының заңды құбылыс екендігін дәлелдей келіп, «сонымен бірге хан-сұлтандарының, дала ақсүйектерінің белгілі дәрежеде сауаттылықты бағалауы, өз балаларына уақыт талабына сай білім беруі... шағын кітапханалар ұстауы-дамыған феодалдық қоғамға тән құбылыс» деп жазады. Бұл фактілер XVI- XVII ғ. қазақ қауымында жазба дәстүрдің болғандығын, оны қазақтардың өздерінің пайдаланғандығын жақсы көрсетеді. Сондай-ақ жазу салты жеке адамдардың бір-бірімен хат-хабар алысуында да орын алған. Қазақ тіл мамандары қазақ жазба әдеби тілі тарихын зерттеуде Әбілғазы шежіресінің орны бар екенін айтады.

3. Жазбаша әдеби тіл – ауызша әдеби тілдің заңды жалғасы. Жазба әдеби тіл қоғамның мемлекеттік ресми тілі болғандықтан оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Қазақтың байырғы ауызша дамыған және жазба сипат алған әдеби тілі жаңа кезеңге көшті. Бұған бірнеше фактор себеп болды: 1.Жаңа ұлттық жазба әдебиет туды. Жазба әдебиеттің түрлері көбейді. 2.Көркем әдебиеттің өзі кеңіді: көркем проза жанры пайда болды, поэзия жанры өз ішінен түрленді. Көркем әдебиет қамтитын тақырыбын кеңейтті. 3.Қоғам дамуының бұл дәуірінде әдебиет түрлері көбейді. 4.Әдеби тіл эволюциясының жаңа сатыға көтерілуіне себепкер болатын алғышарттар пісіп жетілді. Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдік тарамдалуы жағынан өзіне дейінгі ауызша дамыған қазақ әдеби тілінен де, ескі жазба дәстүрді жалғастырған «кітаби тілден» де өзгешеленіп тұрды.

2-билет.

  1. Р.Сыздықованың әдеби тілдің басты белгілері жайындағы пікіріне тоқтала кетсек: « Әдеби тілдің ең басты белгісі- оның сұрыпталған, нормаланған тіл болуы. Бұл- бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты,яғни, жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс. Бұл- екінші меже. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты салыстыру арқылы өзге нәрселердің,өзге құбылыстардың қарама-қарсысына өоюы арқылы таныла түседі.Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойлатын басты құбылыс- ауызекі сөйлеу тілі. Бұл тілді әдеби тнауға қатысты үшінші шарт. Әдеби тіл- қоғамның қолдану практикасында сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған тіл жіне ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт.Бұл- төртінші сипаты.»

  1. Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің зерттелу тарихы. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар. "Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". Қадырғали би еңбегін зерттеуде академик Ә.Марғұланның да зор үлесі бар. Бұл еңбекке ғылыми көпшіліктің назарын аударып, ол туралы 1964 ж. Мәскеуде өткен конгрессте тың ойларын жеткізген ғалым.

  1. Ы.Алтынсарин – жазба әдеби тілдің негізін қалаушылардың бірі. Аса көрнекті демократ-ағартушы әрі жазушы Ы.Алтынсарин қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамытуда екі салада зор еңбек сіңірді: бірі-жазушылық қызметінен, екіншісі-ағартушылық қызметімен. Ыбырай да, Абай сияқты, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі етіп жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен қазақтың қолтума байырғы әдеби тілін қалады. Ыбырай да, Абай сияқты, бірсыпыра түркі халықтарына қызмет етіп келген ортаазиялық түркі әдеби тілі мен сол тұстағы қазақша «кітаби тілден» бас тартты. Сол «кітаби тілде» жазылған, не көркемдік, не нормалық сипаты шамалы кейбір үлгілерді қатты сынады. Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба әдеби тілі ішінара пайдаланған кітаби орфографиялық дәстүрді де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын ескеріп, қазақша жазу принципін ұстады. Сөйтіп, Ыбырай өзінің жазушылық әрі ғылыми қызметімен қазақтың жаңа жазба тілінің даму бағытын нұсқады, стильдік тарамдалуына жол салды, көркем проза стилінің негізін салды. Ыбырай ұсынған өлеңдердің тілінің «жалпақ жұртқа», «қарапайым оқушыға» түсінікті қазақтың халықтық тілінде жазылуы. Бұл өлеңдердің бұрынғы қазақ поэзиясы үлгілерінен алшақ кетпеуі-Ы.Алтынсариннің қазақ жазба әдеби тілінің негізін таңдаудағы принципін көрсететін белгі.

3-билет.

Б3 қәтд

1)Қазақ әдеби тілінің даму басталар тұсы жайындағы көзқарасты 5ке бөліп қарастыруға болады

1қ.ә.т тарихын ертеден, көне түркі дәуірінен, ғұндар мемлекеті кезінен бастайды.(2-5ғ.Ғ.Мұсабаев,Ә.Марғұлан,Б.Кенжебаев)

2Қ.ә.т тарихы 18ғ басталады. Қ.Жұмалиев.М.Балақаев

3 19ғ жарт. Басталады.(Қ.Жұбанов,Н.Сауранбаев,С.Аманжолов.Кеңесбаев)

4Қ.ә.т Октябрь революциясынан кейін басталды.(Т.Қордабаев)

5Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құрылған кезеңінен,15-16ғ басталады,ал ескі жазба әдеби тілі 16-17ғ,жаңа ұлттық жазба әдеби тілі 19ғ екінші.жарт басталады(Р.Сыздықова,Өмірәлиев,Ысқақов)

Біз қ.ә.т даму тарихын екі дәуірге бөлеміз:

1Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әд.тілі

2Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқанға дейінгі әд.тілі

Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде 2кезеңге бөліп қарастырамыз

1кезең Қазақ хандықтарының құрылуы мен қалыптасу тұсы, бұл (15-17ғ.1жарт)қамтиды.

2кезең Күні бүгінге дейін бел алып келген дағды бойынша 18ғ 2жарт қамтиды.

1дәуір қазақтардың дербес халық болып құрылып өз алдын хандық құрған тұсы 15-19ғ 2ғ қамтиды.Бұл дәуірде тараған әдебиетті 3топқа бөлуге болады:

1Ауыз.әд-(фольклор) үлгілері аты жөні ұмыт болған адамдардың шығармалары да осы топқа жатады.

2Ауызша тараған авторлы әдебиет(поэзия мен шешендік сөз)

2)Қадырғали Жалайыри(Қадыр Әл Қосымұлы.Бт,арғы тегі Жалайыр)деп аталған.Бұл кісі 16ғ орт мен 17ғ Сырдың басында өмір сүріп,1530-1605ж. қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған.1602ғ(Жылнамалар жинағы)жазып бітірген.Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбек.Жинақтың тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп,көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған.(Язык,Жамиат-тауарих,Жалайыри.Алматы,1989ж)

Жылнамалар жинағының жалғыз көшірмесі Қазан университетінің кітапханасына татар ғалымы И.Халифин тапсырған.Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда проф.И.Н.Березин алғысөз жазған.

Бұл еңбек 3бөлімнен тұрады.1Борис Годунов билігін бейнелеу

2Рашид ад-Диннің «Джами ат-Тауарих»атты еңбегінің қысқаша аудармасы

3Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

Қадырғалиге аса жоғары баға берген,ұлы ғалымдардың бірі-академик Әлкей

Марғұлан 1981ж (Қазақ әдебиеті) газетінің 1-нөмірінде жарияланған (К8м3с сандық құпиясы) атты көлемді мақаласында былай дейді:Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптарының ең бағалысының бірі-өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайырдың шығармасы.Оның кітабы 1598ж жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз.Жазудың бас аяғы белгісіз.жазудың бас аяғы жоғалып кеткен...Шоқан оған зор ғылыми мән беріп,бұл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген.

3)Абайда өз шығармаларында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етті,барын дамытып, жоғын толықтырды.Ауызшада жазбаша да дамыған әр алуан әдебиет саласы барлық жағынан екі топқа бөлінді.Тақырып жағынан азаматтық,діни.Жанр жағынан көркем әдебиет,өзге жанрға жататын үлгілер.Тегі жағынан аударма,төл әдебиет.

Абайдың қазақ поэзиясытіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі,енгізген жаңалығы орасан зор.Оның еңбектері:1поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі

2өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгеріс

3айқындық пен дәлдік

4фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер

5жеке сөздерді талдап,талғап жұмсау,оларды поэтизмге айналдыру.

6өлеңнің синтак.композициялық құрылысына енген өзгерістер.

Образды сөздерді Абай тек етістік тобынан емес, өзге сөз таптарынан да алып пайдаланады.Ол қыртың,тыртың,байғұс қылтың,қу борбай,сымпыс талақ.

4-билет.

Б4 ҚӘТ қалыптасуына негіз болған қайнар көз

1)

2)Қадырғали Жалайыри(Қадыр Әл Қосымұлы.Бт,арғы тегі Жалайыр)деп аталған.Бұл кісі 16ғ орт мен 17ғ Сырдың басында өмір сүріп,1530-1605ж. қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған.1602ғ(Жылнамалар жинағы)жазып бітірген.Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбек.Жинақтың тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп,көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған.(Язык,Жамиат-тауарих,Жалайыри.Алматы,1989ж)

Жылнамалар жинағының жалғыз көшірмесі Қазан университетінің кітапханасына татар ғалымы И.Халифин тапсырған.Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда проф.И.Н.Березин алғысөз жазған.

Бұл еңбек 3бөлімнен тұрады.1Борис Годунов билігін бейнелеу

2Рашид ад-Диннің «Джами ат-Тауарих»атты еңбегінің қысқаша аудармасы

3Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

Қадырғалиге аса жоғары баға берген,ұлы ғалымдардың бірі-академик Әлкей

Марғұлан 1981ж (Қазақ әдебиеті) газетінің 1-нөмірінде жарияланған (К8м3с сандық құпиясы) атты көлемді мақаласында былай дейді:Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптарының ең бағалысының бірі-өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайырдың шығармасы.Оның кітабы 1598ж жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз.Жазудың бас аяғы белгісіз.жазудың бас аяғы жоғалып кеткен...Шоқан оған зор ғылыми мән беріп,бұл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген.

3)Абайда өз шығармаларында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етті,барын дамытып, жоғын толықтырды.Ауызшада жазбаша да дамыған әр алуан әдебиет саласы барлық жағынан екі топқа бөлінді.Тақырып жағынан азаматтық,діни.Жанр жағынан көркем әдебиет,өзге жанрға жататын үлгілер.Тегі жағынан аударма,төл әдебиет.

Абайдың қазақ поэзиясытіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі,енгізген жаңалығы орасан зор.Оның еңбектері:1поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі

2өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгеріс

3айқындық пен дәлдік

4фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер

5жеке сөздерді талдап,талғап жұмсау,оларды поэтизмге айналдыру.

6өлеңнің синтак.композициялық құрылысына енген өзгерістер.

Образды сөздерді Абай тек етістік тобынан емес, өзге сөз таптарынан да алып пайдаланады.Ол қыртың,тыртың,байғұс қылтың,қу борбай,сымпыс талақ.

5-билет.

1. Көне түркі ескерткіштер тілі мен қазақ әдеби тілі арасындағы сабақтастық байланыстар

Көне түркі дәуірінен, оның ішінде V-X ғ, бізге мынадай жәдігерліктер жеткені мәлім:

1. V ғ жататын руна жазулы талас-енесей ескерткіштері: құлпытастардағы эпитафиялар, олар 1-2 сөйлемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих;

2.VIII ғ жататын руна жазулы орхон ескерткіштері: құлпытасқа қашалып жазылған түркі тайпаларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен батырлары, Білге қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тонықұқтар туралы тарихи шежірелер;

3. VIII-X ғ ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер(жазбалар)

Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халықтарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғ өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінен басталады деп санайды. Ал, Түрік қағаатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған. Зерттеуші Қ.Өмірәлиев өте дұрыс танығандай, түркілердің V-VIII ғ көркем сөз үлгісі – түркі поэзиясының, әдеби тілінің туу басы емес, тарихи белгілі кезеңнің ғана басы, яғни түркілердің ауызша поэзиясы: тұрмыс-салт жырлары, жоқтау өлең айту салты өте арғы дәуірлерде жасалған. Фольклор тілін зерттеуші Е.Жұбанов ауыз әдебиеті үлгілері жазба әдебиетінен өрбімейді, керісінше, орхон жазбаларына түркі тайпаларының ежелден дамып келген бай ауыз әдебиеті үрдісі негіз болған дегенді айтады. Бірақ қайткен күнде де орхон жәдігерлері әдеби мұра ретінде де, әдебиеттік белгілі жанрының үлгісі ретінде де біраз түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да әдеби тілінің тарихи бір арнасы екені даусыз.

2. XVIIIғ қазақ әдеби тілі-алдыңғы дәуірдің жалғасы

18 ғасырдағы қазақтың ауызша әдеби тілі өткен 15-17 ғасырлардағы әдеби тілдің әрі қарайғы жалғасы болып дамыды. Ең алдымен оның жай-күйін, әсіресе лексикасы мен фразеологиясын және кейбір грамматикалық нормаларын танытатын үлгілер әлдеқайда молырақ екені мәлім. Бұл кездегі көркем поэзия уәкілдерінің көпшілігінің негізгі лейтмотиві-ел қорғау, батырлықты ең жоғарғы мұрат ретінде суреттеу болды. Сондықтан 15-17 ғасырлардан келе жатқан жауынгершілік тақырыбы әрі қарай ұласады, осы мотивке тән көркем образдар мен лексика топтары сақталып, шыңдала түседі. Ақтамберді, Тәтіғара тәрізді жыраулар өздері де бір жағынан, «он жеті де құрсанып, Қылыш ілдім білекке» деп өткен жауынгер, жортуыл кернейшілері», (М.Мағауин), болғандықтан олардың жырларының дені сыртқы жауларға қарсы күрес, ерлік, батырлық мазмұнында келеді. Өткен ғасырларға қарағанда 18 ғасырдағы қазақ поэзиясында екінші бір үлкен тақырып пайда болды, ол-әлеуметтік-қоғамдық жай күйді суреттеу. Әдебиеттегі жаңа тақырып, ең алдымен лексика мен фразеология аясын кеңейту бағытын ұсынды. Үшінші тақырып-дінге, мұсылман дініне қатысты. 19 ғасырдың ІІжартысындағы мұсылманшылықты уағыздау, оның қағидаларын қазақша түсіндіру сияқты әрекеттер болмағанымен, 18 ғасырдағы қазақ поэзиясына алдыңғы дәуірлерге қарағанда, дін тақырыбы немесе исламға қатысты ойлар, түйіндер араласа бастайды. 18 ғасырдың авторлары поэзиясының тақырыбы белгілі бір оқиғаларға, адамдарға байланысты болып келеді, сол себептен мұнда жер-су, адам аттары өткен дәуірлердегі өлең-жырлар текстеріне қарағанда, әлде-қайда мол және түрліше болып кездеседі.

3. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]