Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhTD_2015_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256.51 Кб
Скачать

4- вариант

1. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ағымын бағалау және диагностикасын анықтаудың «алтын стандарты» болып табылады:

  1. бронхоскопия

  2. спирометрия

  3. компьютерлік томография

  4. пикфлоуметрия

  5. пульсоксиметрия

***

2. 26 жастағы науқас асқазандағы қыжылға , аш қарында және түнде болатын эпигастрий аймағындағы сүт ішкеннен кейін басылатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Екі жылдан бері ауырады, дәрігер тексеруінде болмаған, ем қабылдамаған. Болжам диагноз:

  1. «А типті» созылмалы гастрит

  2. «В типті» созылмалы гастрит

  3. Гастроэзофагеалді рефлюксті ауру

  4. 2-елі ішек ойық жарасы

  5. Асқазанның ойық жарасы

***

3. Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 секундқа кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз:

  1. Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы

  2. Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы

  3. Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы

  4. Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы

5. Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының

***

4. 35 жастағы науқас эмоционалді куштемеден кейін ішінің толғақ тәрізді ауруымен бірге жүретін сұйық , көп мөлшерде шырыш аралас нәжіске, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру сезімі үлкен дәреттен кейін және жел шығарудан кейін азаяды.Зерттеу барысында: пальпация кезінде тоқ ішектің түйілуі. Колоноскопияда патология анықталмайды. Дұрыс диагнозды анықтаңыз:

  1. диспепсиялық ашу синдромы

  2. тітіркенген ішек синдромы

  3. дисталді колитті синдром

  4. ішкі секреторлық жетіспеушілікпен созылмалы панкреатит

  5. энтеропатия

***

5. Жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткішке жатады:

  1. калий деңгейі 5 ммоль/л-ден төмен болуы

  2. калий деңгейі 5 ммоль/л-ден жоғары болуы

  3. креатинин деңгейі 200 ммоль/л-ден төмен болуы

  4. натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден төмен болуы

5. натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден жоғары болуы

***

6. 65 жастағы тұрақты күштемелі стенокардиямен ауыратын науқаста жіті ентігу, әлсіздік, кеуде торында ауырсыну пайда болды. Тексергенде: ортопноэ күйінде, акроцианоз, аяқ веналары варикозды кеңейген. Тыныс жиілігі – минутына 30. Өкпесінде тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. ЖСЖ – минутына 100. Рентгенограммада –диафрагма жоғары орналасуы, оң жақта өкпелік тамырлық сурет төмендеуі. ЭКГ – ЖЭО оңға айқын ығысқан, І тіркемеде терең S тісшесі, ІІІ тіркемеде Q тісшесі. Тропонина Т екі рет анықтағанда теріс нәтиже берген. D-димер оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:

  1. миокард инфаркті

  2. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  3. аортаның кеуде бөлігінің қатпарлы аневризмасы

  4. күштемелі пневмоторакс

  5. өкпенің альвеолярлы ісінуі

***

7. Вирусты гепатитке тән:

  1. сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі

  2. сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы

  3. сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция

  4. сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы

  5. сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадратында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз

***

8. Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз:

  1. антиангиналді препараттармен монотерапия

  2. антиангиналді препараттармен комбинирленген терапия

  3. аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангиналді препараттар

  4. статиндер, антиангиналді препараттар

  5. аспирин, статиндер, антиангиналді препараттар

***

9. 78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін тағайындауға тиімді препарат:

  1. эсмолол

  2. доксазозин

  3. урегит

  4. периндоприл

  5. верапамил

***

10. 62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетін ауырсынуға шағымданып келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған, Геберден, Бушар түйіндері анықталды. Бұл науқасқа тағайындау қажет:

  1. антибиотиктерді

  2. ангиопротекторларды

  3. кортикостероидтарды

  4. стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды

  5. спазмолитиктерді

***

11. 25 жастағы науқас ер адам дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда қолдануға болмайтын препаратты таңдаңыз:

  1. изоптин

  2. амиодарон

  3. аймалин

  4. ритмилен

  5. пропафенон

***

12. ЭКГ-мониторлы бақылаумен жүрген 49 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кенеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформацияланған. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 600 рет. Науқастағы мүмкін болатын себебі көрсетіңіз:

  1. Қарынша фибрилляциясы

  2. Қарыншаның жыбырлауы

  3. Қарыншалық аритмиялар

  4. Қарыншалық тахикардия

  5. Жыбыр аритмиясы

***

13. 57 жастағы науқас 10-12 сағатқа созылған төс артының ауырсынуына шағымданып жедел жәрдемді шақырды. Жағдайы ауыр, қара тер, бозғылт, жүрегі сол жаққа ұлғайған, тондары әлсіреген. Пульсі 110 рет минутына. Өкпесінде везикула тынысы, сырылдар жоқ, Жағдайы нашарлай берді, АҚҚ – 80/50 мм с.б.төмендеді, диурезі азайды. ЭКГ: SТ ІІІ-ІІ тіркемелерде изосызықтан жоғары орналасқан. Л-15 х 109/л, қалдық азот 150 мг %, трансминаза - 140 бір. фибриноген 0,7% жүргізілген жүрек - тамыр терапиясына қарамастан, ауру қайтыс болды. Өлімінің себебін көрсетіңіз:

  1. Миокардтың жарылуы

  2. Қолқаның аневризмасының ыдырауы

  3. Анафилактикалык шок

  4. Миокард инфаркты

  5. Жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігі

***

14. 57 жастағы ер науқасқа жедел жәрдем шақырылды, кеуде қуысының ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен тануға шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыныз:

  1. Жедел миокард инфарктісі

  2. Тұрақты стенокардия

  3. Тұрақсыз стенокардия

  4. Күштемесіз стенокардиясы

  5. E) Варианттық стенокардия

***

15. 50 жастағы ер адам күш түскеннен кейін, сол жақ кеуде сарайындағы қатты ауырсынудың пайда болатынын айтты. Сол қолын қозғағанда және терең демалғанда ауырсыну күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағында тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Сіздің диагнозыныз:

  1. Спонтанды пневмоторакс

  2. ЖИА.Стенокардия

  3. Остеохондроз

  4. Қабырға аралық невралгия

  5. Экссудативті плеврит

***

16. 6 жаста балаға тағайындалатын екпе:

1. АбКДС, КПК и БЦЖ

2.АбКДС, КПК и ПКВ

3. АбКДС, КПК и ИПВ

4. АбКДС, КПК и ХИБ

5. АбКДС, КПК и ОПВ

***

17. Бала 3 апталық. Қалыпты өткен жүктіліктен және босанудан жетіліп, туылған. Ана сүтімен тамақтандырылады. Анасы баспамен ауырып қалды. Бисептолмен және тамағын фурациллин ерітіндісімен шайып ем қабылдады. Балада жалпы жағдайы өзгерместен сарғаю пайда болды. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Дәрілік сарғаю

  2. Ариес-Люцея сарғаюы

  3. Физиологиялық сарғаю

  4. Ана сүтінен сарғаю

  5. Жильбер синдромы кезіндегі сарғаю

***

18. Қыз бала 10 жаста, терісі мен склерасының сарғаюына шағымданады. Перифериялық лимфотүйіндері мен бауыр үлкеймеген. Көк бауыр +3 см қабырға доғасынан шығыңқы. Қан анализі: эритроциттер-3,1х1012/л, гемоглобин-96г/л, ретикулоциттер - 5,7%, тромбоциттер-288х109/л, лейкоциттер-6,4х109/л, ЭТЖ -10мм/сағ. Эритроциттердің орташа диаметрі - 4,6 мкм (46%), 5,7 (38%), 6,4-16%. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин – 47 мкмоль/л, тікелей емес- 37 мкмоль/л, тікелей - 10 мкмоль/л. АЛТ-0,32 ммоль/л, АСТ- 0,17 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Жедел лейкоз

  2. Созылмалы лейкоз

  3. Верльгоф ауруы

  4. Минковский-Шоффар анемиясы

  5. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

***

19. Қыз бала 14 жаста. Гестозбен өткен жүктіліктен туылған. Басы ауырады, тәбеті жоғары, бойы ұзын, семіз, фолликулярлы гиперкератоз, санында ашық қызыл стрии байқалады. АҚ 130/70 мм. сын.бағ.Жыныстық жетілуі: Ма , Ах , Р , menses 12 жастан. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Пубертантты кезеңдегі гипоталамиялық синдром.

  2. Гипотиреоидты семіздік.

  3. Иценко – Кушинга синдромы.

  4. Экзогенді – конституционалды семіздік.

  5. Гипоовариалды семіздік.

***

20. Қыз бала 9 жаста, 3 айдан бері ауру. Қарағанда - дистрофия, бұлшық еттің әлсіздігі, периорбиталды ісік және гиперемия, қолдың фаланг аралық буындарының сыртының терісінің эритемасы, проксималды топ бұлшық еттерінің қатаюы мен ауыруы, мыңқылдақтық, тамақ жұтқанда шашалу байқалады, ЭТЖ- 40 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Миопатия

  2. Дерматомиозит

  3. Жүйелі склеродермия

  4. Псевдобульбарлы паралич

  5. Жүйелі қызыл жегі

***

21. Ұл бала 13 жаста, активті фазадағы нефротикалық синдроммен, бел аймағында ауырсыну синдромы пайда болды, сол жақта варикацеле, гематурия мен протеинурия жоғарлады, бүйрек қызметі тез бұзыла бастады. Науқастың жағдайының нашарлауының негізгі себебі:

  1. Бүйректің веналарының тромбозы

  2. Зәр жолдарының обструкциясы

  3. Гемолитико-уремиялық синдром

  4. Тез дамитын гломерулонефрит

  5. Диссемирленген тамырішілік қан ұю синдромы

***

22. Бала 6 айлық. Туылған кездегі салмағы 3500 г. Қараған кезде салмағы 6100 г. Маңдай және төбе төмпешіктері айқындалған, үлкен еңбегі 4х5 см, жиегі жұмсарған, краниотабес, шүйде жалпайған. Баланың тамақтануы төмен, тері тургоры төмен, ішіндегі тері асты май қабаты жұқарған. Бұлшық ет гипотониясы мен нәжістің тұрақсыздығы байқалады. Балаға дұрыс ем тағайындаңыз:

  1. Аквадетрим тәулігіне 5000 ХБ дозасында 45 күн

  2. Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 30күн

  3. Аквадетрим тәулігіне 3000 ХБ дозасында 30күн, тамақты болу керек салмағына есептейміз

  4. Аквадетрим тәулігіне 2000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты шамамен болу керек салмағына есептейміз

  5. Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты нақты салмағына есептейміз

***

23. 12 жастағы қыз балаға «Жүйелі склероз» диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу:

  1. Жүректің эхографиясы

  2. Тамырлардың реографиясы

  3. Буындардың рентгенографиясы

  4. Компьютерлі томография

  5. Өңешті бариимен зерттеу

***

24. Бала 1 жаста пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекциямен ауырып, зәр бөлуін тоқтатты. Ең алдымен өткізу қажет:

  1. Креатининді анықтау

  2. Ли-Уайт бойынша қан ұюын анықтау

  3. Вирустарға иммуноферментті анализ

  4. Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы

  5. Белок және белок фракцияларын анықтау

***

25. Жаңа туылған бала 4 жүктіліктен, 3 босанудан. Босану патологиясыз өтті. Бала салмағы 3200 г. Анасында 0(1) қан тобы, резус-теріс, баласы 0(1) топ, резус-оң. Бала өмірінің 1 тәулігінің соңында терісі мен склерасы сарғайды, бауыры + 3,5 см, көк бауыры + 1,0 см. Бала әлсіз. Жалпы қан анализінде: гемоглобин -110 г/л. Эритроциттер 3,0х1012/л, билирубиннің сағат сайын өсуі 9,6 мкмоль/л. Емдеу тактикасы:

  1. Адсорбенттер

  2. Фототерапия

  3. Инфузионды терапия

  4. Өт айдайтын препараттар

  5. Қанды алмастырып құю

***

26. Өте жоғарғы кардиоваскулярлы қаупі бар адамдар (кезкелген жерде орналасқан атеросклероз диагнозы; микроальбуминуриямен II және I типті ҚД; созылмалы бүйрек ауруы анықталған науқастар; SCORE шкаласы бойынша жинақталған балл > 10 %) үшін холестериннің төменгі тығыздықты липопротеидтерінің ұсынылатын мақсатты деңгейі:

  1. ХС- ТТЛП < 3,5 ммоль/л

  2. ХС- ТТЛП < 2,5 ммоль/л

  3. ХС- ТТЛП < 2,8 ммоль/л

  4. ХС- ТТЛП < 3,0 ммоль/л

  5. ХС-ТТЛП < 1,8 ммоль/л

***

27. 57 жастағы науқас ер адам дәрігерге демікпе ұстамасымен ентігу, көбікті қызғылт қақырықпен жөтелге шағымданып қаралды. Жағдайы нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде: 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Тексергенде: Ортопноэ. Өкпесінде екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ритм ырғақсыз. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасы бойынша.ЭКГ: жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет. Сол қарынша гипертрофиясы күштенуімен. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  2. бронх демікпесі ұстамасы

  3. жіті солқарыншалық жетіспеушілік

  4. спонтанды пневмоторакс

  5. өкпе инфаркті

***

28. 57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V 1,2,3,4 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және жүрек түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

  2. Сол жақ қарыншаның артқы төменгі бөлігінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

  3. Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

  4. Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

  5. Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

***

29. 66 жастағы науқас транзиторлы ишемиялық шабуылды басынан өткерген. Амлодипинді 5 мг мөлшерде уақытында қабылдамайды. АҚҚ 190/100 мм сынап бағанасымен. ЭКГ: синусты ритм, сол жақ қарынша гипертрофия белгілері. Қан анализінде: холестерин 8,5 мг/дл. Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қауіп тобын анықтаңыз:

  1. Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

  2. Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

  3. Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

  4. Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

  5. Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы IV

***

30. Науқас 65 жаста , 30 жыл бойы темекі тартқан, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген. Ентігу біртіндеп күшейіп, екі жақты плеврада сұйықтық пайда болған, кеуде торында ауырсыну , қызба, қан анализінде өзгерістер байқалмайды. Плевра қуысында сұйықтық пайда болуының басты себебі:

  1. инфаркттан кейінгі Дресслер синдромы

  2. пневмония

  3. өкпе рагі

  4. созылмалы жүрек жетіспеушілігі

  5. өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

***

31. ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц І түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:

  1. QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

  2. қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы

  3. QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы

  4. Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы

  5. әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы

***

32. 45 жастағы науқаста 6 ай бойы АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін тұрақты түрде жоғарылайды, эналоприл, гидрохлортиазид және амлодипинге резистентті.Соңғы кездері аяқтарының жиі тартылуы, түңгі полиурия ,бұлшық ет әлсіздігі пайда болған. Зерттеу барысында анықталатын өзгеріс:

  1. гиперкалиемия

  2. зәрде метанефрин экскрециясының жоғарылауы

  3. плазмада альдостерон концентрациясының жоғарылауы

  4. плазмада ренин белсенділігінің жоғарылауы

  5. зәрдің қышқыл реакциясы

***

33. 38 жастағы ер адам жалпы тәжрибиелік дәрігерге 4 тәуліктен бері дене қызуының 38,4oС қа көтерілуіне,аз мөлшерде бөлінетін қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздік пен тершеңдікке шағымданып келді. Ауруын салқындаумен байланыстырады.12 жыл бойы темекі тартқан, соңғы 8 жылда темекі шекпейді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: майда көпіршікті ылғалды сырылдар анықталған. Тыныс жиілігі – минутына 24 рет, ЖСЖ – минутына 102 рет, АҚҚ 110/70 мм сынап бағанасымен. Қан анализінде -лейкоцитоз 16 х 109 /л. Осы жағдайда бірінші кезектегі антибактериялық препарат:

  1. доксициклин

  2. гентамицин

  3. азитромицин

  4. тетрациклин

  5. триметоприм/сульфаметоксазол

***

34. 47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Бронх демікпесі ұстамасы қайталану қаупін тудыруы мүмкін болғандықтан тағайындауға болмайтын гипотензивті препарат:

  1. Лизиноприл

  2. Верапамил

  3. Индапамид

  4. Карведилол

  5. Амлодипин

***

35. 55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің қызаруы қоса байқалады. Артериялық қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасы. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз:

  1. Нитроглицерин тіл астына

  2. Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет

  3. ТромбоАсс 100 мг тәулігіне

  4. метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет

  5. Симвастерол 10 мг тәулігіне

***

36. Жалпы тәжірибелік дәрігер жоспарлы диспансерлік бақылау барысында 38 жастағы әйелде жиіліген және ырғақсыз пульсті (ЖСЖ – минутына 120 рет ), АҚҚ 160/80 мм сынап бағанасымен жоғарылауын анықтады. Науқас өзін жақсы сезінеді, шағымы жоқ. Науқастан сұрастыру барысында соңғы 4 айда 6 кг салмақ жоғалтқаны анықталды. Диагнозды анықтау үшін ең алдымен қандай зерттеу жүргізесіз:

  1. қалқанша безінің ультрадыбысты зерттеуі

  2. тәуліктік зәрде метанефрин экскрециясын анықтау

  3. электрокардиограмма

  4. қандағы тиреотропты гормон деңгейін анықтау

  5. бүйрек үсті безінің компьютерлік томографиясы

***

37. 45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезінуге шағымданды. Зерттегенде: ЭКГ патологиясыз. Эзофагогастродуоденоскопияда: төменгі өңештің сфинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз:

  1. домперидон + рабепразол

  2. Bмаалокс+ампициллин

  3. омепразол+смекта

  4. омепразол+маалокс

  5. омепразол + но-шпа

***

38. 73 жастағы науқас ер адам ентігуге, кезеңді жүрек тұсында қолайсыз сезімге, жүрек үзіліспен соғуына, жүрегі жиі соғу эпизодтарына шағымданып қаралды. АҚҚ 154/80 мм сынап бағанасы деңгейінде. ЖСЖ - минутына 82 рет. ЭКГ - да – сол қарынша гипертрофиясы. Тәуліктік ЭКГ мониторлеуде – орташа ЖСЖ – минутына 78 (ең төмен – 58, ең жоғарғы - 147). ST сегментінің нақты ишемияға тән өзгеруі анықталмаған. Мониторлеудің барлық кезеңінде арасында жиі, топтасқан қарыншаүстілік экстрасистолалар тіркелген. Осы фонда жүрекше фибрилляциясы ұстамасының 4 эпизоды байқалған. Емдеу тактикасын таңдаңыз:

1. эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) дилтиаземді қосу

2. эналоприл мөлшерін 10 мг-ға дейін көтеру және гипотиазид 25 мг

3. эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) тәулігіне 5 мг бисопрололды қосу

4. эналоприлге (5 мг) және гипотиазидке (25 мг) седативті препараттар (назепам) қосу

5. эналоприлмен 5 мг және гипотиазидпен 25 мг емдеуді өзгеріссіз қалдыру

***

39. Жаңа туылған нәресте босану үйінде екпе алады:

  1. ВГВ и БЦЖ

  2. АбКДС и ОПВ

  3. АбКДС и ХИБ

  4. КПК и ОПВ

  5. АбКДС и ВГВ

***

40. Нәресте жетіліп 2800 г салмақпен, бойы 47 см, 1-ші қалыпты жүктілік пен босанудан туылған , өмірінің 4 күні терісінің сарғаюы байқалды. Анасының қан тобы А (ІІ) резус оң, баласында В (ІІІ) резус теріс. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емуі активті, рефлекстері қалыпты. Қан анализінде: Эритроциттер 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин 98 ммоль/л, тікелей емес 78 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Механикалық сарғаю

  2. Физиологиялық сарғаю

  3. Пренаталды гипотрофия

  4. Гемолитикалық ауру, АВО бойынша сәйкессіздік

  5. Гемолитикалық ауру, резус бойынша сәйкессіздік

***

41. Бала 6 жаста. Бойы мен сүйек жасы 4 жасқа сәйкес келеді. Дене бітімі пропорционалды. Терісі эластикалық. Қалқанша безі ұлғаймаған. Жыныс дамуы 4 жасқа сәйкес келеді. Тиреоидты статус қалыпты: ТТГ - 2,3 мкХБ/л, Т4- 110 нмоль/л, Т3 - 2,3 нмоль/л . Анасының бойы - 150см., әкесінікі - 155см.Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Туа болған гипотиреоз, орташа ауырлықта

  2. Церебралды-гипофизарлы нанизм

  3. Жан-ұялық бойдың төмен болуы

  4. Кеш пубертатты синдром

  5. Соматогенді нанизм

***

42. Жасөспірім 11 жаста, бұлшықеттің ауыруына, әлсіздікке, артралгияға шағымданады. Көрудің тез нашарлау мен дистрофия байқалады. Объективті: санның терісінде – дөңгелек жұмсарған ошақ, оның үстінде тамырлардың айқындалғаны байқалады. АҚ 160/120 мм.сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз: