- •Мазмұны
- •1 Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың теориялық негіздері
- •1.2 Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі
- •Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы
- •Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың әдістемелік негіздері
- •2.2 Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу бағыты бойынша оқытылатын сабақтар жүйесі
- •Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Ақпараттық технология құралдары білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығы, жан-жақтан түсіп жатқан түрлі форматтағы мәліметтер ағыны білім беру саласындағы мамандарды да мультимедиялық құралдарға мұқият зер салуға шақырады.
Мультимедия дегеніміз не?” – деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады. Ұсынылып отырған зерттеу аясына лайықтап айтар болсақ, мультимедия – білім беру саласындағы видео және аудио үлгідегі мәліметтерді оқушының оңай қабылдап, жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын құрал.
Мультимедиялық оқыту құралдары (педагогикалық құрал) мультимедиялық оқыту бағдарламалары
Компьютер
Интерактивті тақта
Мультимедиялық проектор
Видео және аудиомагнитофон
Ғаламторға шығу мүмкіндігі
Электрондық оқыту бағдарламалары
Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:
компьютерлік анимациялар
иллюстрациялық қатар
дыбыстық қатар
видеофрагменттер
гипермәтін мен гиперсілтемелер.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері:
Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу
Суреттер енгізу
Дыбыстар кірістіру
Видеолар кірістіру
Анимациялар құру.
Бүгінгі мектеп оқушылары алдыңғы буын түлектеріне ұқсамайтыны сөзсіз. Оның бір себебі олар – «сандық дәуірдің перзенттері». Аталған ұғымды ең бірінші болып футурист Марк Пренскисандық технологияларға есейе келе бейімделген буын мен өмірге сол технологиялармен бірге келген жас буын арасындағы айырмашылықты түсіндіру үшін қолданған болатын.
Қазіргі кезде дүниежүзінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланушылар арасында мектеп жасындағы балалардың саны тез өсіп келеді. Сондықтан да технологияларға негізделген құралдардың қазіргі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігі болып отырғанын атап айтуға болады. Бұл кей кезде балалар сөйлеу тілінен бұрын технологиялардың тілі мен табиғатын ерте меңгеретінін де көрсетеді. Сондықтан да болар оқушылар мектепте де өздеріне жақсы таныс технологиялардың қолжетімді болғанын қалайды. Бұл үрдістің Қазақстандағы көрінісіне тоқталмай-ақ, еліміздегі мектептердің компьютерлермен жабдықталуы және интернетке қосылу мәселесі жалпы шешімін тапқанын атап өтейік. Сонымен қатар жалпы еліміздегі интернеттің таралуы да қарқынды жүріп келеді. Байланыс және ақпарат министрлігінің жоспары бойынша, 2015 жылы Қазақстан тұрғындарының 100 пайызы кең жолақты инернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады. Компьютерден басқа да интернетке кіру мүмкіндігі бар құралдар қатары көбейген сайын, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің интернетке деген қызығушылығы ерекше тез өсіп келеді. Қазіргі кезде кез келген оқушының қалтасынан табылатын ұялы телефондар интернетке жол ашатын негізгі құралға айналып отыр. Әлемдегі интернетті ең белсенді пайдаланушылардың басым бөлігі 5–18 жас аралығындағы жеткіншектерден құралған. Алайда, өкінішке орай, қоғам өмірін тез өзгертіп келе жатқан осындай жаңалықтар білім беру саласы мамандарының назарынан тыс қалып келеді.
Уақыт өткен сайын технологиялар ықпалының артуы мен адам миының ақпаратты қабылдап, сақтау ерекшеліктерін ескере отырып жасалған оқыту әдістемелері жаңа замандағы білім берудің негізгі қозғаушы күшіне айналмақ .
Адам миын зерттеушілердің сөзіне қарағанда, біз ақпартты екі бағытта – көру және есту арқылы қабылдаймыз. Мағлұмат осы екі бағытта қатар берілген жағдайда адам миы көбірек мәлімет қабылдап, оны тез қорыта алады. Оқушыға арналған ақпаратты осындай күйге келтірудің ең ыңғайлы жолы – қазіргі технологияға негізделген мультимедия болмақ.
Мидың ақпаратты қабылдау ерекшеліктері
Зерттеушілердің айтуынша, адам миының мүмкіншіліктері шексіз, бірақ оның сыры әлі де ашыла қоймаған. Десек те, мидың ақпаратты қалай қабылдап, қалай қорытатыны, жалпы алғанда, мамандарға мәлім. Ғалымдардың айтуынша, жаңа ақпараттың мидағы мәліметтер қорына енуі бірнеше сатыдан тұратын күрделі үдеріс. Атап айтқанда, бұл үдеріс мәліметтерді қабылдау, оларға зейін қою, іріктеу, жүйелеу және өзара байланыстыру кезеңдерінен тұрады.
Осы сатылардан өткен ақпарат ұзақ мерзімді жадыға орнығып, біртұтас жүйе құрайды. Мидың осындай жүйе құра білу қабілеті адамның есту, көру және оқу арқылы жинақтаған ақпараттарын өзара байланыстырып, білім қорына айналуына мүмкіндік береді (Chi, Glaser, and Rees, 1982).
Қабылданған ақпарат ұзақ мерзімді жадыға жетіп орнықпаса, ол көп ұзамай жойылуға бейім болады. Сондықтан білім алу дегеніміз адамның ұзақ мерзімді жадындағы өзгерістер, яғни оның толығуы деп сипаттауға болады.
Ақпарат жоғарыда аталған сатылардын өтіп, ұзақ мерзімді жадыға орнықпас бұрын, қорыту жадына түседі. Қорыту жадының мүмкіндіктері шектеулі, ол шағын көлемдегі мәліметті аз ғана уақыт бойы сақтай алады. Джорд Миллердің осы тақырыпқа арналған зерттеуіне (1956) сүйенсек, адам миы бір мезетте жеті түрлі мәліметті ғана қабылдап өңдеуге қауқарлы екен. Сондықтан 20 секунд ішінде өңделіп, ұзақ мерзімді жадыға түспеген мәліметтің есте (ұзақ уақытқа) сақталуы екіталай.
Қорыту жадының өзі ақпаратты бірнеше арна арқылы қабылдап, өңдейді. Зерттеушілер пікірінше, ақпарат негізінен есту және көру мүшелері арқылы қабылданады (Бадделей, 1992). Есту мүшесі құлақпен қабылдаған ақпаратты, ал көру мүшесі көзбен көрген ақпаратты өңдейді. Ал мәтін түрінде қабылданатын ақпарат мида өзгеше жолмен өңделеді. Мәтіндер әуелі көру мүшесі арқылы қабылданып, кейін есту арқылы іштей дыбысталып өңделеді (Майер, 2005).
Зерттеушілердің пайымдауынша, адам миы көру арқылы келген ақпаратқа қарағанда, есту арқылы келген ақпаратты жеңіл қортады (Милер, 2005). Десек те, есту және көру мүшелерін қатар пайдалану – мидың қабылдап өңдей алатын ақпарат көлемін едәуір арттыра алады (Свеллер, 2005). Адам миына тән мұндай ерекшеліктердің (көп мағлұматты тез арада қорыту) білім беру саласында ескерілуі аса маңызды. Сондықтан, мидың табиғаты мен мүмкіндіктерін ескермей дайындалған әдістемелердің тиімділігінің төмен болуы да әбден түсінікті.
Ақпаратты жүйелеу
Сатылай өтетін күрделі үдерістерден (сызба) соң ақпарат қорыту жадынан ұзақ мерзімді жадыға енгізіледі (Свеллер, 2003). Егер келген ақпаратты жүйелейтін жоғарыда аталған сызба мида біріздендірілмеген болса, ақпаратты қорыту кідіріске ұшырап, қорыту жадында ақпаратты қорыту үшін жаңа сызба жүйесі жасалады (Бадделей, 1999).
Егер ақпарат нашар жүйеленсе немесе түскен ақпарат әртүрлі болып, сызбаға сәйкес келмесе, қорыту жады ақпараттың бір бөлігін (шамалы бөлігін) ғана өңдей алады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін игерілуге тиіс ақпарат пен түскен ақпаратты бірлікте қатар жүйелендіру ұсынылады.
Ақпаратты өңдеу және мультимедиялық оқыту құралдары
Сонымен біздің мультимедиялық оқыту құралдары арқылы қабылданатын ақпараттың мида өңделуіне қатысты қорытындымыз төмендегідей болмақ:
1. Тиімді мультимедиялық құралдар қорыту жадының ақпаратты өңдеу мүмкіндігінің шектеулі екендігін көрсетеді.
2. Тиімді мультимедиялық презентациялар (көрсетілімдер) мазмұнды жеткізу үшін қорыту жадындағы есту және көру арналарының артықшылықтарын пайдаланады.
3. Тиімді мультимедиялық құралдар көру және есту арқылы қабылданған мәтінді өңдеу белгілі бір қиындықтарға соқтыратындығын көрсетеді.
4. Мультимедиялық құралдармен берілген тиімді презентациялар ұзақ мерзімді жадыға орнығар алдында ақпаратты ыңғайлы сызба арқылы жүйелейді. Қолданыстағы сызбаны пайдалану арқылы немесе оқушылардың жүйелендіруіне тиімді әдіспен берілген ақпарат оқушылардың ұзақ мерзімді жадына орнығуына оңтайлы болады.
Тиімділігі жоғары, үздік мультимедиялық оқыту құралдары мидың ақпаратты өңдеу қабілетінің мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатынын атап өтуге болады.
Мультимедиялық құралдардың тиімділігі неде?
Қазіргі кезде мультимедиялық құралдардың тиімділігі неде екендігін түсіндіретін зерттеулер саны артуда. Төменде мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқытудың ең маңызды қағидалары анықталып, олардың оқушыларды тиімді оқытуға қаншалықты ықпал ететіні туралы зерттеулерде айтылып жүрген кейбір мәселелер беріледі.
Мультимедиялық құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды қағидаларын толық және жан-жақты сипаттаған зерттеуші, осы саланың жетекші мамандардың бірі – Ричард Майер: «Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді» – деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және ауызша мәтінді, ал суреттерге статикалық графикалық суреттерді, анимацияны және видеоны қосады (Ричард Майер, 2005). Осыған дейінгі зерттеу еңбектерінің тұжырымдары сөздерді де, суреттерді де пайдалану мидың қорыту жадында ақпараттың көбірек өңделуіне мүмкіндік беретіндігін дәйектейді (Свеллер, 2005).
Осы негіздемені кеңейткен Майер (2005) мен оның әріптестері сипаттау мен видеоның сипаттау мен мәтінге қарағанда тиімдірек екендігін айтады. Сол сияқты сипаттау, видео және мәтінге қарағанда, сипаттау мен видеоның тиімділігі жоғары. Сипаттау мен мәтін ақпаратты өңдеудің бір ғана бағытына негізделген (Бадделей, 1999). Мультимедиялық құралдарды пайдаланған мәтіндік презентациялардың сипаттамаға негізделген презентациялармен салыстырғанда тиімділігі төмен болуы мүмкін.
Естеріңізде болса, оқыту үдерісі үшін ақпарат қорыту жадынан табысты түрде ұзақ мерзімді жадқа ауыстырылуы керек. Мультимедиялық мазмұнды ақпарат қорыту жадының түрлі арналары арқылы тиімді түрде ұзақ мерзімді жадыға енгізіліп, жоғалмау ықтималдығын арттыруы мүмкін. Мысалы, анимация мен сипаттама арасындағы теңдікті сақтай отырып (мүмкіндігінше мәтінді аз қолдану арқылы) жасалған презентация тиімді болмақ.
Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбей бір жерге жинақталған кезде мультимедиялық құралды пайдаланып оқыту тиімді. Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбеген кезде ғана мультимедиялық оқыту құралдары тиімді болып саналады. Оқушылар экранда бір-бірінен алыс тұрған ақпараттарға қараған кезде, олардың назары бөлшектерге бөлінеді. Мысалы, мазмұнды сипаттайтын суретті бейне мен мазмұнның өзі экранда бір-бірінен алыс тұрса немесе кезең-кезеңмен екі жеке нүктеде ұсынылатын болса.
Қысқаша айтқанда, суретті бейне мазмұнымен бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиіп, оқыту тиімдірек болады (Майер, 2005). Мазмұн суретті бейнесімен бірге ұсынылмаған болса, оқушының назары бөлшектерге бөлінеді. (Алдыңғы абзацта айтылған ой тағы қайталанған) Мұндай жағдайда кезең-кезеңмен қабылданған ақпаратты үйлестіру үшін миға салмақ түседі.
Сурет пен оның мазмұнының бір мезгілде бірге ұсынылуы дәл осы сурет пен мазмұнның кезектестіре берілуіне қарағанда әлдеқайда оң әсерін тигізеді (Майер және Симс, 1994). Мысалы, оқушыларды оқыту барысында әуелі сипаттаманы, кейін анимацияны (немесе анимация, содан кейін сипаттаманы) беру тәртібімен салыстырғанда бірге ұсынылған сипаттама мен анимация дұрыс нәтиже көрсетеді.
Экранда бір-біріне жақын орналасқан (немесе бір-біріне ілескен) мәтінді суреттері бар мультимедиялық қосымшалар бір-бірінен алыс орналасқан мәтіні бар суретті қосымшалармен салыстырғанда тиімдірек болып табылады.
Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар осы ақпараттың бөлшектерге бөлінген нұсқасын оқитын оқушылармен салыстырғанда ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады (Чандлер және Свеллер, 1991). Біріктірілген күрделі үлгілер (мысалы, ақпаратты бір экранда ұсыну) жеке мультимедиялық үлгіге қарағанда ұтымды болмақ (мысалы, ақпаратты экранда және жеке парақ қағазда ұсыну).
Мультимедиялық мазмұнды ұсынуда артық және сәйкес емес ақпараттың болмауы маңызды.
Зерттеулер қорытындысы бойынша, мультимедиялық құралдар арқылы оқыту барысында маңызды және оқу мақсаттарына сәйкес мазмұн берілген жағдайда ғана оқыту сәтті болмақ (Майер, 2003). Калюга, Чандлер және Свеллер (1999) сияқты зерттеушілер мультимедиялық құралдарды пайдаланған презентацияға артық және тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат берілмеген кезде оқушылардың көп материалды игергендіктерін жазады.
Мидың ақпаратты өңдеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, тақырыпқа қатысы жоқ ақпаратты азайту арқылы үйрену үдерісін тиімді етуге болады. Мидың мүмкіндіктерін бөтен ақпаратқа «жұмсау» оқытуға зиянын тигізеді, сондықтан оны оқу мақсаттарына сәйкес келетін нақты ақпараттарға жұмсау керек. Мультимедиялық құралдарды дайындаушылар мен пайдаланушылар осы негіздемені басшылыққа алса, оқыту құралының тиімділігі арта түсер еді.
Мультимедиялық презентацияда мәтінмен бірге, ақпарат мазмұнының алдында және соңында ұсынылатын, оқыту барысында мультимедиялық мазмұнды дайындау, күшейту немесе кеңейту мақсаттарында берілетін қосымша ақпараттар үлкен маңызға ие.
Мультимедиялық оқыту интерактивті және оқушы тарапынан қадағаланса, оның тиімділігі де жоғары болады
Әр оқушының ақпаратты қабылдау жылдамдығы әртүрлі. Зерттеулер қорытындысы презентация барысын қадағалап, ілесіп жүре алатын оқушылардың әлдеқайда көп ақпаратты игеретіндігін көрсетті (Майер, Доу және Майер, 2003).
Оқушылардың презентацияны баяулатып немесе қосып, тоқтату арқылы дербес жұмыс жасау мүмкіндігі болса, мультимедиялық құралдар арқылы жасалған презентация тиімді саналады. Сонымен қатар презентацияны сегментерге бөлу арқылы, оқушылардың ақпаратты жақсы қабылдау жылдамдығына қол жеткізуге болады; пайдаланушыларға өз үлгеріміне сәйкес сегменттер таңдау мүмкіндігін беріп, қысқарақ сегменттерге бөлген кезде олардың құлшынысы артып, сырттай қадағалаумен ғана шектелуге болады.
Оқушылар білімінің құрылымы мультимедиялық мазмұнның әсеріне дейін белсенді болған жағдайда, мультимедиялық құралдары пайдаланып оқыту тиімдірек.
Ақпаратты жүйелендіруге арналған құрылымдар белсенді болған кезде мультимедиялық презентациялардың көмегімен оқыту күшейе түседі (Поллок, Чандлер және Свеллер, 2002). Материалды оқушылардың жадына түсіруге көмектесудің немесе құрылымдарды алудың (ақпаратты жүйелендіруге және түсінуге көмектесетін) бірнеше әдістері бар. Көрсетілімдер мен талқылаусыз, қайта жаңғырту мен жазбаша сипаттамаларсыз оқушылардың құлшынысын арттыру оларға алдын ала мазмұнды қарауға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асуы мүмкін. Маңызды ақпаратты және мазмұнның жүйесін көрсете отырып алдын ала қарату әрекеті – білімді белсенді етуге бағытталған шара (Калюга, 2005). Бастапқыда мазмұнмен танысуға қатысты графикалық көрнекі құралдарды ұсынып, сыныпта талқылап және баға беру алдын ала белсенді ету үшін пайдалы болуы мүмкін. Мидың ақпаратты өңдейтіні туралы жоғарыда айтып өткен тұжырымдарға сәйкес бұл әрекеттер сызбаны (жүйелендіру құрылымдарын) белсенді жасауға көмектесіп, презентация барысында жаңа ақпараттың меңгерілуін жеңілдету үшін жаңа сызба құруға мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісін жақсартуға мүмкіндік беретін мультимедиялық оқыту құралдары
Анимацияланған мазмұн тиімді пайдаланылса, оқыту үрдісін жақсартуға да мүмкіндік туады. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері оқытудың компьютерге негізделген анимацияланған ортада (Парк, 1994; Тверский, Бауэр-Моррисон және Бетранкорт, 2002) жүзеге асуы тиімділікті арттыратынын көрсетті. Оқушылардың түсінуіне немесе қиялымен елестетуіне қиындық келтіретін ұғымдар немесе ақпараттардың презентациясын жасау кезінде анимацияны пайдалану дұрыс шешім болып саналады (Бетранкорт, 2005). Анимация оқушыға үрдісті немесе қиялда елестетуге қиындық тудыратын басқа да бір динамикалық құбылысты көру арқылы қабылдауға көмектесе алады. Бұл, әсіресе, ажырамас үрдістер болып табылатын (мысалы, физикадағы электр тізбектері, күштер) мазмұнды түсіндіруде өте маңызды рөл атқарады.
Анимация көбінесе берілген ақпарат туралы хабары бар оқушыларға емес, ұсынылып отырған ақпаратпен енді таныса бастағандарға елеулі ықпал жасайды (Майер және Симс, 1994). Оның мазмұнды жете білетін оқушылармен салыстырғанда, мазмұнды үстіртін білетін студенттерге берер пайдасы мол. Оқушылар анимацияны қарау барысында тоқтатып және оны өзіндік қабылдау деңгейіне сәйкес қарастыру мүмкіндігі немесе анимацияның түрлі аспектілерін басқару мүмкіндіктері болған жағдайда анимация тиімділігін көрсетеді. Мұндай тәсілмен тиісті ақпаратты алған оқушылар берілген қосымшадағы тапсырмамен жұмыс жасау барысында алған білімін пайдаланып, ақпарат мазмұнына қатысты бақылау жұмысын жасаған кезде үздік нәтижеге қол жеткізеді (Майер және Чандлер, 2001).
Анимация оқушыларға күрделі ақпаратты көзбен шолу мүмкіндігін бере отырып, ақпаратты түсінуді жеңілдетуі мүмкін. Егер анимация есту және көру мүмкіндіктерін де пайдаланатын сипаттамамен ілестірілетін болса, тиімдірек болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:
мектептің материалдық-техникалық базасына;
ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар (Сурет 10).
Сурет 10. Интерактивті тақта
Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Aктивті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы (Сурет 11).
Сурет 11. Активті қалам
ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал (Сурет 12).
Сурет 12. ACTIVwand указкасы
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады (Сурет 13).
Сурет 13. Активпанель
ACTIVslate. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады (Сурет 14).
Сурет 14. ACTIVslate
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады (Сурет 15).
Сурет 15. ACTIVtablet
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады (Сурет 16).
Сурет 16. Желісіз радио пульт
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа.
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
Флипчарт өзі ағылшынның flip chart - айналдыру + кескін) магниттік тақта бекітілген тұғыр. Тақтаға қғазды магнитпен жабыстырып қойып немесе маркермен жазуға болады. Флипчартты лекции, баяндама, презентация, жиналыс, семинарларда қолдану өте тиімді (сурет 17).
Сурет 17. Флипчарт
Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады (сурет 18).
Сурет 18. Флипчарт
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім-оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін оқыту үрдісінде компьютерді пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді (Сурет 19).
Сурет 19. Проектор құралы
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады. Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5.ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Презентациямен айналысатын оқушыларға мультимедиялық оқыту құралдары арқылы дайындалған презентация оңтайлы болады.
Ұсынылған презентацияның мазмұны мен мазмұнды беру тәсілі мультимедиялық оқыту құралдары арқылы берілгенде тиімділігі артып, оқушыларды ынталандырады. Сабаққа белсенді араласу оқушының білім жинақтауына және ақпаратты қабылдау жүйесінің сызбамен қалыптасуына көмектеседі (Майер, 2003). Зерттеулердің нәтижесі мультимедиялық арналарды (түсініксіз) тартымды жасай алатын бірнеше арналардың бар екендігін көрсетті.
Мультимедиялық құралдар арқылы ұсынылған, оқушының жеке басымен байланыстырылған ақпарат мазмұны оқушының жеке басымен байланыстырылмаған ақпаратқа қарағанда өзіне оқушылардың көңілін тез аударып, олардың белсенділігін күшейтеді (Майер, 2005). Оқыту барысында оқушыларды формалды стильдегі презентацияларға қарағанда әңгімелесу стиліндегі презентациялар қызықтыратыны, осыған ерекше назар аударатыны байқалды. Сонымен қатар оқушының өзіне тура бағытталған «сіз» және «мен» деген есімдіктер қолданылған презентациялар ақпарат үшінші жақта айтылған презентациялармен салыстырғанда оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттыратыны да айқындалды (Майер, 2005a). Оқушылар бейтаныс акцент және бейтаныс дауысты презентацияға қарағанда таныс дауыспен дыбысталған, акценті жағымды, таныс презентацияларды көруге құштар. (Майер, Собко және Мотоун, 2003).
Экрандық кейіпкерлерді пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың қатарын көбейтуі мүмкін. Бұл әсіресе экрандық кейіпкерлердің оқушылармен тікелей тілдік қарым-қатынасқа түсуі кезінде айқын байқалады (Крэйг, Голсон және Дрисколл, 2002). Оқыту тұжырымдарын «әңгіме» сипатында ұсыну оқушылардың сабаққа кеңінен қатысуына жол ашады. Ал сипаттау үлгісі оқушыларды өзіне тартып, тіпті оларға оқу кезінде көмегін де тигізеді (Лоу, 2002). Сипаттау үлгісі ақпаратты жүйелендіруге және оны өңдеу үрдісін жеңілдетуге көмектесуі мүмкін. Әсіресе экран кейіпкерлері мен негізгі сипаттаманы мазмұнды әңгіме ретінде ұсыну мақсатында біріктіру оқытудың тиімділігін арттырмаса, кемітпейтіндігі анық.
Білім құрылымдарын жасау кезінде берілетін ақпараттың оқушыны өзіне тартуы ескерілгені абзал (Майер 2005). Дұрыс жасалған білім құрылымдары берілер ақпаратты жүйелендіруге, сонымен қатар қорыту жадындағы ақпаратты өңдеудің жаңа сызбасын құруға көмектеседі. Бұл жаңа ақпаратты меңгеруді және білімді қорыту жадынан ұзақ мерзімді жадыға тапсыруды жеңілдетеді.
Оқушылар игерген білімдерін қолданатын және кері байланысқа қатысатын болса, мультимедиялық құралдар арқылы оқыту өте тиімді болады.
Егер оқушылар есту арқылы келген ақпараттың әсерінен кейін оқығанын пайдалана алу мүмкіндігіне ие болса, бұл мультимедиялық құралдар тиімділігінің тағы бір көрінісі болады (Майер, 2005). Бұл жаңадан алған білімдерді нығайтып, берік орнығып қалуына ықпал жасайды. Оқушылардың ақпарат арқылы алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыруына мүмкіндік беру керек. Меңгерілген білімдерді біріктіруге көмектесетін бірден бір тәсілдер оқушылардың игерген білімдерін алдыңғы (келесі) тақырыппен байланыстыру, өткен тақырыптарды талқылау және топтық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылармен кері байланыс орнату оқыту үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады, бірақ бұл кезде мультимедиялық құралдар негізгі тірек бола алмайды. Оқушылармен олардың жетістіктері туралы үздіксіз кері байланыс орнату аса маңызды болып саналады (Ги, 2005; Перкинс, 1992). Кері байланыс оқушыларға өз жетістіктерін білуге және олардың оқыту үрдісінен шығып қалмауына мүмкіндік береді (Ги, 2005). Сонымен қатар кері байланыс ұсынылған ақпараттың бала зердесіне нық орнығуына септігін тигізеді, кейбір кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Байланыс жиі және тез арада жүзеге асырылатын болса, соншалықты тиімді болады.
Мультимедиялық құралдар арқылы берілген ақпараттан кейін жасалған кері байланыстың қалыпты түрі де, әдеттен тыс (мүмкін: дәстүрлі/дәстүрлі емес) түрі де оқыту әрекетін нығайтуға септігін тигізеді. Қалыптасқан үлгідегі бағалау (тестілер мен бақылау сұрақтары) әдістері ішкі мониторинг және мұғалімдердің сілтемелерінің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік туғызатын мультимедиялық қосымшалар кері байланыс үшін ерекше құнды мүмкіндіктер береді.
Оқушылардың өзіндік ерекшеліктері және мультимедиялық оқыту құралдары
Мультимедиялық құралдар да басқа да оқыту құралдары сияқты кейбір оқушылардың жақсы жетістіктерге жетуіне оң ықпалын тигізсе, кейбіріне ешқандай әсер тигізбеуі де мүмкін. Бұл жағдай оқушылардың үлгерімінің түрлі деңгейде болатындығын айғақтайды. Мұндайда оқушылардың барлығының қажеттілігін қанағаттандыру үшін оқытудың түрлі стильдерін пайдаланып, ұсынылар ақпаратты түрліше құбылтып отыру керек.
Зерттеуші Говард Гарднер және оның Гарвардтағы әріптестерінің тұжырымы бойынша, адамдардың мүмкіндіктері шексіз болуы мүмкін және интеллектті білімнің бірнеше салаларының немесе ақыл-ой қабілеттерінің үздік жиынтығы ретінде қарастыру қажет (Гарднер, 1993; Гарднер 1999). Гарднер интеллекттің (ақыл-ой қабілетінің) сегіз түрі бар екендігін алға тартады: лингвистикалық, логика-математикалық, кеңістік, физика-кинетикалық, музыкалық, тұлға аралық, жеке тұлғалық және натуралистік. Аталған тұжырымға негізделіп, яғни оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған оқыту құралдары жақсы нәтиже беретіндігі анық.
1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында Рассел Френч, Дэрил Джилли және Эд Черри (Оқыту стильдері институты, 2008) әзірлеген перцепциялық оқыту стилінің моделі оқытуда оқушылардың ерекшеліктері ескерілетін тағы бір тиімді әдіс түрін ұсынады. Аталған модельде оқушылар ақпаратты қоршаған ортадан өз сезімдерін пайдалану арқылы алатынын, сонымен бірге баспа өнімдері, дыбыс (есту), интерактивті, визуалды, сезіну, кинестетикалық және иіс сезімі арқылы жүргізілетін оқудың (оқытудың) жеті жолы бар екенін атап көрсетілген.
Зерттеуде оқыту үдерісінде оқушылардың белсенді болуы үшін қабілет ерекшеліктері ескеріліп, ақпаратты түрлі әдіспен жеткізу керектігі айтылады.
Оқушылардың өз қалауы болуы мүмкін немесе түрлі әдістердің көмегімен тиімді оқуы мүмкін. Мысалы, бір оқушы баспа өнімдерінде берілген ақпарат арқылы қанағаттанарлық деңгейде білім жинақтай алатын қабілетке ие болса, екіншісі ақпаратты көру арқылы қабылдауды тиімді санайды. Мультимедиялық оқыту құралдары әсіресе ақпаратты көру немесе есту арқылы қабылдайтын оқушылар үшін тиімді. Мультимедиялық құралдар арқылы оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыруға және қабілеттері, бейімдері әртүрлі оқушыларға берілер ақпаратты қалауына сәйкес ұсына алуға мүмкіндік беретін бірден-бір ыңғайлы, қолайлы оқыту әдісі болып саналады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі таңда әлемдегі жаһандану үдерісінің ерекше қарқын алуы кезеңінде және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибені, көпғасырлар сынынан өткен халақтық мәдени дәстүрлерді ескере отырып жаңаруы жалпы білім беретін мектептерге де жаңа талаптар қоюда.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының он жетінші бағытын – Жоғары және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта дайындау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, - деп көрсетті. Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені, әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының аймағы. Мұның өзі ұлттық білім үлгісін жасауды талап етіп, оның негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен роліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігі және іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі жағдайда мектепте оқушылардың білімін, таным қызығушылығын, шығармашылық іс-әрекетін рухани дамуын арттыруда жаңа технологияларды, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдануда. Дегенмен, оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін арттыруда оқыту үдерісінің, сондай-ақ кәсіптік білім беруде белсенділігін арттырудың мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып отыр. Осы кемшіліктерді түзету бағытында қазіргі кезеңде бүкіл әлемде ақпараттық технология кеңінен қолданыс табуда. Оқу үдерісіне ақпараттық технологияны ендіру қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайтыны баршамызға мәлім. Қазіргі қоғамда әлемдік ақпараттық кеңістіктен ешқандай шектеусіз қажетті мағлұматты кеңінен пайдалануына жол ашылды. Жаңа мультмедиялық және ақпараттық технологиялардың пайда болуы оларды қарым-қатынас, тәрбие құралдары ретінде және әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға мүмкіндік береді. АТ (ақпараттық технология) жеке тұлғаның жан-жақты жетілуіне және кәсіби жағынан сауатты болып өсуіне де ықпалы зор екені байқалады.
Мектепте АТ көмегімен оқушы мәтінмен жұмыс жасайды, графикалық обьектілер жасайды, электрондық таблицалармен жұмыс жасайды. Баланың көзқарасы жан-жақты дамиды, ой-өрісі өседі. Сабақта АТ-ны қолдану оқушының оқуға деген мотивациясын арттырады, танымдық қызығушылығы арта түседі.
Кәсіптік білім беруде АТ көмегін қолданудың өзінің отыз жылдан аса тарихы бар. Осы кезеңде көптеген оқу мекемелерінде әсіресе АҚШ, Франция, Жапон, Ресей және т.б. елдерде компьютерлік жүйемен оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылды.
Білім беру деңгейін көтеру мақсатында АТ мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігін арттыру қарастырылуда. Ғылыми бағыт ретінде ақпарат үш түрлі деңгейде қарастырылады:
төменгі (физикалық) – бағдараламалы-аппараттық есептеу құралдары және байланыс техникасы;
орта (логикалық) - ақпараттық технология;
жоғары (пайдаланушылық) – қолданбалы ақпараттық жүйе.
Ақпараттық құралдарын пайдалану жастарды ақпараттық мәдениетке баулуда негізгі болып табылады.
Білім беруде АТ қолдану ең негізі төрт саланы қамтиды:
компьютерлік техника және информатика зерттеу обьектісі ретінде;
компьютер педагогикалық қызметтің сапасын арттырушы құрал ретінде;
компьютер білім беруде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру құралы ретінде;
компьютер және информатика педагогикалық білім беру жүйесінің компоненті ретінде қарастырылады.
Соңғы 20-25 жылдарда компьютерлер және оларға салынған ақпараттық технологиялар мәні жағынан өзнгеріске ұшырауда.
Компьютерлік технологиялардың қарқынды өсуі білім берудің барлық саласын қамтуда. Сондықтан да компьютер білім берудің мықты бір құралына айналды. Бірақ бұл мұғалімнің сабақтағы функциясын жояды деген сөз емес. Керісінше сабақта компьютерді қолдану білімнің сапасын одан арттыра түседі деген ойдамыз.
Сабақ барысында жаңа білім беруде, пысықтауда, қорытындылауда компьютерді қолдану көптеген іс-тәжірибе негізінде апробацияланғанын көптеген зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр. Сабақта дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа интерактивті оқыту әдістерін қолдану өзінің мазмұндық жағынан сапасының жоғары екенін көрсетті. Интерактивтілік сабақ барысында оқушыларға оқу үдерісіне белсенді түрде араласып отыруына, яғни сұрақтар қоюға, сонымен қатар өздеріне белгісіз ұғымдарды анықтап сұрауына оқу материалының фрагменттеріне араласуына мүмкіндік береді. Сабақта компьютерді, видеоматериалдарды қолдану мұғалімнің жаңа сабақты өз дәрежесінде оқушылардың белсенді түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Интерактивтік әдістердің артықшылығы мұғалімнің жетекшілігімен және дербес компьютерлік оқыту барысымен дәстүрлі әдістерден басым болып келеді. Мұнда компьютер мұғалімнің белсенді көмекшісіне айналады. Оқушы сонымен қатар сабақта слайдыларды қолдануы, дайын модель үлгілерін, сызбалар қолдануы мүмкін.
Компьютер көмегімен оқытуда оқушы белсенділігін арттыруға кабинеттік жүйе мен оқытудың ролі үлкен септігін тигізеді. Яғни, сабаққа көрнекіліктер мен техникалық құралдарды тиімді пайдалануға қолайлы жағдай туады. Мұғалім материалды алдын ала дайындап, уақытты ұтымды пайдаланады. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артады.
Компьютер арқылы сабақ өткізу барлық орта және арнайы мектептерде де қолға алынып отыр. Осыған байланысты мұғалімнің жұмысы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады. Олай болса, бұл мектепте мұғалім қандай мақсат көздейтінін, оған жету шін қандай әдіс-тәсілдер, көрнекі және техникалық құралдар қолданылатын алдын-ала жоспарлап алу керек.
Техникалық құралдарды оқу үрдісінде, яғни сабақ барысында жүйелі қолдану балаларға материалды ұғындыруын жеңілдетеді және оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде сабақта көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Бірақ көрнекілікті және техникалық құралдарды пайдаланғанда балалардың өздеріне тән ерекшеліктері басшылыққа алынуы керек Мұғалімдер мен оқушыларға әр-түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер болып табылады. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып компьютер арқылы сабақ өткізу әдісін пайдалану тиімді екендігін өмір көрсетіп дәлелдеп отыр. Сол себепті сабақта, жекелеген пәндерді оқытуда компьютерді қолдану бүгінде қажет. Ал оқушылардың компьютермен жұмыс істеуі тек мұғалім жетекшілігімен ғана жүзеге асырылады.
Мектепте де компьютермен жұмыс істеуі өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді.
Сабақты компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
-оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпарат алмасу сипатын айқындау;
-дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-ойлау қабілетін дамыту;
-ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалдарды меңгеруде қолдана білуге үйрету.
Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі - компьютер арқылы пәндік сабақтар өткізу. Бұл оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.
Ақпараттық технология және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі қағидалары іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде адам машықтанған тұлғаға айналуы өзіне-өзі түсінікті.
Оқыту үрдісінде мұғалім мен компьютердің көмегін қолдану білім беру үдерісінің сапасын арттырады. Осы аталған әдістемені қолдану сабақ беру үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра түседі. Біріншіден, мұғалімнің жаңа сабақта компьютерді қолдануы дайындығы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімді бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мұғалімнің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылады, себебі мұғалім сабақ беру әдістерінің қазіргі кезең талаптарына сай дәрежеде болуын үнемі қадағалап отыруы және өзінің біліктілігін қазіргі кезең техника және технология жетістіктері негізінде арттырып отыруы қажет болады.
