- •Мазмұны
- •1 Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың теориялық негіздері
- •1.2 Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі
- •Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы
- •Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың әдістемелік негіздері
- •2.2 Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу бағыты бойынша оқытылатын сабақтар жүйесі
- •Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу бағыты бойынша оқытылатын сабақтар жүйесі
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр–ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үдерісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес,сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны,басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білуқабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үдерісінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[88].
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Интерактивті оқыту технологиясы – бүгінгі таңда жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің ажыралмас бөлігі болып табылып, отандық және жақын әрі алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Оқушыларды киімді конструкциялау мен модельдеуге оқытуда маңызы зор екендігін атап өтеміз, өйткені оқытудың интерактивтілігі– виртуалды оқыту ортасындағы заманауи білім беру үдерісінің басты қағидаты болып табылады (О.И.Агапова, Л.А. Джонс, А.С. Ушаков; У.Ж. Алиев; В.Г. Гульчевский және Н.Е. Гульчевскийлер; М.В. Кларин және т.б. [89,90,91,92,93,94]) мұның өзі тікелей оқу материалдарына, сондай-ақ оқыту үдерісіне де қатысты болып келеді. Алғашқы жағдайда интерактивтілік, әсіресе, мультимедия қолданыла отырып, компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз етіледі; екінші жағдайда – студенттер мен оқушылардың синхронды және асинхронды екі жақты коммуникациялық арналарға орай іске асырылады.
«Интерактив» термині біздерге латынның «interact» («inter» - өзара, «act» - әрекет ету) сөз тіркесінен келген.
Интерактивті оқыту тұжырымдамасы мен технологиясы интеракция (латын: interaction - өзара әрекет жасау, бір-біріне әсер ету) құбылыстарына негізделген. Интерактивті дегеніміз - өзара әрекет жасау немесе әлдебір нәрсемен (мәселен, компьютермен), я болмаса әлдекіммен (адаммен) диалог құру, сұхбаттасу тәртібінде болу қабілетін білдіреді.
Қазіргі дидактикада интербелсенді оқыту технологиясының ғылыми – негізделген шектемесі бола қоймағанымен, олардың маңызын түсінуге арналған кейбір жалпы әдістер баршылық. Мәселен, интерактивті оқыту тәртібінің құрылымын белгілі бір өзара әрекет жасау арқылы білім алушы меңгеретін ақпараттық ағындар құрайды. Осы өзара әрекет етуде оқыту ортасына қатысты ретте білім алушы тұрақты субъект – объекттік қатынаста болады, мерзім-мерзімімен оның автономды элементіне айналады (Е.А.Кристочевский; Б.И.Масшбиц және т.б. [95,96]).
Осындай әдіске орай интерактивті оқыту технологиясы құрамына бірқатар қосымша технологиялар енеді, олар – суретте көрсетілген.
Оқушының шығармашылық дамуы үшін орасан зор педагогикалық әлеует жұмсалатындығы дәлелдеуді қажет етпейді. Яғни оқушы – компьютер – оқушымен өзара әрекеті барысында білім алушылар шығармашылық іс-әрекетке үйренудің жаңа әдістері және технологияларымен жедел танысады. Олардың компьютермен тікелей өзара әрекет жасауы оқу-шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі болып келеді. Оқушылардың компьютермен өзара әрекет жасауы интернет ғаламторына ену және ондағы білім ресурстары мен технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады: бейне- және телеконференциялар, электронды пошта және т.б.
Өзара әрекет жасаудың өзге түрлерінде, яғни адамның адаммен сұхбатта және диалог барысында тұлғааралық танымдық қарым-қатынас және білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің өзара әрекеті орын алады, әрбір білім алушының жеке қасиеттері дамытылады, оның тұлғасы тәрбиеленеді.
Оқушының өзінде бар тәжірибемен тереңдете жұмыс істеуі интерактивті оқытуға тән қасиет болып келеді, мұнда оқушының тәжірибесі оқу танымының маңызды дереккөзі қызметін атқарады. Интерактивтік оқытуда жаттықтырушы-оқытушы шешуші рөль атқарады. Оқытушы-жаттықтырушы бірнеше негізгі рөльдерді атқарады: лектор–сарапшы, ұйымдастырушы (топты ішінара шағын топтарға бөледі, тапсырмалардың орындалуын үйлестіреді); кеңесші (жаңа деректерді өз бетінше жинауға, қойылған міндеттер шешімін табуға үйретеді).
Яғни, егер дәстүрлі оқытуда жаттықтырушы-оқытушы оқу ақпаратын өзі арқылы өткізетін сүзгі рөлін орындаса, ал интерактивті оқытуда – жұмыстағы көмекші, қатысушы, ақпарат көздерінің бірі рөлін атқарады.
Сонымен, интербелсенді оқыту дегеніміз – бұл білім беруде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол толыққанды нақты әрі болжанушы мақсаттарға ие. Интерактивтік оқыту оған қатысушылардың жеке тәжірибесіне, меңгерілуші тәжірибесімен тікелей өзара әрекеттесуге негізделеді. Оқытушы дайын білімді, дайын шешімдерді бермейді, бірақ қатысушы – студенттерді өз бетінше ізденуге баулиды. Оның міндеті оқушылардың бастама көтеруі үшін қолайлы жағдай жасаудан құралады. Студент өз табысын, интеллектілік дербес әрекетін сезінетін мұндай оқыту жағдайлары оқыту үдерісінің өзін өнімді ете түседі.
Интерактивті оқыту интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады. Интерактивті оқыту әдістері деп, ең алдымен оқыту барысында оқытушы мен студент арасындағы белсенді өзара әрекеті, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуда, «өнертабыс» пен «жаңалық» ашуға ықпал баламалы таңдау жағдайында бағдарлану икемділігін қамтамасыз ететін әдістерді түсінеміз. Бұл әдістер белсенді танымдық – оқу іс-әрекетінде нағыз шығармашылықты қарастыратын жоғары оқу деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, ИО – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.
Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:
білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;
күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;
тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;
жақын эмоциялық жағдайларда онсол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.
ИО мәні мынада, оқу үдерісі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным үдерісінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.
ИОӘ мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден ИО табады.
ИОӘ пайдалану кезінде оқушылар түсіну үдерісіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, ИО оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады. Интербелсенді оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интербелсенді оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді. ИОӘ ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.
ИОӘ білім алу және оны дамыту үдерісіне белсенді ат салысуға тарту жатады:
«ми штурмы» (шабуыл)
шағын-лекциялар
топтардағы жұмыс
бақылау парағы немесе сынақ
рөлдік ойын
ойын жаттығулары
жобаны әзірлеу
жағдайлық тапсырмаларды шешу
сапаршыны (визитерді) шақыру
сарапшы топтарының пікірсайыстары
сұхбаттар
сахналау
жағдайдан жеңілу
оқушының рөліне ену
сюжеттік суреттерді талқылау
квиз-сұрау (бақылау) және т.б. (мұнда ағылшын тілінде quiz – алдын тапсырылатын емтихан, тексеру - 1) радио- немесе жеңімпаздарға сыйлақтар ұсынылатын сұрақ-жауап түріндегі теледидарлық ойын; 2) әдеби, музыкалық немесе басқа да викторинала). Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады.
Сонымен қатар, оқу үдерісіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.
Оқудың интербелсенді әдістері үлгілері:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.
«Ми шабуылы»хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
Өткізу алгоритмі:
1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.
2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.
3.Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).
4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.
5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау қажет.
«Ми шабуылы»аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:
- даулы мәселелерді талқылау
- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;
- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.
Шағын топтардағы жұмыс. Алдын ала сақтандыру оқуы үдерісін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.
Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.
Білім үдерісінің субъектісі ретінде топтың интербелсенді режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:
● Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.
● Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.
● Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.
Тест сынағы. Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.
Тест сұрақтарын ала отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері тиіс.
Содан кейін, егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағы қорытындысын оқытушылар (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.
Рөлдік ойын. Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.
Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.
Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі. Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні — ойын әдісі. Білім беру жүйесінде инновациялы технологияның түрі болып табылатын әрекетті технологиялары қолданылуда. Осындай технологиялардың басты мақсаты — «іскерлік ойын» әдісі.
Технологияны жасау бағыт-бағдары кәсіптік тәжірибелік икемдіктерін жетілдіру жүйесіне бағытталған. Осыған қатысты білім беру ақпараты кәсіптік жұмысты сапалы түрде орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрал ретінде қатысты. Ойын әдісі қоғамдық мамандықтарды оқытуда ғана емес, сондай-ақ техникалық мамандықтарға да жоғары тиімді.
Ойын әдісі оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады.
Оқушыларға зерттеулік жұмыс және практикалық жұмысы барысында емтиханға дайындалу ұсынылды. Сабақтың жоспары бойынша оқу материалы келесідей модульдерге бөлінеді:
Модуль1. Қазіргі технологиялық басқару объектілерін жіктеу және олардың құрылымы.
Модуль 2. Техникалық реттеу жүйелерінің негізгі түрлері.
Модуль 3. Объектілердің жіктелуі.
Берілген классификация бойынша ойын бағдарламасы дайындалады. Материалды меңгеру үшін әр бөлімге оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Сол оқушылар берілген материал бойынша дайындық жүргізеді де оны жүзеге асырады. Олардың басты мақсаты — оқу материалын тереңдей өз бетімен талдауға көмектесетін ақпаратты берудегі мультимедиялық және басқа да құралдарын барынша пайдалану. Ойын дайындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қоса қосымша бейстандартты ойлау мүмкіндігіне ие болады. Топтар арасындағы бәсекелестік ойын әдісінің тиімділігін арттырады. Ойын әр модульге ерекше, айрықша болады (сурет 6).
Сурет 6. Ойын әдісінің тиімділігі
Топта жұмыс жасағанда оқушылар өз бетімен оқумен айналысады. Әсіресе «білікті»
Оқушы «әлсіздеу» оқушыға өз білімін беру, оқу материалын меңгерудегі қызығушылығын және талпынысын ашу. Бір модуль бойынша ойын нәтижесін қорытындылай келе, топ ең белсенді және білімді жеңімпаз оқушыны тағайындайды. Барлық модульдер бойынша ойын нәтижесін қорытындылағанда топ ұйымдастырушыларынан ең үздік және ойынды ең жақсы, ең тиімді, ең қызықты жасаған топ тағайындалады.
Ойындық әдісті қолдану оқу материалын қабылдау деңгейін бірнеше есе көтереді және келесідей қиындықтарды шешеді:
оқушының арнайы пәндерді меңгерудегі өзіндік қызығушылығын және уәжін арттыру,
оқу материалын зерттеуінің сапасын көтеру, оқушының өзіндік жұмысы секторын кеңейту,
пәнді танымдық зерттеу,
оқушының өзіндік және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.
Ойын әдісін қолданғанда А. Байтұрсыновтың «.....баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын өнемі басшылыққа алып отырамын.
Шағын лекциялар. Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.
Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.
Беделді қайнарларға сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін – сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады, соны сұрау керек.
Шағын лекцияларды интербелсенді режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін тренер бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды.
Жобаны әзірлеу. Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады.
Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар.
Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.
Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.
Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.
Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.
Ширату. Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.
Кері байланыс. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.
Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.
Тренинг. Оқудың интербелсенді әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.
Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.
Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу үдерісіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:
● тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;
● тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;
● тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;
● тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;
● достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;
● бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;
● әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;
● тренингке қатысушыларды мадақтау;
● тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу-жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу;
● тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету;
● теориялық материиалдар мен интербелсенді жаттығуларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету;
● тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндттілігі.
Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай?
1.Тренер (оқытушы) ең алдымен қатысушыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс.
2.Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы.
3.Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.
Кіріспе. Бұл кезең кез-келген қолайлы нысанда өткізілуі мүмкін, бірақ ол келесі жұмыстың сарынына бағыт береді. Сондықтан бұл кезеңде тренер демократиялық, дем беруші атмосфера жасауы тиіс. Егер тренер-педагог өзінің күтетіні туралы және алда тұрған жұмысқа қатысты ережелер туралы айтса, ол дұрыс. Қатысушыларды жұмысқа кіріспе сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады.
Таныстыру. Таныстыру кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті процедурасы болып есептеледі. Таныстыру топтарды жандандыруға, оларға қатысушыларды оқу үдерісіне тартуға, қарым-қатынас жасау машығын өрістетуге мүмкіндік береді. Таныстыру қатысушылар бірін-бірі білетін жағдайда да жүргізіледі. Таныстыруға: «Сұхбат», «Мені таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады.
Қатысушыларды күту. Бұл кезеңге семинар-тренингтен олар «айналым бойынша» кезекпен жауап беретін сұрақтардың көмегімен қатысушыларды күту ұғымы жатқызылады. Мысалы: «Бұл семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?»
Алдын ала ватманға «күту ағашын» салуға болады. Әрбір қатысушыдан семинар-тренингтен жапсырылатын түрлі-түсті парақтарға (стикерлерге) және олар нені күтуге болатынын сұрап жазу және өзінің парағын күту ағашына жапсыру. Содан кейін осы барлық күтуді дауыстап оқу. Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін флипчартқа жазу.
Тренингті өткізу тәртібі. Әрбір қатысушы өзінің күтетінін айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.
Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы. Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін - тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.
«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.
«Келісімнің» үлгісі
● кешікпейміз;
● білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
● «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
● ашық айтамыз;
● бір-бірлеп сөйлейміз;
● мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
● бір-бірімізді тыңдаймыз;
● бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
● өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
● құпиялылықты қадағалаймыз;
● уақытша шекараны қадағалаймыз;
● бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.
Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы. Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.
Мәселелерді маңыздандыру. Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау керек.
Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады.
Оқыту. Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу үдерісінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек.
Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.
Табысты оқу үшін қажетті шарттар:
- оқушының оқуға дайындығы;
- оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;
- шынайы өмірлік жағдаймен оқу үдерісінің сәйкестігі;
- дұрыс пікірдің, оқытушы-тренерлердің оқушылардың әрекеттерін адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.
Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне:
І. Ақпараттық блок немесе теориялық білімді ұсынуды;
ІІ. Тәжірибелік машықты шыңдандыруды қосады.
1. Ақпараттық блок. Бұл кезеңді толып жатқан қиындықтар туындаған сұрақ берушілердің сұрақтарына жауап беруден бастауға болады. Негізгі материал лекция, мультиймедиялық таныстыру түрінде ұсынылады. Содан кейін оқытушының (тренердің) таңдауына интербелсенді оқытудың келесідей: рөлдік ойындар, сөзсайыстар, сапаршыны шақыру, кіші топтардағы жұмыс және т.б. әртүрлі әдістерін пайдалануға болады.
2. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру. Ақпараттық, теориялық тұрғыдағы кез-келген білімді ескере отырып, тәжірибелік іскерлікпен және машықпен міндетті түрде үйлесуі тиіс, осы машықтарды шыңдандыру қажет. Тренингтің аталған кезеңі өзінің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатысушылардың іс жүзінде меңгеру бейімділігіне шақырады. Осы мақсатпен рөлдік ойындарды, инсценировкаларды, сөз сайыстарды, «ми шабуылын» және жағдайға байланысты жұмыстың басқа да интербелсенді нысандарын пайдалануға болады.
Қорытындысын шығару. Қорытынды тренингтің кез-келген сабағының аяғында шығарылады. Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.
Тренер семинарға қатысушылардан олар жаңалардың қандайын біледі, оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне түсіруді өтінуі, сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды нығайтады. Егер тренер тренингке қатысушыларды олардың істеуіне мүмкіндігі бар тәсілдермен: ауызша және жазбаша алғыс жариялап, әлдеқандай бір кітапшалар, буклеттер, кәдесыйлар және тағы басқалармен үнемі көтермелеп отырса, ол жақсы. Не болмаса әлдеқайда жауапты тапсырмаларды сеніп тапсырады.
Қарастырылған интербеленді әдістерге оқу ойындары элементтері кіретіндігі анық.
М.В.Кларин, Н.К.Ахметов, В.В.Вербицкий және т.б. тарапынан оқу ойындарының білім беру мүмкіндіктері зерттелініп, оларды қолдану нәтижелілігі дәлелденген. Ойындар оқыту нәтижелерін жаңғыртумен (білім, икемділік және дағдылар), оларды қолданумен, өңдеу және жаттықтырумен, жеке айырмашылықтарды ескерумен, ойынға түрлі білімдарлық деңгейлеріне ие білім алушыларды тартумен байланысты мүмкіндіктер ұсынады. Сондай-ақ ойындар маңызды түрде эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті икемділіктер мен дағдыларды, құнды қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу ойындарын қолдану оқушының жеке және тұлғалық қасиеттерін дамыуға ықпал етеді.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, біздер былай деп есептейміз: интерактивті оқыту технологияларының бір анықтамасы ретінде педагогикалық нәтижелі танымдық қарым-қатынасқа кепілдік беретін оқу ойындары түріндегі оқытушы мен оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру тәсілдері жүйесін түсіну керек. Нәтижеде білім оқушылардың оқу қызметіндегі табысқа қол жеткізу және олардың мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық т.б. өзге салалармен өзара баю жағдайын сезінетін болады.
Жаңа ақпарттық және коммуникациялық дәуірдің дамуы өнеркәсіпке және белсенді іскер адамдардың ортасына қосымша көптеген өзгерістер әкелді. Өркениет жаңа қоғам туғызу ағымымен ағып келеді, жаңа ақпараттық және коммуникациялық дәуірді – жаңа ақпараттық қоғам деп атауға болады. Мұнда негізгі рөлді табиғи және ғылыми білім факторлары-әлеуметтік қоғамның жалпы стратегиялық негізгі, ақпараттандырудың маңыздылығын айқындайтын болады.
Ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру, жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүзеге асыруға, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тығыз байланысты өрістеуге және олардың тиімділігімен сапасын көтеруге әсер етеді.
Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті технология пәнін оқытуда ақпараттық талдау технологиясын қолданудың маңыздылығы зор. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, технология сабағында компьютерлердің қуаттануымен жүргізу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары технология пәнінде компьютерлік техниканы пайдалану, слаидты тиімді қолдана білу белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ақпараттық талдау технологиясы дегеніміз – оқу және оқу - әдістемелік материалдар жинағы, ғылыми білімнің жүйесін оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін қолдану формалары мен әдістері.
Жаңа ақараттық технология технология пәнін оқытудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуіне мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ізгілендіру, жекелеу, қарқындату оқытудың сапасын арттырады. Оны тиімді қолданудың негіздері қарастырылады:
Оқыту үрдісі сапасы мен тиімділігін, танымдық іс - әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
Қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу, яғни, әр түрлі ойлау қабілетінің түрлерін байланыс жолдары қабілеттілігін қалыптстыру, компьютерлік графика, электронды кестелер, мәтіндік ақпараттық технологияны пайдалану арқылы эстетикалық тәрбилеу, ақпратты өңдеуі жүзеге асыра білу.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы ұстанымды басшылыққа алған мектепте оқу бағдарламамыз оқулық негізінде құрылған. Әр сабаққа арналған бейне көрініс сол электрондық оқулықтар бар. Бұл элекрондық оқулық әр тақырыпқа байланысты тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын мәтіндік тапсырмаларды пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Сондықтан да электрондық оқулық құрылысы сапалы деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық материалының мазмұнынан үйренуші дәрістің кез – келген үзіндісін қайталауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай өтілген материалды еске түсіруге де ықпал етеді.
Технологияны оқытуда электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы күрт артатындай байқалады. Әр тақырыптағы теориялық білімді мәліметті тауып алып, оқып үйренуге болады. Шығармашылық тапсырмалар мен білімді меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Электрондық оқулықпен жұмыс жасай отырып, кез – келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса оған тапсырманың шешімі де түсіндіріледі. Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісінде тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушылардың оқу үрдісіне белсенділік танытуын қамтамасыз етеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс - әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездердің бақылаудың мұғалім үшін мүмкін еместігі. Сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілген білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең; оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес. Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы. Бүгінгі күні электрондық оқулық оқулық құрамына:мәліметтер қоры, гипермәтіндік және имитациялы оқыту, экспертті жүйелер енеді. Мәліметтер қоры дегеніміз – электронды оқулықты пайдаланып ақпаратты енгізу,жүйелеу,сақтау және беру болып табылады.Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік,графикалық ақпрат енеді. Комппютер мұғалімді алмастыра алмайды,себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра оқушыға тек бағыттаушы ретінде әсер етеді,оқу материалын дайындайды,көмек беру деңгейін анықтайды. Мектепті ақпараттандыруға мемлеке қашнда үлкен экономикалық қолдану көрсетіп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірстің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені «Қазіргі заманда жастарғf ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, технология сабағында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтfйландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Кәсптік білім беруде ақпараттық технологиясын қолдануда мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді.
Оқытудың ғылыми қағидасы: бұл қағида бойынша технология пәнінің электрондық оқулығы осы қағиданы басшылыққа алып жасалады. Ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеуге көмектеседі. Сонымен мұғалім оқытудың ғылыми қағидасын терең білумен бірге оны оқу – тәрбие ісінде дұрыс пайдалануы да қажет.
Оқытудың жүйелілік қағидасы – оқу материалының берілу тәртібін оқытудың жүйелілік пен бірізділік – ғылыми білім берудің негізі.
Оқытудың материалды дұрыс орналастыру қағидасы – оқу материалдарының дұрыс бір – бірімен сабақтаса орналасуы, материалды оқушының тиянақты, жүйелі, бірізділікпен қабылдауына мүмкіндіктер жасайды. Кәсіптік білімге оқытуда ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі зор.
Сабақтың тақырыбы: Киімнің конструкциясын жобалау
Сабақ түрі: ақпараттық, паноромалық сабақ.
Киімді конструкциялау, модельдеу тігін өндірісінің негізгі үдерісі бола отырып, бұйымның сапа көрсеткіші ғана емес технологияны жетілдіруде және өндірісті автоматизациялау және механизациялауда шешуші мезет б.т.
Қазіргі кезеңде біздің еліміздің тігін өнеркәсібі және шетелдерде киімді конструкциялауда негізінен екі конструкциялау жүйесін: муляждық – күрделі конструкциялық формаларды және модельдің жеке элементтерін конструкциялау; әр түрлі варианттағы есептеу-графикалық жүйе.
Муляждық конструкциялау жүйесінде матаны немесе қағазды адам денесіне немесе манекенге түйреу арқылы конструкцияны алу, сонан соң матаны немесе қағазды жазып бұйым бөліктерінің контурларын белгілеп шығады да, сонан соң түйіндерді салыстыра отырып олардың дұрыстығын тексеріп шығады.
Киімді конструкциялаудың есептеу-графикалық жүйесінде берілген модель эскизі бойынша және нақты берілген өлшемдер бойынша бұйым сызбасын тұрғызады және оның бірнеше варианттары берілген. Берілген әр алуан конструкциялау варианттарының ерекшелігі оларда қолданылатын есептеу формулалары мен графикалық тұрғызылулар тәсілінде. Есептеу формулалары әр түрлі деңгейде тұжырымдалады.
Жаңа киім модельдерін жобалау.
Жобалау – бұйымдарды әзірлеу бойынша сипаттама болып табылады. Жобалау болашақ обьектінің міндеті мен қасиеттеріне қойылатын талаптар жазылған алғашқы сипаттамадан басталады. Ол техникалық тапсырма (Т3) түрінде болады.
Техникалық тапсырма бірнеше жобалау операцияларын орыдау арқылы нәтижесінде жобалау конструкторлық құжатқа айналады. Мұнда обьектіні әзірлеуге қажетті ақпараттар беріледі және ол конструктор мен өндіріс арасындағы посредник рөлін атқарады. ССРО 1971ж бастап, жобалау жұмысын реттеу үшін конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі (ЕСКД) енгізілді. Ол жобалау – конструкторлық құжаттармен жұмыс жасау, құрастыру бойынша бірегей мемлекеттік стандарттар топтамасын біріктіреді. ЕСКД барлық өндірістік бұйымдардың инженерлік және көркемдік жобалау қағидаларына негізделе отырып, жобалауының типтік стадияларын анықтайды.
Киімді жаппай және жеке әзірлеуде киімді конструкциялау
Тігін бұйымдарын конструкциялау деп оның құрылысын, өлшемдері және әзірлеу әдістері көрсетілген өзара байланысты пішім кешені бар техникалық құжаттарды айтамыз.
Өнеркәсіпте бұйым конструкциясына қойылатын талаптар: сызба конструкциясы бойынша әзірленген дайын бұйымның сыртқы түрі модель үлгісіне сай болуы қажет; бұйым адам денесіне қонымды болуы қажет; конструкция технологиясы алдыңғы қатарлы прогрессивті әдістемелер бойынша аз күш жұмсалып және бұйымның өзіндік құны төмен болуы қажет.
Жеке тұрмыстық қызмет барысында технологияның технологиялылығына көп көңіл болуы қажет. Мұнда; бір ғана өлшеп көруден кейін бұйым адам денесінде қонымды болуы қарастырылуы қажет; Өлшеп көруде адам денесінде киім бөліктерінің дәлдігін бақылау үшін тігістік қосымшалар максималды түрде беру; киімді монтаждау барысында және өңдеуде машинамен өңдеудің тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану.
Қазіргі кезеңде өнеркәсіпте киімді конструкциялау Конструкторлық Құжаттардың Бірегей Жүйесі (ЕСКД – Единая Система Конструкторской Документации) бойынша іске асырылады. Ол бес этаптан тұратын жобалау-конструкторлық жұмыстардың құрылымын анықтайды.
Бірінші этап – техникалық тапсырмаларды жасау. Бұйымның мақсаты, сапа көрсеткіштері, қажетті конструкторлық құжаттардың жасалу этаптары, олардың құрылымы, сонымен қатар бұйымға қойылатын талаптар көрсетіледі.
Екінші этап - ұқсас-модельдер қатарын талдау немесе ұқсас немесе бір мақсатта қолданылатын бұйымдарды талдау барысына негізделген техникалық ұсыныстардыжасау. Жоғары сапа көрсеткіштері бар ұқсас-модельдер қатарын жасау туралы ұсыныстар жасалынады, модель серияларының ерекшелігі мен модельдердің алдыңғы қатарлы түрлерін жасау туралы ұсыныстар беріледі.
Үшінші этап – эскиздік жоба жасау – бұйымның негізгі параметрлері мен конструкциясы туралы жалпы мағлұмат беретін принципиалды конструктивті шешімдегі эскиз жасалынады.
Төртінші этап – модельдің техникалық жобасы жасалынады. Техникалық жоба – жобаланатын бұйым туралы (негізгі бөліктер конструкциясының сызбасы) конструкторлық құжаттардың жиынтығы, сонымен қатар жобаланатын бұйымдардың құрылымын анықтайтын негізгі конструктивтік түйіндердің технологиялық картасы.
Бесінші этап – жұмысшы (конструкторлық) құжаттарды жасау. Қазіргі кезеңде бұл жұмыс пішім кешені берілген техникалық суреттемемен шектеледі.
Тұрмыстық қызмет барысында киімді жобалаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол нақты денеге байланысты іске асырылады. Мұнда киім сән талаптарына сай келе отырып, түстік шешімі дұрыс табылуы тиіс. Мұны жүзеге асыру – ЦОТШЛ, Киімді тігу және жөндеуді басқару бойынша модельдер үйі (УПРО), Киім модельдерінің республикалық үйі.
Тұрмыстық қызметбарысында киімді жобалау үш деңгейдеіске асырылады.
Бірінші деңгей – модельдеуші ұйымдардың киім модельдерінің коллекциясын жасауы, аса сәнді киім формаларының конструкциясын жасау және оны өңдеу туралы әдістемелік нұсқау беру, с.қ. суретші-модельерлердің жұмысшы папкасының үлгісін жасау. Бұл материалдарды тұрмыстық қызмет көрсету қызметінің мекемелері алып отырады.
Екінші деңгей – жетекші модельдеуші ұйымдардан алынатын материалдар негізінде эксперименталды бөлімдердің мамандарының аса сәнді киім ассортиментін жасауы. Осы деңгейде ассортиментті топ коллекциясының конструкторлық құжаттарын жасау, жасалынатын модель эскиздерін тираждау тәсілімен толықтырады және мамандарды жаңа прогрессивті жұмыс әдістерімен және жаңа пішім жасау тәсіліне үйретеді.
Үшінші деңгей - жеке тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің эксперименталды бөлімдерінен алынған суретші-модельер папкасынан және конструкторлық құжаттар негізінде нақты денеге арналған конструкция жасау.
Бұйымдарды инженерлік және көркемдік конструкциялау қағидалары
Көркем конструкциялау - өнеркәсіптік бұйымдарды өндірудегі жобалаудың қазіргі кезеңдегі шығарған әдісі. Оның ерекшклігі (утилитарность) және эстетикалық қағидалардың бірегейлігі болып табылады. Бұл екі ұғымда өзара байланысты, бірақ көп жағдайда утилитарлығы басым болып келеді.
Көркем конструкциялау – ұжымдық шығармашылық үрдіс. Мұнда инженерлік, эргономикалық және көркем конструкциялау элементтері өз үйлесімін табады. Өнеркәсіптік бұйым жаңа үлгілерін жоғары сапалы деңгейде көркемдеп жасауда көптеген мемандардың тығыз бірлесіп жасаған іс-әрекеттері: инженер-конструктор; суретші-дизайнер; психофизиолог; гигиенист; өнертанушы; экономист және т.б. Көркем конструкциялау барысында шешілетін негізгі міндет – жобаланатын бұйымның сырқы формасы мен ішкі құрылымының (конструкциясының) үйлесуі, ал олар арқылы оның негізгі функцияларымен үйлесуі, яғни эстетикалық бұйымның жасалуы.
Инженерлік конструкциялау – бұйымның конструкциясын алдын-ала анықтайды (техникалық құрылғы). Тігін өндірісінің инженер-конструкторының негізгі міндеті – жаңа модельді кигенде ыңғайлы болуын
Қазіргі кезеңдегі инженерлік және көркемдік жобалаудың негізгі шарттарының бірі жүйелілік тәсілі болып табылады.
Жобалау оңтайластыру шешімдерінің, яғни талаптар мен шектеулерді ескере отырып, ең тиімді шешімдерін таңдап алу. Оңтайландыру міндетін шешімін жобалаушыға компорциялық және конструктильдік шешімдер вариантын тұрақты түрде талдау жасап отыру және оның ішіндегі ең оңтайлысын таңдап алуы қажет. Жаңа модельдерді жасау және олардың конструкциясын жобалаудың тиімділік критериі - ең соңғы қоғамдық еңбекті және материалды үнемдеу нәтижесінде алынатын өнімнің жоғары сапалы болуы.
Базалық негіздерді қолдана отырып жаңа киім модельдерін жасау әдістемесі
«Модель» сөзі латын тілінен аударғанда үлгі (өлшем, норма) деген мағынаны білдіреді.Тігін өнеркәсібінде модель суретші-модельердің ойы іске асырылатын киімнің алғашқы үлгісі. «Модельдеу» термині бұйымның қоршаған ортаға байланысты адамның ішкі және сыртқы бейнесіне, материал қасиетін ескере отырып, жасалынатын жаңа модельдің көркем шығармашылық үдерісі деп атауға болады. Киімнің формасы мен сұлбасы, мата таңдау, форма түзу тәсілдері, композиция элементтері, түстік үйлесім киім модельдеу обьектісі болып келуі мүмкін. Модельдеу үдерісі модельдердің алғашқы үлгілерін әзірлеумен аяқталады.
Конструктивтік модельдеу (техникалық модельдеу) – бұйым бөлшектерінің сызбаларын, пішінін, бұйымның алғашқы үлгілері бойынша немесе бұйымның базалық негіздеріне байланысты бөлшек пішіні және сызбаның графикалық бейнелері бойынша сызба жасаудың инженерлік үдерісі. Пішін үлгісі киімнің жаппай өндірілуіне арналған форма және конструкция эталаны болып табылады. Киімнің жаңа моделінің конструкциясын жасау үдерісі төмендегі этаптардан тұрады: модельді зерттеу және талдау; конструкциялық базаның сәйкес негізін таңдау; негізге өзгерістер енгізужәне модельдік ерекшекліктеріне түсіру (ұқсас конструкциялар болмаған жағдайда жаңа модель негізі жасалынады); модель конструкциясының дұрыстығын тексеру.
Модельді зерттеу және талдау. Модельді зертттеуде оның ерекшеліктерін және базалық негізден ауытқуларын немесе бұрынғы жасалынған типтік конструкциялрдан ерекшеліктерін айқындайды. Модель туралы толық ақпарат дайын үлгіде беріледі. Үлгі бойынша модельді зерттеуден алдын, техникалық тапсырмаға сәйкес, киім түрін, сұлбасын, піщімін, өлшемін, бой және дене толықтық тобын, мата түрін анықтайды. Сонан соң бұйымның кеуде, бел, мықын және етек айналымы бойынша кеңдігін және арқаның, қолтықтың, өңірдің конструктивтік учаскелерін, иық енін, белге дейінгі бұйымның жалпы ұзындығын, жең ұзындығын немесе оның жоғары және төменгі ендерін, жағаның және лацканның ұзындығы мен енін, өңірдің айқасуын, түймеліктер мен түймелердің санын және олардың орналасуын, өлшемін, майда бөлшекер мен сәндеуіштердің формасымен орналасуын анықтайды. Бұйымның кеуде және жауырын бөліктерінің дөңес етіп жасалу тәсіліне қатты көңіл бөлінеді. Модельдің эскизі немесе фотобейнесін қолдану конструктивтік модельдеудің дәлдігін төмендетеді. Фотобейне суретке қарағанда модель туралы обьективті көрініс береді.
Жекелеген киімдерді жобалау. Өндірісте негізінен киімдерді жобалау жұмыстары жүргізіледі. Киімді жаппай өндірісте шығаруда киімді конструкциялаудың белгілі әдістемесі қоладанылады. Көпшілікке арнап жаппай киім өндірісінде негізінен типтік денеге арналған әзірленеді, себебі шығарылған өнім көпшілік тұтынушылардың қажетіне жауап беру тиіс. Жеке киім түрлерін жобалау көбінесе аз және көп сериялар шығарылады. Мұнда аз сериялап шығаруда аса сәнді киім модельдері, ал көп сериялы етіп шығаруда жұмсартылған сәнді сұлбалы киім үлгілері шығарылады. Мұндағы жобалау үдерісі киімге қойылатын талаптарды зерделеуден басталады, ең алдымен оның конструкциясы бойынша функционалдық ерекшеліктері, ал кейбір жағдайларда, матасымен немесе түсімен мысалы, жол жөндеушілер киімі міндетті түрде ашық түсті (қызыл немесе қызғылт), ол химия өнеркәсіптеріндегі немесе өртсөндірушілер киімі арнайы матадан әзірленуі қажет. Жеке киімдерді жаппай өндіріс үшін арнап жобалауда өндіріс шарттары ескерілуі қажет, яғни өнеркәсіптегі жабдықтар мүмкіндіктері анықталынады және технологиялық өңдеу үдерісі анықталады.
Жасалынған талдау негізінде арнайы конструкция әзірленді, форманың негізгі бөліктерінің өзара тәуелділігі анықталынады, бұл форманың негізгі бөліктерінің пропорциясын, бұйымның геометриялық құрылымын: сәнді сызықтар мен конструкция бағытының сәйкестігі, бөлшектердің масштабқа сәйкестігі, бөлшектердің ұйымдастырудың ритмі, жалпы форманы пластикалық өңдеуді анықтайды.
Сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Сызбаға қажетті өлшемдер алу
Оқушылардың назарын өлшемді дұрыс алу мен сызба негізін жасауға ғана емес, сонымен бірге дайын пішімдерді дұрыс таңдау, өз өлшемдеріне қарай оларды тексеруге және өңдеудің маңызды екендігіне аударады.
Матаны пішіп пішімдер лау үшін алдын ала сызбалар дыйындайды. Пішімдер жасау – өте жауапты операция. Ол үшін тігін бұйымының қандай бөлшектерден тұратынын және өлшемін дәл білу керек.
Пішімді дайындаудың бірнеше әдісі бар: есепті-графикалық жүйе және макет жасау, муляжды әдіс, яғни матаны сәнмүсінге немесе денебітімге түйреу. Соңғы әдіс күрделі пішімді киім моделдерін жасағанда қолданылады. Бұл үшін алдын ала макет жасайтын матаға пішім жасайды, конструкциялайды, керек болса, өзгерістер енгізеді. Көптеген есепті-графикалық жүйе әдістері үшін кез келген пішімнің негізі сызба болып табылады. Мұндағы өлшемдер стандартты денебітімге арналады.
Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптеріиен белгілейді. Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е (кеуде ені – Ке), биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әрәптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, жартылай бел айналымы – ЖБа, жартылай мықын айналымы – ЖМа, иықтың қиғаш биіктігі – ИҚб.
Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Денебітімнің шығыңқы тұстарында (кеуде бездері, мықын айналасы) таспаны көлденең жағдайда ұстайды. Сантиметірлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.
Оқушылар адамның денебітімінің конструктивті сызықтарын еске сақтауы керек. Үлестірмелі материал немесе жұмыс дәптерлерін қолдана отырып, оқушылар өз дәптерлеріне түзу көйлек сызбасын жасауға қажетті негізгі конструктивті сызықтар мен өлшемдерді жазады. Оқушылар иық бұйымдарына қойылатын талаптарды ескереді(Сурет 7).
Сурет 7. Өлшем алу.
Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасын тұрғызу
Киімді әзірлеуден алдын оның өлшемдерін алу қажет. Өлшеуді біз кеудеден бастаймыз. Өлшегенде таспаны кермей және босаңсытпай, ұштарын алдыңғы жақта түйістіреді. Иық, қол, етек ұзындықтарын, т.б. адамның оң жағында тұрып өлшейді. Иық, мықын, т.б.мүшелер тең болмаған жағдайда екі жағын да өлшеп, нәтижесін жеке жазып алады. Орам мен көлденең өлшемдер толық өлшенеді, бірақ жартысы жазылады.
Ал ұзындық өлшемдері толық жазылады. Өлшеу барысында баса назар аударатын нәрсе болашақ бұйымның мойын түбіндегі иық тігісі нүктелерінің орналасуы және қолдың денеге біріккен жеріне орналасқан иық нүктесін дұрыс табу, өйткені көптеген өлшемдер осы нүктелерден басталады және аяқталады.
Кесте 6- Қосымшалар
-
№
Қосымшалардың аталуы
Қосымша шартты белгілері
Белгілері
см-де
1
Көкірекке берілетін қосымша
Пг
4
2
Белге берілетін қосымша
Пт
2
3
Бөксеге берілетін қосымша
2
2
4
Арқа еніне беррілетін қосымша
Пшс
1,2-1,6
5
Кеуде еніне берілетін қосымша
Пшп
0,6-1
6
Арқа бойдың белге дейінгі ұзындығына берілетін қосымша
Пдтс
0,7-1
7
Қолтық тереңдігіне берілетін қосымша
Пспр
2
8
Мойын ойындысына берілетін қосымща
Пшгорл
2
9
Иық орамына берілетін қосымша
Поп
7,5-9,5
Сабақтың тақырыбы: Тігін бұйымдарын модельдеу
Модельдеудің мақсаты және міндеті – ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль – киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады: классикалық (келісті әрі сәнді); спорттық (қозғалысқа, белсенді демалыс пен жұмысқа қолайлы); романтикалық немесе фантазиялық.
Сабақ барысында модельдеуге байланысты әр түрлі суреттер көрсетіледі. Қазақтың ұлттық киімінің өзгешелігіне тоқталады (түрлі түсті тоқыма баумен тігілген және металл жіп қосылып құрастырылған өрнек).
Костюмдер тарихи дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады. Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен.
Модельдеудің екі түрі болады: 1) көркемдік (шығармашылық); 2) техникалық. Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді. Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қолтық ойындысына, мойындыққы, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай). Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
Модельдеуге арналған тапсырма 1.
1. түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2. нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бойының жартысын қияды.
3. жаңа бүкпені орналастыратын орынды белгілейді.
4. белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6. омырау бүкпесін нобайсызығына сәйкес ауыстырады: а) бүйір; ә) қолтық ойындысына; б) мойындыққа; в) бел сызығына; г) алдыңғы блйдың ортасына қарай.
Оқушыларға арналған өзіндік жұмыс тапсырмалары (Сурет 8).
3
.
Сурет 8. Өзіндік жұмыс
Іскерлік стиль - классикалық стильге жақын болып келеді. Олардың бір бірінен негізгі айырмашылықтары – іскерлік костюмінің өте көлемді болып келуі, ол спорттық стильдің модаға модификацияланып келуі. Ол адам қимылын тар киіммен тежемейтіндей, әрі қатаң іскер болып көріну мақсатын көздейді. Іскерлік стиліне - спорттық стильден форма (классикалық стильдегіден кең болып келетін), бөлшектер, сәндеуіштер, сыдырмалы түймеліктер, шыртылдақтар (жакетте, шалбарда), реглан-жең; классикадан – қатаңдық алынады. Іскерлік стилі, немесе бизнес-стиль - классикалық стильдің элеганттылығы мен спорттық стильдің ыңғайлылығының араласып келуі (Сурет 9)
Сурет 9. Іскерлік ситль
