Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Акпарат айкерим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.64 Mб
Скачать
  1. Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың әдістемелік негіздері

2.1 Жоғары сынып оқушыларын киімді конструкциялау мен модельдеуге оқыту мазмұны

«Технология» оқу пәні - интегративті білім саласы. Оқушылардың математика, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылығында, жеңіл өнеркәсіпте, транспортта т.б. бағыттарда пайдалану жолдарын меңгеретін негізгі ғылым болып табылады.

«Технология» оқу пәнінің бағдарламалары мына төмендегі жағдай негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің оқу жоспарының инвариантты бөлімінде «Технология» білім саласын оқытуға 1-4 сыныптарға аптасына 2 сағаттан, 5-11 сыныптарға аптасына 1 сағаттан бөлінген.

«Жоғары сыныпта оқушыларға белгілі бір кәсіп саласы бойынша оқытуды тереңдету қолға алынуға сәйкес, біздер қолөнері бұйымдарындағы атқарылатын жұмыстарды (қол еңбегі және механикалық жабдықтарды игеруі) іріктеудің нәтижесінде көпшілік орындарда жұмыс жасауға қажетті іс-әрекеттерге баулу қарастырылады.

«Технология» білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді; интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.

«Технология» пәнінің мақсаты: оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындауға, көпшілік қажет ететін бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Өз бетінше нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарын жасауға соған орай мына болжамдар қарастырылады; экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді меңгеру барысында затты, энергияны, ақпараттық материалдарды түрлендірудің қазіргі және болашақ технологияларымен жастардың танысуы, олардың политехникалық дамуы; оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы; оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін, өзіндегі жеке кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

«Технология» оқу пәнін оқытудың басты міндеті: көп тараған және болашақтағы технология жайында политехникалық білімді және ақыл-ой, сезімдік әрекеттері жүйесін қалыптастыру; отбасы шаруашылығы мен үй экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру; қазіргі өндіріс негіздеріне, қызмет көрсету жолдарымен таныстыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу және жеке қабілеті арқылы жобалау мен конструкциялаудың шығармашылық есептері шешуін дамыту; кәсіптілікті өзіндік айқындалу мақсатында Қазақстан Республикасы жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңістігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін-өзі танып білуін қамтамасыз ету; еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін өндіруге және іске асыруға мүмкіндік жасау; тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдаланаалуға және оларды дизайнмен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету; компьютерлік технологияны меңгеру арқылы графикалық сызуды орындау, іс-қағаздарының жобасын құра білу.

«Технология» білім саласының басты мақсаты-оқушыларды өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті игеруге дайындау болып табылады.

«Технология» білім саласының басты мақсаты – оқушыларды өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті игеруге дайындау болып табылады. «Технология» білім саласының мазмұны жалпы білім беретін мектептер үшін мына бағыттарды қарастырады (Кесте 4)

Кесте 4 - 10-сынып тақырыптық жоспары

Бөлімдердің атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Тағам әзірлеу технологиясы

9

2

7

2

Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау

16

3

13

3

Жоба

9

1

8

Барлығы:

34

6

28

«Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау» – 16 сағат:

1) иық бұйымдарын конструкциялау, модельдеу және дайындау (көйлек, әйел жейдесі (блузка), халат, көкірекше (жилет, жекет) – таңдау бойынша. Тігін бұйымдарының эскизін, сызбасын, дайындау реттілігін, дайындау тәсілдерін үйрену;

2) эскиз, костюм композициясы, силуэт, түсі, пропорция туралы түсінік. Өлшем алу және иықты бұйым сызба негiзiнің құрылымы, еркін қонымдылыққа арналған қосымшалар, тұтаспішім негізіндегі тігін бұйымдарын (халат) модельдеу, спорттық типтегі көйлекті модельдеу және конструкциялау, дайындау технологиясы;

3) қондырма жеңді модельдеу (фасондық сызық жүргізу арқылы), негізгі бүкпе орнын ауыстыру, жағалар және түймелеу, өңір түрлері, жаға сызбасының құрылымы, бұйым бөлшектерін қатырмалау (өңірасты, жаға, қаттама);

4) іскерлік костюмдермен танысу, жекет, көкірекше (жилет) және белдемшені нұсқау карта бойынша дайындау, біктемесіз және тіктемесі бар жағаларды түйіндік өңдеу, иықты бұйымды дайындау технологиясы (аналитикалық, технологиялық және бақылау), киімді көркемдеп әрлеу;

5) сарамандық жұмыс: өлшем алу, иық бұйымының сызбасын құрастыру (тор, артқы бой, алдыңғы бой), жаға, қондырма жең құрылымы. Жеңді, бұйымды модельдеу, бел сызығы бойындағы бүкпенің есеп-құрылымы (қынамалы және жартылай қынамалы бұйымның силуэті, әйел жейдесі және белдемшені модельдеу).

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.

Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.

Технология (қыз балаларға арналған) 10 сыныптың соңында оқушылар:

білу/түсіну тиіс.

1) санитарлық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасын;

2) өлшем алу ережесін және олардың шартты белгілерін жазуды.

3) киімді жобалау және модельдеуді;

4) өлшем алуды және есептеп жазуды;

5) сызбаны түсінуді және сызуды;

6) бұйым бөлшектерін калькаға немесе қағазға көшіруді;

7) матаның үстіне пішімді тиімді орналастыруды;

8) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды меңгеруі тиіс.

Жүйелілік-әрекеттік нәтижелері, 10 сынып оқушылары

1) өндіріс саласындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негіздері бойынша білім жүйесін игергенін;

2) ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;

3) танымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан қолдану әдістерін игергенін;

4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игергенін;

5) дамыған коммуникациялық қабілеттерін, көптілді мәдениетін игергенін;

6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін;

7) өз сезімдерін, ойларын және қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс-әрекеттерін жоспарлау және реттеу үшін, коммуникация мақсатына сәйкес, саналы түрде сөйлеу құралдарын пайдалана білуін; ауызша және жазбаша тілдерді, монологтық мәнмәтіндік тілді игергенін;

8) экологиялық ой-пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық еңбек ету іс-әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете білу керек (Кесте 5).

Кесте 5 - 10-сынып «Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау» тарауының тақырыптық жоспары

Тақырып атаулары және бөлімдері

Сағат саны

Теория

тәжірибе

барлығы

Тарау. «Иық бұйымдарын жобалау, конструкциялау, модельдеу және дайындау»

1

Киімнің конструкциясын жобалау

1

2

3

2

Сызбаға қажетті өлшемдер алу

1

2

3

3

Көйлек сызбасын тұрғызу

-

2

2

4

Түрлі жеңді киім үлгілерінің сызбасын есептеп құрастыру.

-

1

1

5

Тігін бұйымдарын модельдеу

1

1

2

6

Жеңді модельдеу.

-

1

1

7

Иықтық бұйым үлгілерін әзірлеу

1

3

4

Барлығы:

4

12

16