Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Акпарат айкерим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.64 Mб
Скачать

1 Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың теориялық негіздері

1.1 Құзыреттілік ұғымына сипаттама

Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, кәсіби білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін алға қояды. Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, қоршаған ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.

Құзыреттілік – күрделі де көпқырлы категория. Бұл философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесінде акмеологияда, андрогогикада, еңбек психологиясында т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан қарастырылып зерттелуде.

Құзыреттіліктің сипаты қандай? Деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, кейбір сөздіктерді қүзыреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірілген. Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр.

Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесіне қарап пайымдау қажет. Құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Кейінгі кезде құзыреттіліктің тағы бір түрі туралы орынды айтылып жүр. Ол - адамның кенет болған қиын жағдайда жұмыс істеуге дайындығын білдіретін «экстремалды кәсіби құзыреттілік». Осыны меңгерген және психологиялық сапасы осыған жуық адамдар, басқаларға қарағанда, кәсібін ауыстыруға, қайта үйренуге дайын болады, ондайларға жұмыссыздық қаупі көп төнбейді.

Құзыреттілік, біздің түсінігімізде, жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы және қабілеті.

Құзыреттілік теориясының негізін қалаушы ғалымдардың бірі Н.С.Розов құзыреттіліктің екі жақты қырын ұсынған. Бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жағын - білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Автордың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай қырлары бар:

  • мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің деңгейін көрсетеді: бұл контекстің аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;

  • проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларын алға қою мен орындау тиімділігінің қажеттілігін сипаттайды;

  • коммуникативтік (қатысымдық) аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ыкпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейін қамтамасыз етеді [13].

Белгілі ғалым Б.С. Гершунский кәсібиқұзыреттілікті жеке тұлғаның онтогенетикалық дамуы контексінде қарастырады. Олар әр адам өзінің жаңа білім деңгейіне біртіндеп көтерілу барысы мен нәтижесінде жеке тұлға ретінде қалыптасу жолына жетеді деген дәлелдер келтіреді.

Ғалым тұлғаның білім деңгейлерінің келесідей басқыштарын ұсынады:

  • қарапайым және функционалдық сауаттылық;

  • жалпы білім;

  • кәсіби құзыреттілік;

  • кең түрде мәдениетті игеру;

  • дара тілін қалыптастыру.

Б.С.Гершунский мен А.Г.Асмоловтың ұғындыруынша, мұның үшінші басқышы қоғам мен жеке тұлға үшін кәсіби маңызды сапалардың қалыптасуымен байланысты. Бұл сапалар еңбектің нақты бір түрінде адамға өз жолын адаспай табуға мүмкіндік береді, еңбектің қоғамдық қажетті бөлінісіне және белгілі бір біліктілік пен профиль қызметкерінің неғұрлым өнімді және бәсекеге қабілетті түрде қызмет етуін ынталандырудың нарықтық механизміне сәйкес келеді деген қорытынды жасаған [14].

Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі ұғымының мәнін, кәсіби құзыреттілігінің арақатынасын зерттеуші ғалым Б.Кенжебеков келесідей сурет арқылы бейнелеген (Сурет 1).

Білімдер жиынтығы

Құзыреттілік

Оқушы тұлғасы

Ақпараттық құзыреттілік

Ақпараттар көзі

Сурет 1. Оқушының ақпарттық құзыреттілігінің арақатынасы

Келесі бір ғылыми зерттеулерде құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы үдерісіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық тұрғыда еш қиындықсыз шешім таба білу қабілеті.

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды құзыреттілік талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

Қоғамдық-саяси даярлық болашақ мұғалімдерді қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану әдіснамасына, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталады.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Бүгінгі күні зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасап, «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарының өзара байланысына, анықтамаларына, құрастырылған жүйелеріне мазмұндық сипаттама беру қажеттілігі туындайды.

«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [15]. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [16]. Латын тілінен аударғанда (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

Қазақ тілі сөздігінде «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына көз жеткіздік [17-20]. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары пайдаланса, ал филология мен информатика сабақтарында «коммуникативтік құзырлық» ұғымы жиі қолданылады.

Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, тұлғаның кәсіби тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады [21].

Соңғы жылдары білім берудің жаңа бағытына қатысты Еуропа Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес құзыр ұғымына көп мән беріліп жүр. Соған сәйкес ғылыми әдебиеттерде құзырлық түсінігіне әртүрлі бағытта анықтамалар берілген. Шетел тілінің сөздігінде «құзыр», «құзырет» (XVIII ғас. соңында) – «қандай да бір мекеме, мемлекет органының немесе лауазымды тұлғаның құзырындағы іс-әрекеттері. Сот құзырлығы. Шығындарды бақылау менің құзырыма жатады. Бұл шешім әкімшіліктің құзырында» деп түсінік берген. Ал XIX ғасыр ортасында «құзырет» – адамның жақсы ақпараттандырылған, кәсіби талғамы бар, істің мәнісін білетін сұрақтардан тұрады. Біреудің құзырында болу. Бұл оның құзырында. Шешімді жылдам қабылдауда оның бұл мәселедегі құзыреттілігі қатты әсер етті.

Мысалы, философиялық энциклопедиялық сөздігінде құзырлық «компетенция» - сөзінің француз (competence – құзыретті, хабардар), латын (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин екендігі көрсетілген. Өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзыреттіліктерді меңгерген деп есептеуге болады [22].

«Құзыреттілік (компетентный) (XIX ғасыр ортасында) – құзырлығы қалыптасқан – біреуге қатысты немесе қандай да бір істерге байланысты белгіленген өкілеттіліктерінің құқықтары мен міндеттерін жетік біледі. Құзырлы органдар. Құзырлы органдарды хабардар ету. «Біз мұражайдың құзырлы сарапшыларын шақыруға тырыстық».

«Құзырлық» және «құзыр» ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы, яғни құзыр – бұл жүзеге асырылған құзырлық, іс-әрекеттегі құзырлығы. Осылайша түсіндірілетін құзырлықтар негізгі немесе тұғырлық және қосымша немесе кәсіби болып бөлінуі мүмкін. Білім беруде тұлғаның негізгі құзырлықтарын қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастырудағы құзырлық бағытын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасында нақты білімділік технологияларының негізі ретінде танылып отыр. Бұл айтылған Ресейлік «тұжырымдамаға» В.В. Краевский мен И.Я. Лернер және басқа зерттеушілер қорытып шығарған тұжырымдар негіз болғанын көреміз [23].

Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі [24].

Білімдік парадигманы өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін

В.С. Леднев пен М.С. Каган ұсынады. Олардың пікірінше білім мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік-эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады [25].

Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз (Кесте 1).

Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға өздерінің түсінігін береді. С.М. Құдайқұлов «қабілеттілік – белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі [26]. Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады. Оның жоғары деңгейі-творчествалық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен ерекшеленеді» десе, М.М. Жадрина «біліктілік – білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын өмірлік дағдылар, құзырлықтар» деп, ал Л.Т. Қожамкұлова «әлеуметтік икемділік – әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі» деп икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады [27].

Кесте 1 – Құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдардың өзара байланысқан дамуы

Ұғымдар

Ұғымдарға түсініктеме

Зерттеуші

Іскерлік

Білімді практикада қолдану, саналы түрде белгілі бір іс-әрекетті орындау қабілеті

К.Д.Ушинский

Білімділік

Әр түрлі тіршілік әрекетіндегі мәселелерді шешуде өзінің қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін пайдалана білу қабілеттілігі.

Еріктілікті, қылықтар мен әрекеттерді белгілейді, тұтас тұлғаның моралдық бейнесін айқындайтын мінез-құлық қағидаларына айналады

Б.Г.Ананьев

О.Е. Лебедев

Бәсекелестік

Өзара жарыс; біреуден озу мақсаты көзделген талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу.

Ю. Бабанский

Кесте 1-дің жалғасы

Құзырлық

Білімнің интеллектуалды және дағдылық құрамын біріктіреді; табиғи интегративке ие нәтижеден құрастырылған; білімнің мазмұнды түсіндіру идеологиясы орныққан когнитивті, операциялы-технологиялы, мотивациялы, этикалық, әлеуметтік және тәртіптік құрамасы.

А.А. Пинский

Толерант-

тылық

Әлеуметтік инстинктің ең жоғарғы деңгейі, төзімділік – адамның әлеуметтік өмірдегі, тұрмыс тіршілігіндегі әр түрлі үдерістерге, қоғамдағы әр түрлі қайшылықтарға барынша сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Кез-келген қоғамдағы терең мағынадағы Толеранттылық ішкі тұтастықты нығайта түсетін маңызды құбылыстардың қатарына жатады.

Л.И.Комарова

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзыреттілік ұғымына келесідей анықтама берілді: құзыреттілік – алған білімін пайдалана білу қабілеті; кәсіби мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Энциклопедиялық сөздіктерге жасалған талдау көрсеткендей, құзыреттілік феноменінің мәндік ерекшелігін түсінуде индивидтің, субъектінің біліктілігі, қайсыбір тапсырманы орындауға деген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Сонымен қатар «құзыреттілік» ұғымдары психологиялық, педагогикалық сөздіктерде түрліше түсіндіріледі. Онда өзіне деген сенімділік, дәрменсіздік сезімінің жоқтығы, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарға назар аударуы, өздігімен оқуға дайындығы және қабілеттілігі, табандылығы, шешім қабылдай алу қабілеті, қиын мәселелерді шешуге дайындығы, жеке жауапкершілігі сияқты ұғымдар қамтылған. Жоғарыдағы сөздіктердегі түсініктемелерді негізге ала отырып, мынадай тұжырымға келеміз: құзыреттілік:

1) белгілі бір деңгейдегі күрделі тапсырмалар мен мәселелердің шешімін табуда тұлғаның білім, білік және тәжірибесінің сәйкес келуі;

2) нақты міндеттерді орындауда өздігімен және жауапкершілікпен әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттілік пен біліктілігі;

3) жинақталған білім, біліктерін өзекті ете білу қабілеті мен оны өзінің өмірлік жағдайында қолдана білуі. Сонда құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттіліктің мәні зерттеу мәселесінде қолданылатын тұғырларға байланысты да өзгеріп отырады.Аксиологиялық тұғыр бойынша бірінші орында құзыреттілікті тұлғалық сапа, қабілеттілік т.б. деп түсіндіреді. Іс-әрекеттік тұғыр бойынша белгілі бір әрекет түрлерін жүзеге асыруда тұлғаның өздігімен орындай алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде құзыреттіліктің біліктілік жиынтығы секілді қырларын бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Жүйелілік тұғыр бойынша кешенді меңгерілген білім, білік, дағдыларға негізделген білік және қабілеттіліктерді талдау, белгілі міндеттерді шешуге сәйкес келетін құзыреттіліктің лайықты жүйелі қырларын білдіреді.

«Құзыреттілік» ұғымы психология ғылымында қандай да бір салада топтың, тұлғаның жетістігі ментабыстылығыретінде қарастырылады.

Л.Хьелл, Д.Зиглердің анықтамасы бойынша, құзыреттілік – бұл психологиялық сапа ретінде тұлғаның адамға қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түсуде өзінің қабілетін мойындайтын, өзінің сезімінен бастап өзіндік табыстылығын және пайдалылығын, сенімділігі мен күш-жігерін білдіреді [28]. Бұл ұғымның жалпы мағынасын істің мән-жайын түсініп әрекет етуі деп түсінуге болады. М. Кэрст бұдан да нақтырақ анықтама беріп, оның бес түрлі тәсілін бөліп көрсете келе, тұлғаның мәселені шешуге сәйкестігі, тұлғалық қасиеттердің және қабілетінің жиынтығы деп тұжырымдаған.

Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты қалыптасқан іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдының жиынтығын қамтиды (А.Н.Журавлев, Н.Ф.Талызина, Р.К.Шакурова және т.б.) деп түсіндіріледі. Олай болса, психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық, пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде анықталған. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндігімен анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын ұсынуда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б.Д. Эльконин «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды деген [29]. Психологиялық көзқарастарды қорыта келе, әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан құзыреттілік білім және мінез-құлық нормасы, оларға қатынасы, білімін тәжірибеде жүзеге асыра алу біліктілігі деп түйіндейміз.

«Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар мектеп оқушыларына, студенттерге, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Әлемдік педагогика ғылымында құзыреттілік білім сапасының өлшемі ретінде алынған.

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика ғылымында, соңғы уақытта сан түрлі түсіндіріліп келеді. С.Е.Шишов, И.Агаповтың ғылыми зерттеулерінде «құзыреттілік» ұғымдары жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесі, іс-әрекетке даярлығы және жалпы қабілеттілігі, тұлғаның оқу-танымдық үдеріске өздігімен қатысуы және оның еңбек әрекетінің нәтижеге бағытталуы ретінде анықталса [30], А.В.Хуторскойдің пікірінше, құзыреттілік жеке тұлғаның өзара байланысты сапаларының үйлесімін кұрайды. В.Н. Шамовтың айтуынша, құзыреттілік ақиқаттың аясындағы білім, білік, тәжірибе, саналы бағдар жиынтығы [31]. Бірқатар еңбектерде оны кәсіби еңбек нәтижелігін анықтайтын білім мен біліктіліктің жиынтығы, кәсіби және жалпы мәдени көрсеткіштердің бірлігі тұрғысынан қарастырған. И.А. Зимняяның көрсетуінше, білім алу нәтижесінде тұрақталған, білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның әрекет жасауға дайындығы және осыған орай, жалпы қабілеттері – оның құзыреттілігі [32].

Құзыреттіліктің негізі білім, білік, дағды болып табылып, практикалық іс-әрекет нәтижесінде тұлғалық сапа қалыптасады. Сол себепті педагогикалық еңбектерді талдай отырып мынадай қорытындылар шығаруға болады:

1. Құзыреттіліктің түрлерін өте көп деп жорамалдауға болады, бірақ нақты түрлері әлі жүйеленбеген. Адамның іс-әрекеті қанша болса, құзыреттіліктің де түрлері соншалық көп болары сөзсіз. Көп жағдайда кәсіби құзыреттілік және кәсіби емес құзыреттілік деп бөлінуі мүмкін (ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік т.б.).

2. Құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәдени жиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.

3. Тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурс-тарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құндылықтар жатады.

Талдау көрсеткендей, құзыретіліктің көрсетілген біріншi жагы құзыреттілікті стандартты емес (тосын) жагдайды жүзеге асыруга дайын болудың индикаторы ретінде ic-әрекет етсе, екінші жагы оның ең аз деген, қажетті деңгейде қойылатын талаптарды белгілеудің қайнар көзі болып табылады. Демек, бұл екі жақты ic жұзінде құзыреттілік көрсеткішінің төмен деңгейінің диапазонын айқындайды.

Н.С.Розовтың пікірінше, құзыреттіліктің мынадай кырлары бар:

- мәдени аспект, негұрлым жалпы мәдени контекстен ахуалды жете түсінудің сәйкесігін көрсететді: бұл контекст аясына осы сияқты ахуалды багалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-катынас;

  • проблемалық-практикалық аспект, бұл - осы бip жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

  • коммуникативтік (қатысымдық) аспект, бұл - осы тәріздәс ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, көріп отырғанымыздай, қалыптасатын құзыреттілік өз кезегінде оқушы тұлғасының қалыптасуын толықтырады.