Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Акпарат айкерим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.64 Mб
Скачать

Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамыту

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................

3

1 Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың теориялық негіздері.......................................

7

1.1 Құзыреттілік ұғымына сипаттама..................................................

7

1.2 Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі...............................................................................

16

1.3 Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы...................

31

2 Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамытудың әдістемелік негіздері......................................

40

2.1 Жоғары сынып оқушыларын киімді конструкциялау мен модельдеуге оқыту мазмұны..............................................................

40

2.2 Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу бағыты бойынша оқытылатын сабақтар жүйесі.............................................

43

2.3 Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері..........................................

68

Қорытынды...............................................................................................

88

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

89

Қосымшалар............................................................................................

92

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданатын қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үдерістердегі басымдылығын мойындайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруда осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай білетін инновациялық экономика құра аламыз», – деп атап көрсетеді [1].

Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын азаматты қалыптастыру, құзіретті тұлға, белсенді маман даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр.

Әлемдік өркениет үдерісіндегі білім құндылықтарына деген сұраныстың артуы еліміздегі білім беру мазмұны мен сапасын дамыту қажеттігілігін арттыруда. Ғылым мен білім дамуының жаһандық талаптарына орай, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «...Заманауи прогрестің мәнін білуіміз керек. Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түсіп «Интеллектуалды ұлт – 2020» идеясының мақсаты – жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету. Бәсекенің бастысы – білімнің бәсекесі. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу керек, екіншіден, электронды қызмет көрсетуді жаңа заманға сәйкестендіру керек», – деп атап көрсетуінің өзі де қазіргі қоғамдық үдерісте тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұлт әлеуeтін арттырудың негізгі құндылығы білім сапасы болып табылады [2].

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi [3].

ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді.

Қазіргі кезде арнайы мектептер, гимназиялар, жоғары оқу орындары жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар оқу үдерісін жаңаша оқытуға негізделе бастаған.

Дәстүрлі оқу теориясы мен іс-тәжірибесінің қазіргі кездегі білім саласы Ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттілігін тудырады. Білім алушылырдың қабілетін дамыта алатын оқу үдерісін, әсіресе өз бетінше орындалатын жұмысты ұйымдастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал етуі керек.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Ақпараттық технологиялардың қолданылуы Қазақстан экономикасы үшін маңызды орынға ие болып келе жатыр. Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар.

Осының бәрі оқушылардың ақпараттық технологияларды қолдана алу бойынша білімін қалыптастыруға жеткілікті зейін аударуға мүмкіндік беретін ақпараттық құзыреттілігін дамыту үдерісін жетілдіре түсу керек екендігін негіздейді.

Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша В.М. Монахов [4], Кукушин [5], Ю.С. Брановский [6], А.И. Бочкин [7], А.Л. Семенов [8], М.П. Шестакова [9], М.П. Концева [10], Хамзина Б. [11], Сайлибаева А. [12] және т.б. еңбектері біздің зерттеуіміз үшін өте маңызды болды.

Зерттеулерге сәйкес талдаулар көрсеткендей,қазіргі уақытқа дейін оқушылардың білімі мазмұнының қандай да бір дәрежесін сипаттайтын ғылыми қор жинақталған. Сонымен қатар, қарастырылып отырған мәселе бойынша оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша технологиялар, соның ішінде ақпараттық технологияларкөмегімен қалыптастыруға даярлаудың теориясы мен практикасын зерделеу жеткіліксіз қарастырылған және жалпы бұл тұрғыдағы дидактикалық мәселе жеткілікті зерттелмеген.

Осындай басты әлеуметтік міндеттерді шешу әдіснамалық және дидактикалық сипаттағы төмендегідей қарама-қайшылықтардышешумен байланысты: оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша (ақпараттық) технология негізінде қалыптастыруға даярлау қажеттілігі мен оны жүйелі жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде негізделмеуінің арасындағы; орта мектепте адамның еңбек іс-әрекет түрлеріне байланысты оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша (ақпараттық) технология негізінде негізінде қалыптастыру қажеттілігі және оны жүзеге асыруға кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі арасындағы; оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша (ақпараттық) технология негізінде қалыптастыру мазмұнының мүмкіндіктері мен оларды пайдалануға байланысты әдістеменің жеткіліксіздігі арасындағы айқындалған қарама-қайшылықтарзерттеудің мәселесін теориялық және әдістемелік тұрғыдан нақтылауға мүмкіндік берді және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану арқылы дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы:

1.Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жаңаша (ақпараттық) технология негізінде білім беру жүйесінде қолданудың негізгі мәселелері айқындалды.

2.Жоғары сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін дамытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың әдістемелік жолдары анықталды.

3.Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге ақпараттық технология құралдары негізінде дамытудың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделді.

4.Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолдануға негізделген әдістемелі ұсыныстар берілді.

Зерттеу мақсаты: оқушыларға тігін бұйымдарын оқытуда ақпараттық құзыреттіліктерін ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану арқылы дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және оны практикалық негізінде тексеру.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқытудың ақпараттық технологияларын білім беру жүйесінде қолданудың негізгі мәселелерін айқындау.

2.Жоғары сынып оқушыларын тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың әдістемелік жолдарын анықтау.

3.Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге ақпараттық технология құралдары негізінде оқытудың мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

4. Оқушыларды тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың тиімділігін тәжірибелік негізде тексерістен өткізу.

Зерттеу нысаны: технологияға оқыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі болып, жаңаша (ақпараттық) оқыту теориялары, «құзырлылық», «құзыреттілік», «білім беру мазмұны», «ақпараттық технология» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін және олардың білім беру мазмұнын дамытуға ықпалының педагогикалық-психологиялық тұжырымдары мен ұстанымдары саналады.

Зерттеудің практикалық базасы. №75 мектеп.