Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.

Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қанда сан мағұлыматтарға негізделуі тиіс екенін анықтап алу қажет.Балалар бақшасында арифметикалық қосу амалы үлкен санға кіші санды қосу, ал азайту амалы – азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі «Тәрбие программасында» ескертіліп көрсетілген. Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таңбасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет. Балалар бақшасында негізінен есептеудің бір ғана әдісі бар-бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір-бірден қосылып, бір бірден азайтылады. Есеп шығаруға ретімен екі кезең белгіленеді: 1 кезең: Балаларға есеп дегеннің не екені айтылады, оның қалай құрастырылатыны көрсетіледі, оның қандай компоненттерден тұратындығы түсіндіріледі, яғни оның құрылымымен таныстырады. 2 кезеңде: есептерге екінші қосылғыш пен азайтқыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін неғұрлым күрделі сан мағұлыматтары негізделеді. Бұл кезеңдегі басты міндет: бір бірден қосу және азайту жолымен есептеу әдістеріне балаларды үйрету.

3) Балабақша үлескесі, құрылымы, маңызы. М.Ж.Д,Б-ды еңбекке баулу бала тәрбиесінің негізі боып табылады. Ал, сол еңбекке баулудың негізгі құралдарының бірі балабақша алңындағы балабақша үлескесі екені анық. Үлеске балабақша алңының негізгі элементі. Жаз мезгіліндегі еңбек әрекеттерінің басым бөлігі балабақша үлескесінде өтеді. Үлескедегі еңбектің негізгі ерекшелігі балалар біріншіден еңбекпен шұғылданса, екінші жағынан эксперементтік зерттеулерді (гүлдің бүршік атуы, сәбіздің жетілуі) де осында жүргізе алдады. Сонымен қатар, үлескедегі еңбекте балалар шынайы, тірі табиғатпен барынша тығыз байланыста болады.

8 Билет

Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі

Грамматиканы оқыту үшін, жалғаудың сөзге қалай жалғанып тұрғандығын түсіндіру керек. Ал ол сөздің мағынасымен, дыбыстық құрамымен байланысты. Айталық, барыс септігінің жалғауын түсіндіретін болсақ, жалғаудың мағынасын айтумен бірге оның дыбыстық нұсқаларының сөзге қалай жалғанатынын айтпауға болмайды. Яғни –қа, -ке нұсқаларының қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзге, -ға, -ге нұсқаларының дауысты, ұяң, үнді дыбыстарға аяқталған сөзге жалғанатыны айтылады. Сол сияқты -қа, -ке нұсқаларының соңғы буыны жуан сөздерге, -ке, ге нұсқаларының жіңішке буынға аяқталған сөздерге жалғанатыны айтылады. Бұл фонетика мен грамматиканың байланысын көрсетеді. Барыс септігін оқыту кезінде оның тілдегі қолданысын меңгерту үшін, оны сөз тіркесінде оқыту тиімді. Мысалы; үйге кел, қалаға бар, ауылға қайтты, көшеге шықты сияқты сөз тіркесінің үлгілері арқылы бұл септікті қолдануға студент жаттықтырылады. Сонымен бірге ол сөз тіркестерін сөйлемде қолдануға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі. Кейін мәтінде, диалогтағы қолданысы болып, онымен жұмыс күрделене береді. Осының бәрі тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту болып табылады.

Демек, бұл – лексикамен, фонетикамен, морфологиямен, синтаксистің бір – бірімен байланысы болып табылады. Сондықтан қазақ тілін орыс тобында оқыту тіл салаларының осы байланысында негізделуі өте маңызды. Сабақта мәтінді оқытудың грамматикамен байланысты түрі – түсіндірмелі оқыту. Бұл салада студентке мәтінді белгілі грамматикалық көрсеткіштерді түсіндіру, табу мақсаттары, тілдің грамматикалық көрсеткіштерін тануға, олардың тілдегі қолданысын байқауға жаттықтырады. Әдетте, ол белгілі грамматикалық сабақты өткен соң қолданылады. Мәтінмен жұмыс кезінде тақырыппен де байланыстырып сұрақ қойып отырса, оқушыны жалықтырмайды. Мәтінмен байланысты жүргізілетін жұмыстан да ауытқытпайды. Бұл мәтін мен тақырыпты түсіну үшін пайдалы болып саналады. Қазақша сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін, адам сөйлем құрай білуі қажет, сөйлем құрау үшін, сөздерді бір – бірімен байланыстырып,оларды сөйлемде дұрыс орналастыру керек. Олай болса, тіл үйренушіге сөздерді байланыстыратын қосымшаларды үйрету, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту, сөйлемнің жасалу жолдарын білдіру қажет. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Ал сөйлеудің бәрі сөйлемнен құралады.

Жылдам баяу түсініктерін қалыптастыру

Мектепке дейінгі мекемелердегі бөлме өсімдіктері, түрлеріне шолу, тәрбие үрдісінде пайдалану,маңызы

Шеффлера ( шатырлы ағаш) — шылым шегетін, я болмаса оттық жиі қолданылатын бөлмеде өсіруге икемделген. Шеффлера мұндай ортаға арнайы будандастырылған болатын. Никотин және шайыр түсетін зиянды бөлшектерді жылдам ауыздықтайды. Алтын түсті сциндапсус (Epipremnum aureum, екінші атауы-Потос) ауаны бензол қалдықтарынан арылтады. Жапырағының жуан келуі ауаны ластайтын түрлі улы заттардан тазалайды. Сциндапсус өте тез өсіп, жиі суаруды талап етпейді. Хамедорея баспахана ауасын жақсы ылғалдандырады. Пластикалық заттардан бөлінетін химиялық улы бөлшектерді зиянсыз етеді. Фикус Бенджамин — ауаны тазарту бойынша өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынды алады. Ол өзіне формальдегид, бензол және аммиак секілді барлық улы нәрсені сіңіреді. Ауаға көтерілген шаң-тозаңды тез арада басады.

Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн көзінің тікелей түсуін аса «ұната бермейді». Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты бөлме өсімдіктері жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер күн көзін сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді.

Жылудың әсері. Белгілі бір мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды да қажет етеді. Әсіресе, үй температурасы маңызды рөл атқарады. Жылусүйгіш өсімдіктердің күтімінде олардың жел өтінде тұрып қалмауына ерекше назар аударыңыз. Температура режимінің бұзылуы гүлдердің жапырағының зақымдануына, сарғаюына және жиі түсуіне алып келеді.

Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде көмірқышқыл газын бөледі.