- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •1.Балалардың актив және пассив сөздік қорлары
- •2.Жиын.Жиынның бірігуі
- •3.Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •5 Билет
- •1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
- •2.Жапсыруды үйрету барысындағы баланың алатын білімі
- •3.Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі
- •6 Билет
- •1) Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: Құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс.
- •2) Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.
- •1) Көркем әдебиет сбақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
- •2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •1 Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
- •2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
- •3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
- •24 Билет
- •3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.
- •25 Билет
- •1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.
- •3.Музыкалық мерекелер мен ойын сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшінің ынтымақтастығы.
- •26 Билет
- •1.Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің жұмбақтардың,жаңылтпаштардың ,ертегілердің бала дамуындағы рөлі.
- •2.Балаларды үй жануармен таныстыру.
- •3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.
- •27 Билет
- •1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)
- •2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары
- •28 Билет
- •1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
- •29 Билет
- •30 Билет
5 Билет
1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды.
Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір өзегі. Атақты педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Мектепке дейінгі балалық шақ 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс.
