Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

30 Билет

Сауат ашу сабағының мақсаты, міндеттері

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға сауат ашу негіздері мен алғашқы оқу дағдыларын меңгерту, жазуға дайындау.

Міндеттері:

1. Тілдің негізгі бірліктері туралы түсінік беру (дыбыс, буын, сөз, сөйлем).

2. Қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру.

3. Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге жаттықтыру.

4. Баспа әріптерімен таныстыру.

5. Ұсақ қол моторикасын дамыту, қарындаш, қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Мазмұны:

Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру

«Сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру.

Тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Балаларға сөздегі дыбыстардың бірізділігін құра білуге үйрету. Қатаң және ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.

Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін (еріннің, тіл мен жақтың қатысына қарай) талдау.

Әріптер таңбасымен (баспа әріп) таныстыру, әріптерді дыбыспен (дыбыстармен) салыстыра білуге жаттықтыру. Олардың толық бейнесін есте сақтауларын жаттықтыру.

Буындарды оқудың негізгі тетігі туралы практикалық түсінік беру, яғни, оқу барысында буындағы дауысты дыбысқа сүйену арқылы жаттықтыру.

Жай сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (жалаң және жайылма сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).

Жазуға дайындық

Дәптерді, қолды, қарындашты үстел үстіне қою және жазу кезіндегі ережелермен таныстыру.

Қарындашты, қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білу іскерліктерін (графикалық диктант) үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру.

Әріптердің таңбалары туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, дыбыстарды әріптермен сәйкестендіру іскерліктерін дамыту.

Жыл соңында сауат ашу және жазу негіздері бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- тілдің негізгі бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы түсініктерін;

- қазақ тілінің дыбыстарын айтып, дұрыс айтылу мен жағымды дауыс мәнері белсенді қарым-қатынас жасауға ықпал ететінін;

- айтылуы, қарқыны және қаттылығы жағынан өз дауысының дыбысталуын бағалауды;

- барлық дыбысты дұрыс айтып, сөздерді анық және нақты айтуды;

- сөздерден дыбыстарды ажыратып, белгілі дыбысы бар сөздерді табуды және сөзде дыбыстың орнын анықтауды;

- әртүрлі дыбыстық құрылымның үш-төрт дыбысты сөздеріне дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды (дауысты-дауыссыз, жуан-жіңішке) сипаттауды;

- cөйлем туралы бастапқы түсініктерді;

- берілген тапсырма бойынша тірек сөздерімен сөйлем құрастыруды;

- баспа әріптерінің нұсқасын;

- жазу жазарда дұрыс отыру ережесін,

- қарындаш пен қаламды дұрыс ұстау, қағаз бетінің жазықтығын бағдарлауды, негізіне кейбір элементтердің ырғақты орналасуы жататын қарапайым жиектерді сызуды, салуды білуі тиіс.

Баланы жан жақты дамытудағы бейнелеу өнерінің маңызы

Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 – 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.

Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай – ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым – қатынас жасай білу – ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.

Кеңестік педагогика баланың дамуын жай сандық процесс ретінде емес, қоршаған дүниенің, ең алдымен тәрбиелеу мен үйретудің ықпалымен оның физикалық және психикалық ерекшеліктерінің сапалық өзгерісі ретінде алып қарайды.

Қабілеттіліктің дамуындағы бейнелеуге дейінгі кезең. Балалардың көркемдік қабілетінің дамуындағы бірінші кезең баланың қолына бейнелеу материалы – қағаз, қалам, саз, балшық кесегі, кубиктер, борлар және т.б. алғаш түскен сәттен басталады. Педогогикалық әдебиетте бұл кезең бейнелеуге дейінгі кезең деп аталады, өйткені бұл жерде әлі заттың бейнесі жоқ және тіпті әлденені бейнелеуге деген ой, құмарлық жоқ. Бұл кезең елеулі роль атқарады. Бала материалдардың қасиеттерімен танысып, бейнелеу формаларын жасау үшін қажетті алуан түрлі қол қимылдарын меңгереді.

Егер 5 – 6 жастағы және 2 – 3 жастағы балалардың қолына материал тұңғыш рет түскен болса, онда, әрине, ересек балаларда ой шапшаң туындайды, өйткені олардың қоршаған дүниені танып – білудегі тәжірибесі көбірек.

Бейнелеуге дейінгі кезең балалардың қабілетін онан әрі дамыту үшін өте маңызды.

Өздерінің шамасы келетін қимылдар мен қажетті формаларды көптеген балалар өз бетімен меңгере алмайды. Тәрбиеші балаларды еріксіз қимылдар жасаудан оларды шектеуге, көзбен бақылау жасауға, алуан түрлі қимыл формаларына, содан кейін жинақтаған тәжірибені сурет салғанда, мүсін жасағанда саналы түрде пайдалануға жетектеуге тиіс.

Біртіндеп баланың бойында заттарды, олардың әсерлі сипатын бере отырып бейнелеу пайда болады. Мұның өзі қабілеттіліктің онан әрі дамуын дәлелдейді. Балалар ассоциация жолымен қандай да бір затпен аса қарапайым формалары мен сызықтардағы ұқсастықты таба білуге үйренеді.

Әдетте балалардағы ассоциация тұрақты емес: бір суреттің өзінен ол түрлі заттарды көруі мүмкін. Оның санасында сурет салған кезде елестетудің, есте сақтаудың, қиялдаудың жалпы жұмысы арқылы пайда болатын берік із әлі жоқ. Қарапайым салына салған форма оған жақындайтын көптеген заттарды еске түсіруі мүмкін.

Ассоциация ойша жұмыс жасауға көшуге көмектеседі. Бұлай көшу жолдарының бірі – оның кездейсоқ жасаған формасын қайталауы болып табылады.

Сызылған сызықтардың қандай да бір затты танығаннан кейін бала оны тағы да бейнелегісі келіп, саналы түрде тағы да сурет салады. Кейде ойша алғашқы салған мұндай суреттердің, ассоциацияланған формаға қарағанда, затпен ұқсастығы шамалы болып шығады, өйткені ассоциация кездейсоқ алынғандықтан бала қолдың қандай қимылдары нәтижесінде оның пайда болғанын есте сақтамаған. Сондықтан сол затты бейнелемейтін деп ойлап, тағы да кез – келген қимылдар жасайды. Сонда да болса екінші сурет бейнелеу қабілеттілігін дамытудағы жаңа, неғұрлым жоғары кезең екенін білдіреді, өйткені ол ойлау нәтижесінде пайда болды.

Кейде бүкіл бейне түгел қайталанбай, ассоциацияланған формаға қандай да бір бөлшектер: адамға – қол, мұрын, көз, машинаға - дөңгелек және т.б. қосылуы мүмкін.

Бұл процесс тәрбиеші үлкен роль атқарады. Ол сұрақтар қоя отырып, мысалы: сен не салдың. Қандай жақсы доп, осылай етіп тағы да салшы деп баланың бейнені түсінуіне көмектеседі.

Таңертеңгілік гимнастика

Таңертеңгілік гимнастика бала ағзасын белсенді етуге, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға, тұлғаның дұрыс түзулігін қалыптастыруға бағытталады. Оның амалдары: қарапайым түрдегі жаттығулар, су процедурасы, шынығу, массаж. Таңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 2-ден 4 жасқа дейінгі балаларға 5 минөт, 4-тен 5 жасқа дейінгі балаларға 6-8 минөт, 6 жастағы балаларға 8-10 минөтқа созылады. Таңертеңгілік гимнастиканың құрылымы мынандай болуы мүмкін: жүру, жүгіру жаттығулары – қол және иық жаттығулары, кеуде, арқа, іш еттеріне арналған жаттығулар, қысқа жүгіру және ағзаны қалпына келтіретін жүру жаттығулары. Таңертеңгілік гимнастика жаттығулары балаларды жалықтырып жібермеуі үшін 7-10 күнде жаттығулар кешеніне 2-3 жаңа жаттығулар кіргізіп отырған дұрыс болады. 1. Созылу қимылы. Бүкіл денеңізді бір сызықпен түзеп, арқамен жатасыз. Қолыңызды басыңызға салыңыз да созылыңыз, ал аяғыңызды алдыға қарай тартып, өкшеңізді бірге ұстап, бармақтарыңызды өзіңзге қарай тартыңыз. Деміңіз жайлы, еркін болсын (3-4 рет).

2. Құрсақтағы бала қимылы. Арқамен жатып, екі аяғыңды бүгіп ішіңе қарай тартасың, сол кезде не маңдайыңды, не ішегіңді тізеңе тигізесің. Кіндігіңе көңіл аудар. Демің жайлы, еркін болсын. (2-3 рет немесе уақытын созу арқылы 1 рет). Мұндай қимыл аяқ сүйектерінің, іштің, арқаның, бұлшық еттерінің қатаюына, асқазан жұмысын жақсартуға, тұмаумен ауырғанда, үлкен дәрет жүрмегенде жақсы көмектеседі.

3. Өткел қимылы. Арқамен жатып, жерден табаныңды алмай екі аяғыңды бүк. Екі табаныңа, шынтағыңа, желкеңес сүйеніп, ақырын ғана жамбасыңды көтер. Екі қолыңмен денеңді тіреп, омыртқаңды иіп, жамбасыңды одан да жоғары көтер. Назарыңды омыртқаға аудар. Иығың, басың, мойның жерде жатыр (6-8 сек.). Сіздің жасаған өткеліңіз өте мықты, іштің бұлшықеттері қатты. Дем шығарғанда баяу бастапқы қалыпқа келіңіз, бірнеше секундта аяғыңызды созып дем алыңыз. Табаныңыз бен тізеңіз бірге болсын. Өткел қимылы омыртқаның икемділігіне, іштің бұлшық еттерін нығайтуға, ішектегі ауаны тазартуға, белдің ауырғанын, тұмау аурауына жақсы көмектеседі.

4. Бала қимылы. Арқаны түзу ұстап, екі тізені біріктіріп, бақайдың ұшымен отыр, жайлап дем шығарғанда алға қарай иіліп, маңдайыңды еденге тигіз. Алақаныңды жоғары қаратып, екі қолыңды дене бойымен ұста. Екі иығыңды еркін ұста, басыңды тізеңе тигізуге тырыс (10 сек), желкеңе назар аудар. Бұл жаттығу қан айналымын жақсартады, бас ауырғанда, шаршағанда және қан қысымы төмен болғанда жақсы көмектеседі.