- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •1.Балалардың актив және пассив сөздік қорлары
- •2.Жиын.Жиынның бірігуі
- •3.Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •5 Билет
- •1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
- •2.Жапсыруды үйрету барысындағы баланың алатын білімі
- •3.Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі
- •6 Билет
- •1) Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: Құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс.
- •2) Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.
- •1) Көркем әдебиет сбақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
- •2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •1 Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
- •2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
- •3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
- •24 Билет
- •3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.
- •25 Билет
- •1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.
- •3.Музыкалық мерекелер мен ойын сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшінің ынтымақтастығы.
- •26 Билет
- •1.Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің жұмбақтардың,жаңылтпаштардың ,ертегілердің бала дамуындағы рөлі.
- •2.Балаларды үй жануармен таныстыру.
- •3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.
- •27 Билет
- •1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)
- •2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары
- •28 Билет
- •1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
- •29 Билет
- •30 Билет
3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу. Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, асатаяқ, т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.
Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру.
Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды ән айтуға үйрету (қатты-жай). Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.
Музыканың түрлі бөлімдерін атамай ажырата білуін дамыту (басы, қайырмасы, т.б.).
Музыкалық-ырғақтық қимылдар (жаттығулар, ойындар, қол ұстасып шеңберде айтылатын әндер, билер).Музыканың би әуенін сезініп, қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу іскерліктерін дамыту. Ә. Бейсеуов «Қошақаным қайда екен»
29 Билет
Монологтық сөйлеуге үйретудің жолдары
Монолог сөзге балаларды жүйелі үйретуді шамамен 5 жастан бастайдыБірақ мұған әзірлік екі жастан, оларға тақпақ оқып,оны жаттатқан кезден бері жүргізіледі. Ал төрт жасар балаларға баяндау және суреттеу моноллогтарына жаттықтыруға, ал жетіге аяқ басқанда –қысқа бір-екі сөйлемдік әңгімеге үйретуге болады.
Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістері-қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Балалар монолог текстерін ойдан шығарып айтады.
Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің әдңстерін меңгеру үшін тәрбиеші:
1. Балаларды тыңдауға
2. Оларға ойдан шығаруға, қайталап айтуға,әңгімелесуге көмектесуге міндетті.
Орташа топтағы, ересекжәне дайындық топтарынмонолог сөйлеуге үйрету жұмысының айырмашылығы-текстің көлемімен оның мазмұнының күрделілігіне байланысты (балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында)
Қай жастағы топтарда болсын монолог сөйлеуге үйретудің негізгі тәсілі ауызша айту үлгісіне сүйену болып табылады.
Қосымша тәсілдер-нақтылы заттарды тірек ет,суреттерге сүйену.
2.Балаларға көркем шығармалардың текстерін қайталап айтуға көмектесуәр түрлі сұрақтар қою арқылы ауызша айту тәсілімен іске асырылады.
Монолог тексін қайталап айтуға көмектесетін сұрақтар мынадай типтерге бөлінеді:
1.бәрі қосылып қайталауға бағыттаушы сұрақ
2.есіне түсіретін сұрақ
3. жетекші сұрақ
4.тікелей сұрақ
5.тікелей сұрақтардың тізбегі (жоспар)
6. барлаушы сұрақтар
7. сұрақ, нұсқауБалалларға қайталап айтқызудан бұрын тиісті текісті сөзсізоқып беру керек.
Бейнелеу өнерінің түрлері, олардың мазмұны мен міндеттері
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді. Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» – француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді. Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер). Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі. XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік. Айвазовский жұмыстарында теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген. Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді. Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.
Ерте балалық шақ балаларының сенсорлық қабілетін дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындар
Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау», «Ауа шарлары», «Қуыршақтарға моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.
Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.
Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы көбдиша», «Шарлар», «Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.
Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.
Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).
Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.
Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.
Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.
Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.
Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.
Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын атқарады. Бірнеше студенттің ішінде белгі иіс сезу орталығынан, эмоциямен басқарылатын мидың белгілі-бір бөлігіне беріледі.
Осыған байланысты баланың көңіл күйіне әсер етуге болады; яғни сергітуге немесе тыныштандыруға болады және т.б.
Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.
Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек, қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.
Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет», «Затты сипатта» және т.б.
В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады
