Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

28 Билет

1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі

Балалар кітап қалай дүниеге келеді, ол оқырманға жету үшін қаншама адамдар еңбектене ететіні жөнінде тереңірек білім алады. Сондай – ақ, тәрбиеші иллюстрацияларды көрсете отырып, жазушылар мен суретшілер, арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды басып және оларды қатты мұқабалармен қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде әңгімелейді. Кітаптарды жасау процесімен танысқаннан кейін, балалр кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың еңбегі екендігін түсіне бастайды.Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте ұнайды. Тәрбиеші балалардың көңілін бұнда әр түрлі қызықты кітаптардың көптігіне, оларды үйге алып оқуына болатынына көңіл аударады. Сондай – ақ, балалардың көркем шығармаларды жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені оны басқа балалар да пайдалана алатындай етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап көрсетті.Балабақшадағы мектепалды даярлық тобында кітаптар мүйісін ұйымдастырудың да маңызы ерекше екендігіне көңіл бөлінеді. Мұнда мынандай кітаптар орналасады: «Балбөбек» бағдарламасында көрсетілген кітаптар; Мазмұнды ертегілер, әдеби шығармалар, мультфильмдердің тақырыптарына байланысты суреттер жинағы;Балалардың тілін дамытатын ойындар: «Ертегіні аяқта», «Кейіпкерді таны», «Суреттерді лайықтап жина»;Жазушылар мен ақындардың суреттері; Сүйікті шығармалар мазмұнынан сәйкес балалардың салған суреттері; Тәрбиеші балалармен әңгімелерді иллюстрациялар көрсету, қайталап оқу, ойын – драматизациялар ұйымдастырумен үйлестірген жөн. бұрынғы оқылған кітаптарға қайтып оралған пайдалы, себебі балар жасы өскен сайын оларды өзгеше қабылдап, саналы түсінеді. Кітаптардағы кейіпкерлер балалардың суреттерінде, илеулерінде жанданады. Жақсы суреттерден альбомдар жасап, кітап мүйісінде «қол өнері» көрмесін жасаудың білімдік, тәрбиелік, эстетикалық мәні бар. Жоғарыда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде балалардың «кітапхана» сюжеттік – рөлдік ойынына қызығушылығы артады. Кітапханашы ролі кітаптардың мазмұнын, авторларын жақсы білетін, қызықты кітапты таңдай алатын балаға жүктеледі. Сонымен қатар, балалар арасында «Кейіпкерді таны», «Досыңды тап», «Авторы кім?» дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеуде топта кітап жөнінде шеберханаларының үлкен мәні бар. Қажетті материалдарды (қағаздар – қалыңдығына, түріне, түсіне қарай; желім) балалар өздері даярлайды. Біріккен еңбек барысында кітаптардың мазмұнын еске түсіріп, кейіпкерлері туралы пікір алысады. 2.М.ж.д балаларға заттың ені,ұзындығы,биіктігі бойынша салыстыру әдістемесі

Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып, анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, («Жасыл қарындаш – ең биігі, қызыл – аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету. Шартты өлшеммен өлшеуде заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту. Балаларға ені, ұзындығы, биіктігі тең заттармен таныстырып, оларға «ұзындығы бойынша тең (бірдей)», «ендері тең (бірдей)» деген сөздермен қолдануды үйрету қажет болады.Ол үшін «Ұзындығы (ені) дәл осындай қарындашты тап» деген сияқты ойындарды ойнатуға болады. Егер балалар: «Қарындаштар бірдей», - десе, онда тәрбиеші «Иә, олар ұзындығы (ені) бойынша тең» деп түзетіп отырады.  Сәбилер тобында сабақтан тыс уақытта әр түрлі дидактикалық ойыншықтармен (шарлар, үйшіктер, қораптар т.б.) ойындар ойнатылады. Алдымен балаларға 3 – 4 заттан тұратын ойыншықтар берілсе, кейін олардың саны 5 – 6 –ға жетеді.Бұл ойынның маңыздылығы зор.Себебі, балалар үйлердің шатырларын сәйкестендіріп қояды немесе өсу не кему реті бойынша реттеп қояды және т.б.Сондықтан да жұп ойыншықтардың болғандығы балалар үшін өте маңызды.