Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

27 Билет

1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары

Сан және санау

10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден – затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа тең алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке»).

Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

3.Балабақшада мүсіндеу оқу әрекетің ұйымдастыруда тәрбиешінің басшылық рөлі.Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс.  Талқылауға тәрбиеші бағыт беріп отырады. Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды деп айтып қоймай, гүлдер алқызыл, жапырақтары ұзыншақ жасыл, сабақтары сәл иіліп тұрғандай деп сипаттама береді. Екінші кішкентайлар тобында саусақпен салу әдісін қолданбаған жөн. Өйткені балалар бояуға қызығып оны ауыздарына салуы мүмкін. Тәрбиешінің дауысы жайлы, құлаққа жағымды естілуі керек. Балалардың жұмыс нәтижелерін ата - аналармен бірге қарап, талқыласа, бала өзіне назар аударғанын сезіп, өз бетімен жұмыс істеуге деген талпынысы күшейе түседі. Балалардың сурет көрмесін балабақшада жиірек ұйымдастыру керек. Әр балаға жеке жұмыс папкасын ашып, баланың еңбектерін түгелдей жинақтап отыру қажет. Бұл баланың жұмысының нәтижесі мен жеткен жетістіктері, алда қандай бағытта жұмыс істеу керектігінің көрсеткіші болып табылады. Оны баланың ата - анасымен талқылаған жөн.