Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

2.Балаларды үй жануармен таныстыру.

1 жасқа толғанға дейін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі – жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объетіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. /сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы/.1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді. Ал, 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс. Сабақты жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді.

Мысалы: «Мысықпен таныстыру»

Объектіні көрсеткен кезде атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объектіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады.

Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит және күшіктер» және т.б.

Мысал: «Тауықтарға бақылау»

«Қандай тауық?»

«Балапандар қандай?»

«Тауық балапандарын қалай шақырады?»

«Балапандар қалай шиқылдайды?»

Әңгіме барысында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады.

Ересектер тобы. Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып, дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.

3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.

Ойыншық аспаптардың түрлеріне ұрмалы,үрмелі сылдырмақ,қоңырау,барабан,гитара және тағы сл сияқты аспаптар жатады.Осы ойыншық аспаптарды қолданыу балабақша баласының бірінші сәбилер тобында басталады.Балалардың ойыншық ұстап көру арқылы,балаға аспаптар жайлы түсінік беру.СЫЛДЫРМАҚ - қозғалған сайын сыңғырлаған дыбыс шығаратын шар тәрізді яки сопақша келген металл әшекей. Дыбыс шығару үшін оның ішіне қиыршық тастар салынады. Балалардың музыкалық ой-өрісі мен дене бітіміне, нәзік сезіміне орай қолданылатын сылдырмақ аспабын ертеде жас қыздар мен келіншектер шаңқобыз аспабын ойнағанда қосып қолданатын болған. Оның ел ішінде «күлдіреуікті», «қоңыраулы», «сәлпеншекті» үлгілері бар. Қазіргі кезде сылдырмақ фольклорлық ортада музыкалық мақсат үшін қолданылады.

ҚОҢЫРАУ. 1. Күмістен, мыстан алмұрт, конус тәріздендіріп жасаған, ішінде қозғалған сайын тербеліп дыбыс шығаратын тілі бар, сәндікке көбінесе шашбауға, алқаға, сырғаға, т.б. тағылатын және тұмар ретінде адамға да, малдың мойнына да тағылатын зергерлік бұйым. Қазақта қойдың мойнына тағылған қоңырауды «тоқыр», ал түйенің мойнына тағылатын қаңылтырдан істелген қоңырауды «гак» дейді. Қазақ тұрмысында мал мойнына күміс, жез, қола қоңыраулар тағылған. Тіпті алтынды қоңыраулардың да болғаны байқалады.