Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістеме шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.12 Кб
Скачать

3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.

«Музыканың сүйемелденуімен орындалатын қыймылды ойындар музыканың өзі сияқты естуді, жеңілдікті және қыймылдың икемділігін, музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап бере білушілік қабілетті дамытады»- деп жазған орыс педагогы Е.Н Водовозова.

Музыканың организмге жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген.Бұл жөнінде, есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара байланысына сипаттама бере отырып , И.М. Сеченовта жазған болатын.

25 Билет

1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.

Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде баланың көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түміну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.

Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Балаға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет. Дыбыс саны мен әріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп отыру қажет. Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. «Орынын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Балалар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.

2.Балаларды жиын туралы түсінігін қалыптастыруда тәрбиешінің қолданылатын әдістері.

Жиын — математиканың маңызды ұғымдарының бірі. Жиын немесе жиынтық ұғымы қарапайым математикалық ұғымға жатады. Мысалы Балалар, сендердің сөмкелеріңде не бар екенін көрейік? Онда оқуға қажетті құралдар жиынтығы бар. Аттарын атаңдар. Дәптер, кітап, қалам, қарындаш – бұл элементтер оқуға қажетті құралдар жиыны. Жиынға тағы да басқа мысалдар келтіруге болады Орман – бұл ағаштар жиыны. Кітапхана – бұл кітаптар жиыны.

Жиындарды салсытыру

Жиындар бір – бірімен элементтерінің саны бойынша салыстырылатындықтан, бірдей жиындар ұғымын анықтап алу қажет. Егер жиын элементтерінің саны бірдей болса, онда жиындар бірдей деп аталады. Мұнда «үлкен», «кіші» және «тең» ұғымдары қайталанады. Мысалы, бір қызда бір құшақ гүл болса, ал келесі қызда бірнеше ғана гүл.

Жиын және оларды топтау

Топтау – бұл ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу. Топ – бұл жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Мысалы, Қандай жануарларды білесіңдер және оларды қандай топқа бөлуге болады. Құстарды екі топқа бөлуге болады ұшатын және жүзетін. Ұшатынға – бүркіт, қарға және бұлбұл, ал жұзетінге Аққу, қаз және үйрек.