- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •1.Балалардың актив және пассив сөздік қорлары
- •2.Жиын.Жиынның бірігуі
- •3.Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •5 Билет
- •1.Сахналау әдісі саусақ театры,қуыршақ театры,рөлдік ойындар
- •2.Жапсыруды үйрету барысындағы баланың алатын білімі
- •3.Тәрбиешіге бейнелеу өнері саласындағы білімнің қажеттілігі
- •6 Билет
- •1) Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері: Құрастыру әдісі, еліктеу әдісі, әңгімелеу әдісі, практикалық әдіс.
- •2) Математика оқу әрекетінде ұзындық ұғымын түсіндіру әдістемесі.
- •1) Көркем әдебиет сбақтары, оның мақсаты мен міндеттері, мазмұны.
- •2) Балаларбақшасында балаларға арифметикалық есептер шығаруды үйрету тәсілдері.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •1 Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
- •2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
- •3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
- •24 Билет
- •3. Музыкалық- ырғақтық қыймылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.
- •25 Билет
- •1.Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.
- •3.Музыкалық мерекелер мен ойын сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшінің ынтымақтастығы.
- •26 Билет
- •1.Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдердің жұмбақтардың,жаңылтпаштардың ,ертегілердің бала дамуындағы рөлі.
- •2.Балаларды үй жануармен таныстыру.
- •3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып балалар әнін орындап көрсету.
- •27 Билет
- •1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар)
- •2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары
- •28 Билет
- •1.Кітап бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Кіші топтың репертуарындағы әнге музыкалық-әдістемелік талдау жасап,көрсету.
- •29 Билет
- •30 Билет
23 Билет
1.Балабақшада балалардың экологиялықтүсініктерінің қалыптастырудың маңызы.
Табиғат – органикалық және бейорганикалық дүниелері бар әлем.
Адам өмірінде табиғаттың маңызы зор және сан алуан. Табиғат – адамның материалдық және мәдени игіліктерінің қайнар көзі.
Балаларды табиғатпен таныстыру – олардың дамытудың басты құралдарының бірі. Оның барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғатпен тиісті қарым – қатынас жасауға тәрбиеленеді.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру – оларға заттар, өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың оларға деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын ала көздейді.
2. Математика оқу әрекетінде балаларға өлшем жайлы түсінігін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі 3-7 жасар балалар өздеріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдерін айыра алады.
3-4 жасар бала үлкен допты не болмаса ұзын таяқты әкел дегенді дұрыс түсінеді.Олар бұл сөздерді ашық айтпағанымен, іштей біледі, сондай-ақ ұзындық параметрлердің айырмашылығы жөнінде де түсінігі болады.
И.М Сеченов көрсеткендей – ақ, нәрсенің өлшемдерін қабылдауда нәрсе ұзындығының қандай бір белгісін білдіретін сөздің атқарар рөлі үлкен.Мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлкен-кіші деген сөздер қабылданатын өлшемнің толық анықтамасы болмақ.Нәрсенің ұзындығы не ені не, биіктігі не, қалыңдығы не өзгере ме немесе бірден бірнеше өлшемі өзгере ме – бұлардың барлығы да балалар үлкен-кіші, артық-кем деп қана түсінеді.
Алайда өлшемнің қай түрінің болмасын дәл атауын (қзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа т.б)айта білмесе де мектеп жасына дейінгі балалар оларлы іс жүзінде көрсете алады.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары.Музыка сабағын жоспарлау.
Музыклық сабақтар – балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, жетілдірудің негізгі формасы – ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік теріне қарай жасалған бағдарламаларға негізделген.
3-7 жас аралығындағы балаларда оқу іс-әрекеттерді оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және оларға мыналар қамтылған:
Музыкалық тәрбиенің міндеттері;
Музыкалық қызметтің жеклеген түрлері: музыка тыңдау, ән айту, балалардың музыкалық аспаптарда музыкалық – ырғақ қыймылдарын келтіру және ойнау;
Музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша бірінші сәбилер тобынан басқаларға әр тоқсанға бөлінген репертуар.
Жоспарлау – педагогикалық процестерді ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі.
Музыкалық қызметтің сан алуан түрін жоспарлағанда олардың міндеттері айқындалады. Мысалы: ересек топтарда мынадай міндеттер жүргізіледі: ән айту – ән үйрену процесінде вокалдық әдеттерді меңгеру, әншілік дауысты, есту қабілетін, нота сауатымен таныстыруға дайындайтын жаттығулар жасау т.б.
Күнтізбелік жоспар: Өткізілетін сабақтардың талаптарын, репертуарды және мейлінше мәнді методикалық тәсілдерді қамтиды.Жоспар 1-2 аптаға, былайша айтқанда 2 немесе 4 сабақты қамтыйтындай етіп жасалынады.Сабақтар оқу материалының қажетті көлемін, қызметтің сан алуантүрін қамтыйтыны жоспарда ашып көрсетілгені жөн.
